Бұл не заман, ағайын?!
Баршаның басын ауыртып, балтырын сыздатқан «ОЙЫНҚҰМАРЛЫҚ» жайында айтпақпын. Бүгін бір таныс қызымды кездестіріп қалдым, өңі қашып кеткен, сұрай келе қаланың бар жерінен жолдасын іздеп жүргенін білдім. Байғұс жігіт құмар ойындар ордасына барып жүріп, былыққа белшесінен батқан. Ол аздай айы-күні толып отырған келіншегін тағдыр талқысына тастап, үйден безіп кеткен, балаға, пәтерге жиналып жатқан қомақты ақшаны талан-таражға салып, астындағы көлігін сатқан, үйдегі әйелінің бар жиған-тергенін жымқырған. Қазынаның қайда кеткенін сезесіздер ғой? Сөйтіп, бір үйдің тірегі болып отырған азамат аз уақытта көше кезбесі болып шыға келген. Байғұс келіншек жылайды, қолынан келер қайраны жоқ. Адам болар, қалай ойлайсың?- деп үмітін үзгісі жоқ бейбақтың. «Шырылдатпаңдаршы аналарың мен құдай қосқан қосақтарыңды, ер-азаматтар»,-деп күллі әлемге естірте айғайлағым келіп кетті.
5 пікір
Құмар ойындар керек емес нәрсе, бір ұтарсың, бірақ қайта шыға бермейді.
Кеттіғой біраз ақшамыз футболға ставка қойып