Девальвация банк клиенттеріне қалай әсер етеді?

Сұрақ-Жауап сайты /
Кеше болған девальвацияға байланысты банк клиенттері хабарласып, олардың несиесі мен депозиттеріне қалай әсер ететіні туралы сұрап жатыр.
Бұл салымшылар үшін қандай әсері бар?
kaspi bank депозит бойынша операцияларды әдеттегі режимде орындауда. Егер сіз депозит ашып, толтырып немесе басқа валютаға ауыстырғыңыз келсе, әдеттегідей айырбастау курсының қазіргі бағамы бойынша жүзеге асыра аласыз. Яғни, девальвацияға байланысты банктің депозит қоржынында өзгеріс жоқ.
Ұлттық банк айырбастау курсы бойынша 185-188 теңге көлемінде болуы керектігі туралы ұсыныс берді және банк осы бағамды ұстанады.
Жалпы, біз барлық салымшыларымызға әрқашан өз салымдарын теңдей бөліп түрлі валютада: теңге, доллар, еурода сақтауға кеңес береміз. Бұл валюталық толқулар кезінде сіздің салымыңыздың өзгермеуіне кепілдік береді.
kaspi bank’те тұтынушылық несиесі бар клиенттер үшін қандай әсері бар?
kaspi клиенттеріне теңге бойынша несие береді. Бұл арқылы клиенттерімізді валюталық тәуекелдерден сақтандырамыз. Девальвацияның нәтижесі бойынша теңгелік несиелерде ай сайынғы төлем ұлғайтылмайды. Егер сіз ай сайын 15 мың теңге төлеп келсеңіз, осы соманы ары қарай да өзгеріссіз төлей бересіз.
Kaspi bank бұрынғы қалыпта несие беруін жалғастырады және банк бөлімшелерінде несие бойынша өтініштер қабылдануда.
Ал, банктің несиелік бағдарламалары бойынша серіктестері тауарлық желі және автодилерлер өз тауарларын қайта бағамдауды жүргізуде. Олардағы баға саясатына банктің еш қатысы жоқ. Сұрақтарыңыз болса, осы жерге пікір ретінде қалдырсаңыздар болады.

1 пікір

Kan
теңгелей алғандарға несиені еш қауыпы болмас енді. әрі келісім шартта да көрсетілген ғой. Ал егер депозит салымшылары үшін қаншалықты тиімсіз?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.