Сұрақ-Жауап сайтындағы сұрақтар мен жауаптарға қысқаша шолу. №1

Сұрақ-Жауап сайты /
Ал құрметті Айтаберліктер өзімнің көптен бері ойымда жүрген Сұрақ-Жауап сайтында қойылып жатқан сұрақтарға аздап-аздап шолу жасап отсам деген ойым бар еді. Сол ойымды іске асыру үшін алғашқы №1 шолуымды бастағалы тұрмын. Сіздерге танымдық, әрі пайдалы мақала болады деген ойдамын!

Кука атты сайтымыздың қолданушысы Жөтелден қалай арылуға болады? атты сұрақ қойған екен. Бұл сұраққа Мөлдір Жақсы Жауап берген екен. Себебі Мөлдір нақты ақпарат көзіне сілтемені ұсыныпты. Қазіргі көктем кезінде суықтап қалу, жөтелу болып жатады. Сұраққа сайтымыздың қолданушыларының басқа да кеңестері берілген екен. Ауырмайтын жол іздейік! :)

Келесі сұрақ Досжан атты қолданушыдан. DVD-R дискіні өшіруге келеме? қалай өшіруге болады?. Кей қолданушылар бұл туралы ақпаратты білетін шығар, біреулеріңіз жоқ. Оған сайтымыздың өте белсенді қолданушысы Рысбек толыққанды жауап берген екен. Осыған ұқсас мындай сұрақ бар екен сайтымызда. Толықтай сұрақтарды көрем десеңіз іздеу мүмкіншілігі сізге көмекке келуге әзір.

Сағыныш караокены компьютерге жүктеп алудың жолын іздеп сайтқа сұрақ қойған екен.:) Рысбек Жақсы жауап берген екен. Бірақ кей қолданушыларға оның жазып өткен бағыты дұрыс болғанымен, түсініп кету қиынға соғады. Сондықтан мына сұраққа жауап берілгендей суретпен толыққанды етіп жауап берілсе өте Жақсы жауапқа тұрарлық жауап.

Мен үшін өте қатты ұнайтын сұрақ пен жауап осы шығар. Алдын былай сұрақ қойғаным бар еді: Неге флешканың сыртында 1 Гб деп жазылғанмен, ішінде 950-дей мегабайт болады деп. 1 гб = 1024 mb? Оған Navigator атты қолданушымыз есептеп толық әрі нақты жауап берген болатын. Өте жақсы жауап. Енді осы сұрақты оқыған қолданушы неге 1 Гб флешканың ішінде 956 мб болатынын неге 1024 мб емес екендігін біліп жүреді деген ойдамын.

p.s. Бұл әзірге алғашқы Бета мақалам. :) Қалай болады екен деп отырмын. Өздеріңіздің ойларыңызды, пікірлеріңізді айта кетсеңіздер. Қалай шолу жасаған дұрыс. Мен әр санында 10 сұрақтан жазып тұрсам деп едім, бірақ алғашқысы болғандықтан 3-4-еуіне тоқталдым.

7 пікір

Manas
Өте жақсы шолу жасапсыз! Менде осы 1 мб та 950 мб болатыннын түсінбей жүр едім.
qyrmyzy
бастамаң жақсы!
pari
жақсы шолу болған сияқтыы
pari
жалпы қысқаша болды, алға қарай 10 нан болса жақсы болады)))
Arhun
Тамаша идея! Алға!
kuka097
Жарайсыз! Жақсы шолу, бірақ қысқа болмаса… Келесіде он жиырмалап күтеміз!
Moldir_96
Жақсы бастама! Жарайсыз! СЖ сайтына жаңадан тіркелген қолданушыларға бағыт-бағдар береді. Тамаша идея!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.