Ақпараттық-танымдық журнал

Сұрақ-Жауап сайты /
ақпарат сұрақ, ақпарат, танымдық, таным
Сұрақ-Жауап сайтын үлкен бір ақпарат көзін ұсына алатын ақпараттық-танымдық портал ету жоспары саты-сатымен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда өзінің оқырмандары мен қолданушыларын жинап үлгерген Сұрақ-Жауап сайтының аясын кеңейту мақсатында сайтқа қолдан келгенше қосымша мүмкіншіліктер мен қосымшалар қосып жатырмыз. Соның бір бөлігі Сұрақ-Жауап сайтындағы ақпараттың негізінде Ақпараттық-Танымдық Журнал ашу болып табылады. Әзірге қандай ат қоятынымыз белгісіз болып тұр. Жақын арада аты белгілі болып қалар, өзгермейтіні анық ол Ақпараттық-Танымдық болатындығы.
Жақын күндері іске қостық, әлі қосымша өзгертулер қосылатын болады, негізгі қаңқасы осындай түрде болмақ.
Сұрақ-Жауап сайтындағы осы уақытқа дейінгі алынған 36 мың сұрақ пен 90 мың жауаптың ішінен пайдалы деген ақпараттарды іріктеп мақала ретінде жариялап отырамыз. Әзірге мақаланың мәтіні де қалай болатындығы бір ретке келмегендіктен алда олқылықтар болуы мүмкін. Бірте-бірте бір жобаға келер деген ойдамын.
Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылар базасы мен қазіргі қосымша Wordpress CMS негізінде жасалған Ақпараттық-Танымдық журналды біріктіру мен үшін қиын шаруа екен. Бірақ теория жүзінде асыруға болады. Алдағы уақыттың еншісінде, әзірге қолдан келгенін іске асырып жатырмыз. Әзірге сайтқа кіріп еркін тіркеусіз пікірлеріңізді қалдырып мақаланың астындағы Бөлісу батырмаларын шерту арқылы достарыңызбен бөлісе отырсаңыздар. Рахмет!
Сіздердің ойларыңызды білгім келеді, сайттан қандай тақырыптағы сұрақтарға басымдылық беріп Журналда жазба ретінде шығарып отырайық. Журналдың атын да ойластырып көрсеңіздер болады, мүмкін сіз ұсынған ат Ақпараттық-Танымдық Журналдың аты болып қалуы ғажап емес. :)

Журнал беті: http://surak-zhauap.kz/journal/

14 пікір

Jako
Ниетіңе жетуіңе тілектеспін.
yerbol89
Рахмет үлкен үлкен. Сол жақа да кіріп пайдалы мақалалармен сусындап отырсаңыздар болады. Әзірге концепциясын сәл ойластырудамыз. Сапалы өнім болмақ.
Dan4ik
оооо Ереке керемееееет ал енді ниетіңе жееет
Aknyet99
Ербол неғой, алдында СЖ жарысқа қатыстығой, мен фейзбук арқылы дауыс беріп едім)))Содан СЖ нешінші орын алды?
yerbol89
Авард 2012 сайысы ғой. Келесі айдың аяғына қарай белгілі болып қалады.
qyrmyzy
Меніңше, онлайн журнал сияқты (ит-тірлік сияқты) жасау керек! Оқығанға қызық. Сосын тек сұрақ жауапқа қатысты емес, сол сұрақ бойынша толық ақпарат берілу керек сияқты, сәттілік!
yerbol89
Сұрақ-Жауапта қойылған маңызды деген сұрақты таңдап алып оған толыққанды нақты жауап беретін Журнал еткізетін шыгармыз. Яғни сен айтпақшы бір сұрақ туралы толық ақпарат беретін сайт қыламыз. Ал Ай-тірлік секілді еткеннен түк пайда жоқ. Қайта ондай қылатын болсақ зиян. Ол журнал офлайнды бағыт алады, ал біздікі онлайн. Яғни ол жерде флеш түрінде кеткендіктен ішіндегі ақпараттар іздеу сайттарымен индексация болмайды. Индексация болмағандықтан қаншама құнды ақпарат іздеу сайттарынан шықпай қалады. Одан да жазбалы түрде болғаны дұрыс.
Kan
Толықтай келісем, барымша қолдаймын өте тиімді іс деп білемін. Меніңше онлайн түрінде қалғаны дұрыс әрі маңызды. «Ақпараттық-танымдық журналы деген атауда сай „ерікті ақпартар журналы деген болмайма жай өз ойым.
Бізден басқалай көмек қажет болса әзірміз. Қызу қолдауға әзірміз
ereke_enu
Жақсы идея. Екеуінде бір база болады ма әлде копирайт па? Осы сайттың сүрақ-жауаптан қандай айырмашылығы бар? Тек қаймақтарын теріп алғандығында ма?
yerbol89
Сұрақ-Жауаптағы жауаптардың негізінде болады. Бірақ негіз сол жақтан болғанымен контенттің жоө дегенде 50 пайызы өзіміз жазамыз. Жақсы жауаптан мәтінді негізге ала отырып тоолықтырып сапалы ақпарат жазамыз. Сосын сайттағы сұрақтарды іріктеп алып соған жауап жазып, жауаптың біршама бөлігін жауап ретінде жазып толықырақ жауап туралы сілтемені мақалаға сілтеп отыруымыз да мүмкін. Әлі толық белгілі болмай жатыр, әлі де концепциясын ойластырып жатырмыз қалай болатындығын ойластырып.
Бір шетінен СЖ сайтынан алынған сапалы ақпараттар бөлімі болатын шығар.
Jako
Жақсы жауаптан мәтінді негізге ала отырып тоолықтырып сапалы ақпарат жазамыз.


Бұл біреудіғң жауабын иемдену(егелену) сияқты болмайма?
mairosh
Керемет болатын болды((:
followme_alik
Қазіргі сайт тыныштығы уақытша деп тілейік. Бастама сәтті.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.