Қытырлақ вафли

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлеметсіздерме! Көптен бері пост жазбай кетіп едім, бугін еріншектікті былай ысырып тастап, қытырлақ вафли пісірдім.Айтпақшы, әрең дегенде анам миксер мен вафельница алып берді(бұрын қасықпен араластырып, қолым талып қалатын), мәзбін.Енді алып берген соң, еңбегімді сіңірейін деп, бүугін түсте вафли пісірдім.Сіздермен бөлісе отырайын.
Керекті нәрселер:
5 жұмыртқа
1 стакан ұн(егер жұмсақтау болсын десеңіз 1,5-2 стакан)
1 стакан қант
200 грамм маргарин
3грамм ванилин ұнтағы

Ал, іске кірісеміз.
1. Алдымен ыдысқа 5 жұмыртқаны жарып аламыз

2. Жұмыртқамен қантты араластырамыз, 2ші суреттегідей көпіру қажет


3. Сосын, маргарин қосып, жақсылап араластырамыз

4. Оның үстіне ұн мен ванилин ұнтағын қосып араластырамыз

5. Бәрі араластырғаннан кейін, мынадай болуы тиіс

6. Вафельницаны қыздырып, үлкен ас қасықпен салып отырамыз

Әр қытырласқтың пісу уақыты алғашында 1,5 минут, қатты қызған соң 1минутта піседі.
Ескерту: қытырлақты вафельницадан алған бойда, формаға келтіріп орау қажет, болмаса қатып қалады да оралмайды
Астарыңыз дәмді болсын!

17 пікір

Korkem
Вай, жаным-ау, мына постты тез «Асыңыз дәмді болсын!» блогына ауыстыра қой. Сосын оқиын)))
ardak1996
ой ой солай екенғой, рахмет!
Korkem
ооо Аллаһым қолыңа дерт бермесін! Маддиссің ғой)))) Істегенің де тәтті, өзіңде тәттісің)))
ardak1996
рахмеееет)))) Мәз болып қалдым!
Ais_97
Ардақ жарайсың,қолың дерт көрмесін, осы тағамдарды Көркем жазушы еді көп етіп, сен де блог жазбаларыңды жақсы етіп дайындай бер, көп-көп рахмет, маған осы блогың қатты ұнады!+1 дауыс бердім
ardak1996
Рахмет сіңлім! Ұнаса, үйіңде істеп көргейсің!
qyrmyzy
Алтын қыз ғой!Сені жұмысқа қабылдаймын. Келісесің бе?
ardak1996
Рахмет) қандай жұмыс?
qyrmyzy
жекеге жазам
akil_kalta01
Ваплиің керемет шығыпты! Дәмін қалай татсақ болады? :)))
ardak1996
Рахмет! Ендеше ауыз тие отырыңыз (смайлик қалай қоятынын білмеген жаман екен)
Korkem
Осындағы кез келген смайликті тауып ал да үстін бір басып қал, шығады)))
AKA
Ризамын, алтынсың ғой!
ardak1996
оо рахмет) мәз болып қалдым!
bravo
атын қатырыпсыз бірақ "ҚЫТыРЛАҚ ВАФЛИ" :) Тура балғын бала күндегідей))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.