Құймақ (эстафетаға қатысы жоқ)

Асыңыз дәмді болсын! /
Салем Айтаберліктер! Тәк… Бүгінгі мәзірде-құймақ. Жасалу жолдары өте оңай әрі дәмді деп қызықтырып қойған ба. Керекті заттар:
1 Сүт 0,5л, қаймақ
2 қант, тұз
3 3-4 жұмыртқа, маргарин
4 және ұн
Жасалу жолдары:
Бисмиллях деп қолды мұқият жуып аламыз (бұл міндетті түрде). Маргаринді ерітіп жылы күйінде үстіне сүт құямыз. Жақсылап араластыра отырып жұмыртқаны содан кейін қант, тұз(қажетіне қарай) саламыз.
Енді ұнды араластыра отырып салу керек (ұн түйіршік болып қалмау керек),

Дайын болғаннан кейін газге тапа қойып жұғынды етіп май құямыз( көп болса онша дәмді болмай қалады шелпекке ұқсап). Одан кейін кезекпен пісіре беруге болады


Дайын болған құймақтың бетіне қаймақ жағып сәндеп дастарқанға қоюға болады

Ас болсын!

23 пікір

Ais_97
Керемет Майрош өзім де құймақты жақсы көретін едім!
mairosh
ық ық ауыз тиіп отыр
өлең қайда?))
mairosh
ық ық қашып жүр ма)))) Шығаралмай жүрм ((
әйтеуір жіберді-ау өлеңді айс))кезек сенікі Майрош))))
qyrmyzy
Ілмектерің өрт! мммм, кеттім, асханаға барып, бірдеңе жеп алмасам....Құймағымның бірдеңесі дұрыс болмайды, әйтеуір, ас содасын қоспайсың ба?
mairosh
мен көбіне ас соданы қоспаймын. дәмін құртып жіберетін сияқты Ас болсын!
qyrmyzy
маған ас содасын қоспасаң, тесік-тесік болмайды дейді, сосын біз айранмен жасаймыз, сенің мәзіріңмен жасап көру керек екен
mairosh
Көбісі ас содасын қоспайды екен ғо. Қате кетті ма деп қорқып жүрсем. Былайда жасаған дәмді
qyrmyzy
Құймақ дайындауға көөөп уақыт кетеді, аяқтан аяқ қалмай, жеген адам соны түсінсе, сезінсе ғой дейсің кейде. Өз басым, тамақ пісірген соң міндетті түрде «рахмет, дәмді бопты» деген сөзді кез келген адамнан күтемін!!!
Ais_97
Рахмет өзіңе де ас болсын Майрошжан!
AKA
Әдемі-ақ сәндепсің! Құймақтың арасына ірімшік пен қойытылған сүтті араластырып қоссаң, уаще тәтті болады. :)
mairosh
Аха рахмет оныда көру керек екен. Ойым кетті )))
pari
ооо тамаша, өткен ғасырда менде құймақ жасап осында салам ба дегенмін, бірақ түсірген суреттер соткадан кетіп қалып қалып қойып едііі
mairosh
өткен ғасырда
???? Құдайым ау ))))
Korkem
ох уақытында келдім))))

ілмек… ілмек… муаххахахахах өртейсің)))) Жарадың)))
mairosh
Ық ық )))) торт((( жеймін.
pari
кідәй-кідәй мына смайлик жанға майдай жағады екен)))
alikona
Ммммммм… дәмдә көрінеді!!! менде үнемі осы құймағым дұрыс шықпайды…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.