Бұршақ сорпасы

Асыңыз дәмді болсын! /
Негізі бұл блогта эстафета болып жатқан сияқты. Мен кезексіз жазып жіберейін…
Бүгінгі ас мәзірінде-бұршақ сорпасы. Ол үшін қажет заттарды дайындап аламыз(көп заттың қажеті жоқ):
1) Бұршақ. Арнайы қораптағы бұршақтың жартысы жетіп қалады, 500гр. шамасында.

2) Картоп — 3-4 дана.

3) Сәбіз — 1 дана жетіп қалады.

4) Жуа(пияз).

5) Болгар бұрышы(1-еу болса да болады, тек дәмін келтіру үшін)

6) Көк жуа.

Бұршақты 8 сағат салқын суға салып қоямыз. Бұл бұршақтың сәл жұмсарып, тез әрі езіліп пісуі үшін қажет.

Сонан соң бұршақты сорпа пісіретін ыдысымызға салып, суымызды құйып, әуелі қатты отта қайнатамыз. Кейін отты жайлатып қоямыз. 3 сағаттай қайнатамыз.
Сонан соң картоп, сәбіз, жуа және болгар бұрыштарын салып жібереміз.

30 минуттай қайнатамыз. Тұзын, бұрышын қалауымызша саламыз! Сонан соң ыдысымызға құйып, көк жуаны саламыз!
Сорпамыз дайын!
Астарыңыз дәмді болсын!

37 пікір

alikona
Сәбіздерін тым ірі емес пе? Бұршақтарын көрінбейді ғой соңғы суреттерінде?
Togzhan
Негізі сорпаға салғанда ірі болғаны жақсы сияқты)) Бұршақ па, көк пияздың арасынан көрінбей қалған ғой…
alikona
просто сен қазір соны ішесін ғой соған көре алмай тұрғаным ғо)))ммм… маги!
Korkem
Ох, міне, ғажап! Қолың дерт көрмесін)))
pari
бұрындары ішкенмін.иә өте дәмді сорпа негізі:)+
AL-ASTER
Ммм…
Togzhan
Ммм… нені білдіреді?
pari
мммм дәмін сондай керемет,-дегенді білдіретін сияқты,өзім тәтті тағам жеп немесе ішсем ммм дәмдісін-ай деймін жалпы:)))
Togzhan
Түсінікті болды, рахмет…
akil_kalta01
Togzhan (математик қыз:)) бұршақ сорпаң керемет шыққан сияқты. Студент кезімізде көп жасушы едік. Бір-екі қасығын мониторға жақындатып жіберсең дәмін татсақ. :))
Togzhan
Қасығымен қоса қойып едім, ол сурет басты суретке кетіп қалған-ау шамасы)))
mairosh
Бұршақты неше сағат қайнатсамда жұмсармайды осы. Сүйтсеееем мен мұздай суға не бәрі 1 сағат қойғаным үшін шығар)) Қайталап көру керек екен)
qyrmyzy
мяяя, ұзақ уақыт піседі екен ғой(((( шыдамдылық керек десеңші! Пияз жемейді екем тірідей:). Жарайсың!
Chimaq
Жасап көреиін....)))
Korkem
көреиін
көрейін
кез-келген дауысты әріптен кейін келген й қысқа й болады)))
Сіздің жазбаларыңызда ылғи осылай, тек қана и әріпін пайдаланасыз, әлде сіздің елдің клавасында й жоқ па?
qyrmyzy
ұрспаш, осылай үйренеді
Korkem
Ұрысқам жоқ қой, көмегім болсын деп ем. Осылай ара-арасында мен де қыстырылып, қатесін түзеп тұрсам, қарсы болмайтын шығар)))
Chimaq
Ұялып кеттім ғой…
Құдай ай… мұндай әрпі тағы бар екенін білмей қаппын..Eскерткеніңзге көп көп рахымет...!!!
Korkem
Ох, басқа-басқа сізден көмегімді аямаспын))
Chimaq
Aлдын ала рахымет деп қоиам..))
Korkem
рахымет
рахмет
қоиам
қоям
ренжімегейсіз, сізге мұнда бәрі түсіністікпен қарайды. Осылай-осылай әлі-ақ ең сауатты жанға айналарсыз)))
Chimaq
Басымды тамға ұрып жатырмын ...))
Қайта бастан үйрену керек болды, менен кішкене баладар көрсе үйат қой…
Korkem
ох, демде үйреніп келе жатырсыз, жақсы жаздыңыз.
баладар
балалар, балдар
үйат
ұят
Chimaq
O..i..b..a..i....!!!
mairosh
уахха қатты қатты. Көркем жылдың ең үздік мұғалімі сіз болдыңыз. ҚҰттықтаймыз!
Chimaq


mynany qaita pysyqtaiyn...))
Korkem
мынау не нәрсе? түсінгем жоқ. Сонда сіз қай елдесіз және қандай тіл?
Togzhan
Мына жерде қазақ тілі сабағы өтіп жатыр ма?--деп ойлап қоям)))
Chimaq
qytai qazaqtary osylai jazad qoi qazaqchany ,soghan qarap uirenip jatyrmyn....))
kiril jazghannan choshyp kettim ...)))
Korkem
түк етпес, әлі-ақ үйреніп аларсыз)))
AKA
Ыңғайлысымен жаза беріңіз, әдемі-ақ жазып жүрсіз.
Korkem
үйстіп өзінше боп қалад енД
Chimaq
Aitip-uirenermin dep jurmin,oqyp-toqityny kop eken ghoi ozi..he he...))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.