"Сұрақ-жауап сайты" жайлы өз айтарым

Сұрақ-Жауап сайты /
Сұрақ-жауап сайтына өз ісінің мамандары тартылуы тиіс деп ойлаймын.Сосын, сұрақтардың сапасы жоғарылағаны дұрыс болар еді.Біздің оқушылар, студенттер көбісі өз тілінде сауатсыз,қалай болса солай жазады екен.Қолданушылар сұрақ қойғанда, жауап жазғанда барынша сыпайы болып, көмек қолын созуға тырысса.Сайттың жарнамасын мықтылап жасау керек тәрізді. Неше түрлі түрде жарнаманы бұрқырату керек.Визитка болсын, календарь түріндегі визитка болсын, ішіне неше түрлі қызықтыратын сөздер жазған дұрыс болар.Мысалы, визитканың сыртына қазақша интернеттің дамуына сен де өз үлесіңді қос деен сияқты.Сосын, Ерболға ұсыныс: сайт қолданушыларының барлығына хат жіберілсе, осы сайтқа кіріп жауап жазуды ұмытпаңыз деген секілді.
Мен сұрақ-жауап сайтында өз маманының иелері көптеп белсенді болғанын қалар едім.Әрине, олай болып та жүр.Қазіргі жағдайына да шүкір.Жақсы.Бірталай белсенді қолданушылар жиналып қалды.Көп адамның ой-пікірлерін ұштастырып отыр… деп жазсам, дұрыс па?
Қысқасы, бұл постты айтқым келген соң айттым.

3 пікір

AiEcPi
Ия, сен де өз үлесіңді қос, бірақ бұларды жасау оңайма?!!!5,264 қолданушының көңілін тауып көрші, айту оңай, жасау қиын деген бар, біраз шыдамды болайық, барлығы да болады, барлығын Ербол Серікбайдың басына артып тастамайық!!! АЛҒА!!!
Turekhan
Сайттарға да жарнама баннері ма сондай болса…
mairosh
Сізбен тиолықтай қосылам. Бірақ қайсының аузына қақпақ қоясыз. Сауатсыз, қалай болса солай жазатындарға белгілі бір жаза не ескерту қолдану керек. Сонда тоқталар. Ал сайтқа жарнама ол сол қолданушылардың үлесіне берсе. Мысалы визитканы ар адам көшірме қылып алып тарару сияқты. AiEcPi дұрыс айтат Ерболға бәрін ысырғанша модератор редактор мамандарғада тапсырма берсе. деген ойым ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.