«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жасотандықтар ҰОС ардагерлеріне барып үй шаруасына көмек көрсетті.

Сұрақ-Жауап сайты /

2014 жылдың 16 қаңтар күні «Жас Отан» жастар қанатының Мақтарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында жасотандықтардан құралған еріктілер топтары ауданда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне үйлеріне барып, үй шаруасында көмек көрсетіп, Батыр аталарының өсиетін тыңдап қайтты.
«Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасының негізгі мақсаттарының бірі – Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жауынгерлік және еңбектегі жеңістерін қазақстандықтардың мақтаныш сезімін қалыптастыру болып табылады.
Жасотандықтардан құрылған еріктілер топтары Жетісай қаласында тұратын Ұлы Отан Соғысы ардагерлері Айдарбеков Муслим, Мамадалиев Налібай батыр аталарының және Мырзакент кентінде тұратында Абдраймов Адиш, Тамбетов Аппоз аталарының үйлеріне
барып қайтты.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.