Сұрақ-Жауап сайты

Сұрақ-Жауап сайты /
Сұрақ және жауап сайты — сұрақ қойып, жауап алатын қазақша веб-сервистік сайт. Сайттың жұмыс істеу принципінің бір ерекшелігі — бұл жерде қойылған сұрақтарға компьютер емес, шынайы адамдардан, яғни қарапайым қолданушылардан жауап алуға болатындығында. Қолданушылар қалаған сұрағын қояды, жауап та береді немесе берілген жауапқа байланысты өз ойын білдіре алады. Сайт негізін қалаушы және сонымен қатар сайт әкімшісі Ербол Серікбай.

Zero.kz сайтының мәліметі бойынша сайтқа күніне 13000-ға жуық интернет қолданушылары кіреді.

2010 жылы қазан айының 10 күні сайт өз жұмысын бастады. Сайт негізін қалаушы Ербол Серікбай «Нұр Астана» республикалық жастар апталығына берген сұхбатында былай деген болатын:
«Бір күні ақпарат іздеп mail.ru-дың жауап бөліміне кірдім. Бір қарындасымыз сұрақ қойған екен. Орыс тілінде қойылған сұрақтарға жауап бар да, ал қазақша қойылғаны жетімнің күйін кешіпті. Осы келеңсіздікті көргенде басыма «неге таза қазақ тілінде сұрақ-жауап сайтын ашпасқа» деген ой келді.»

Сайт ең алғашында жұмысын 15-20 қолданушымен бастап, 2014 жылдың 1 қаңтарының 00:00 уақытындағы дерек бойынша 28273 қолданушыға жетті. Сонымен бірге сайтта осы уақытқа дейін 28273 қолданушыдан 69202 сұрақ қойылып, 168999 жауап, 102580 пікір алынды.

Сұрақ қоюға немесе жауап беруге стимул болу үшін сайтта балл жинау және жиналған балына қарай атақ-дәреже беру жүйесі қалыптасқан. Тек тіркелген қолданушылар ғана сұрақ қойып, жауап беруге және жоғары немесе төмен дауыс беруге құқығы бар. Сұрақ қоюшы сұрағына жауаптар алып қана қоймай алынған жауаптар арасынан жақсы жауапты таңдай алады.

Сын
1.Сұрақ және жауаптың тіркелген бетте ақпарат алмасу мүмкіндігі зор.

2.Қойылған сұрақ жоғарғы дәрежедегі қолданушыларментексеріліп отырылады.

3.Таза қазақ тілінде жазылған.

4.Қолданушылардың көптігінің арқасында жауапты тез алу мүмкіндігі.

Теріс жақтары: мағынасыз сұрақтар қойылып немесе мәнсіз, адасқан жауаптардың алынуы.Сайтта кей кездері қолданушылар санының артуына байланысты техникалық ақаулықтардың туындауы. Сондай-ақ сайтқа бірнеше мәрте электронды поштаны міндетті түрде растамай-ақ сайтқа тіркеле алу мүмкіндігі. Сайтқа жарияланған сұрақ болсын, жауап болсын, мейлі пікір болсын алдын ала модерациядан өтпейді. Мұның бәрі спамдарға, флудтауға және троллиннгке әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

СЖ сайтының теріс жақтары, яғни жаман, осалдау тұстары толық зерттелмеген, мүмкін сіз айтарсыз?

3 пікір

samarhan
Бізде www.tintkz.com төтеше қазақ тілындегы сұрақ жауаптарды іздей алады! Бұл сайыты көп естып жұрмын ашып көрмедым… Мына мазмұнды көрген соң таңғалып отырмын! Сонда бұл сайтың торап әдырсі?
Yerasyl19
Сайт жақсы.Кемшіліктері жоқ.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.