Торт жайында

Асыңыз дәмді болсын! /
Құрамы:
— 4 жұмыртқа, 1 стакан қант (200 г), 1 стакан ұн, ас содасы (сірке суына бастырылған) немесе разрыхлитель, аздаған ванилин мен лимон қышқылы.
— тортты сәндеуге қажетті жемістер: өрік, алма, апельсин, шие.

4. Алдымен, 4 жұмыртқа мен қантты қосып миксермен ақ-сары түске дейін көпіртіп, көлемін ұлғайтамыз.

5. Осы қоспаға ванилин мен ас содасын және ұнды елеп саламыз. Дәл осындай қоспаны (4 жұмыртқа, 1 стакан қант (200 г), 1 стакан ұн, ас содасы (сірке суына бастырылған), аздаған ванилин мен лимон қышқылы) тағы бір ыдысқа жасаймыз. Бірақ, екіншісіне какао ұнтағын қосамыз (елеп).

6. Екі түрлі бірі ақ, екіншісі қара түсті қоспа дайындадық. Енді, осы қоспаларды торт пісіретін ыдысымызға (формаға) құямыз. Айтпақшы, ыдыс түбіне аздаған ұн себе салса жақсы болар еді…

7. Осы қоспаның (ақ) үстіне тазартылған өрікті салдым. Келесіде какао қосылған қоспа.

8. Мұның үстіне тазартылып, туралған алма саламыз.

9. Процесс осылай жалғаса береді, енді тағы да (ақ) қоспадан құямыз.

10. Бұл соңғы қоспа, үстіне тазартылып, аршылған апельсин мен шиені қойып әдемілейміз.

11. Осы әдемі көріністі ыстық пешке апарып қоямыз.

12. Оған дейін тортты әсемдейтін заттарды дайындаймыз. Өрік жаңғағын алып, біраз табада қуырып, оқтаумен ұсақтаймыз.

13. Біраздан соң тортымыз да дайын болды. Енді әдемілеуге: тәтті йогурт (қою болса керемет), апельсин кожурасы және үгітілген дән керек.

14. Алдымен тегістеп йогуртты құямыз.

15. Соңында, өз қалауымызша әрлеп, әдемілейміз.

16. Міне ағайын, осынааау жұмыстан кейін дәмді тортымыз дайын болды.

Астарыңыз дәмді болсын, дастархандарыңыздан дәм кетпесін ағайын!
!

10 пікір

MSHERIMBEK
Ulken rahmet:) As bolsyn:)
Jako
Айсара, маған тәтті болмайды, бірақ көзім қызып кетті.
Ais_97
ЖАУАПТАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ, АС БОЛСЫН!
Ais_97
Не үшін мысыққа бері жібердіңіз?
AKA
Шо та, өзімнің жасаған тортымды көріп тұрмын ше?!
Ais_97
неге олай ойлайсыз, АКА?
AKA
«Жауап беру» дегенді басу арқылы, жауабыңыз маған бағытталады. Бұл торт мәзірін қайдан алдыңыз немесе өзіңіз жасадыңыз ба?
AKA
Суреттер көрінбейді…
Guka
Улкен рахмет! Жегім кеп кетті… Суреттері жоқ па?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.