Төстік

Асыңыз дәмді болсын! /
Өткенде қарынбүрме туралы жазып едім, енді сол қарынбүрмеміз піскенше тез дайындап жіберетін тіскебасар (закуска) орнына пайдаланатын бір тағам түрін айта кетейін.
Бұл тағамның атын ТӨСТІК деп атайды. Қой сойып жатқанда төсінің үстінен төс майынан қосыңқырап бір жапырақ терісін бөлек сыпырып алады да, жүнін қырықтық қайшымен тықырлап қырады. Төстікті ішкі жағынан тілікшелер жасап тұздап, бұрыштайды да, тері жағынан шоққа қақтайды. Сексеуіл шоғы жақсы болады. Ауық-ауық теріні пышақпен тазалап отырады. Піскен соң ұсақтап сірке суын сеуіп пайдаланады. Төстік негізінен тек қана қой малынан дайындалады, тәтті, дәмді, тез пісетін астың бір түрі.

20 пікір

MSHERIMBEK
Еее, әкелер жасаушы еді:) Дәмді болады:)
Delfina
Осы төстікті жақында ғана жедім, керемет. Үлкен кісілер қой сойып болған соң, өздеріне тіске басар қылып жатыр екен. Барып жеп қайттым, күшті екен.
Jako
Дельфуша, төстік деген итермесі ғой, басқасы болды ма?
KILYZAMAN
Жәке, байқаймын әгәрәки басымыз қосыла қалса асқазан мейрамы болатын сияқты ;-) (Қарынбүрме, төстік) Жа(л? у?)бүйрек жайлы да жазып жіберші. Білетін сияқтысың
Jako
Секе, оған сөз бар ма?
KILYZAMAN
:-)
Жаубүйрек— ұлттық тағамның бір түрі. Жаубүйректі малшылар, жолаушылар көп пайдаланады. Қойдың терісін сып ырғай соң құйрық майын білемден кесіп алады. Ішін жарып, өкпе-бауырын суырып алып бауыр мен құйрықты жұқалан жапырақтан, істікке бір май, бір бауыр етіп кезектеп шаншыл, үстіне майда тұз, бұрыш сеуіп отқа қақтал пісіреді. Бауыр қосылған май жүрекке тимейді, әрі бұл аса тоқ болады. Жаубүйректі мал сойған кезде үйде пісіреді. Оны кәдімгі кәуәптың (шашлык) бір түрі деуге болады. Жаубүйректі дайындағанда татымына қарай тұз, бұрыш, жуа, дөңгелектеп туралған пияз қосады. Оны асқан етпен қосып жеуге болады
мына жерден Осы жерде жаужұмыр жайлыда дерек бар екен
Jako
Оо, бұны талай істедік қой, бұд маринават етпей ақ тез дайындап жіберетін шашылағымыз ғой.Бұның бұлай аталатынын білмеппін, рахмет біліп алдым.
KILYZAMAN
оған сөз бар ма?
— сөз жоқ әрине :-)
Jako
Секе, Жаубүйрек деген тағамда осыған ұқсас болса керек, бірақ оны суға емес ыстық құмға пісірсе керек.Негізі аңшылар аңға шыққанда бірінші атқан бөкен, қарақұйрық сияқты жануарлардан жоғарыда айтқандай дайындап, алдын ала сексеуіл жағып қыздырылған құмға көміп үстінен сол сексеуілдің маздаған шоғымен жауып кетеді екен.Сөйтіп аңшылап келгенше ол керемет пісіп дайын болып былқып тұрады екен.Өзім жасап көрмедім.
KILYZAMAN
Тура осылай дегенді менде естіген едім. Ал, ана Уикбибидеядағысы қате болса керек.
Jako
Бірақ ол да тамаша тісбасар.
KILYZAMAN
Солайы солай ғой. Бірақ, ол кәдімгі кәуаптың түрі емеспе?
Jako
Мен де солай ойлаймын.
Zhanat
алғаш рет естуім төстік деген тіске басар барын, жасап көру керек екен
Jako
ӨҺте оңай, тәтті, дәмді нәрнсе,өкінбейсің.
banzaika1990
Қой сойғанда төстің үстінен төс майын сылып алатынын көргенмін, одан «Төстік» жасағанды көрмеппін. Ауылға барғанда аталарымыздан сұрайтын екен.
Zhanat
бізде шығыста жасамайды ау деймин, айтпесе бір естісем керек еді
banzaika1990
солай болу керек, әтпесе қой-қорамен араласып жүріп өскенбіз естісек керек еді
Jako
Оның дәмділігі сондай секндерге жетпеуі мүмкін))))
Zhanat
сонда бәр дәмді оңтүстікте қалып қойған ба біз жақтың орыстарынан қорқып)))))
Jako
Ха-ха, олай емес, әр өлкенің өз кереметтері бар деп ойлаймын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.