Өріктен жасалған тосап

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлем Айтаберліктер!
Менде эстафетадан тыс, кезексіз бір пост жазып жіберейін.

Бүгін бір ерлік жасап асханаға кіріп өзімше өріктен (абрикос) тосап пысырған едім. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынамын. Әсіресе qyrmyzy мен Yasin ағамыздан оң баға күтемін. Как никак qyrmyzy мені жарнамалап жүр, Yasin ағамның келіндер курсынан өтіп жүрм дегендей. Мені үйретіп жүрсіздер ғой, сіздерге соншалықты «безпомощный» емес екенімді, алдағы еңбектеріңіз зая кетпейтінін көрсеткім келді)))))))) Өріктер Yasin ағамыздың бақшасынан арнайы тапсырыспен жеткізілді

Керекті заттар:
1 Өрік (өзіңізге қажетті мөлшерде)
2 Қант (өрігіңіздің мөлшеріне қарай)
3 Бір тегене
4 Бір табақ
5 Екі кесе
Сонымен бастаймыз.
Алдымен өріктерімізді салқын суда жақсылап жуамыз. Қолымыз онсыз да таза деп ойлаймын)))))))



Сосын өріктерімізді шетінен бір-бірден алып ішіндегі сүйектерінен және "қотырларынан" тазалаймыз.

Таза өріктерді кесеге салып, санай отырып тегене сала береміз.


Барлық өріктерімізді аршып болғаннан кейін өріктің үстіне қант саламыз. Неше кесе өрік болды сонша кесе қант саламыз, бір кесе артық қант салуға да болады.

Енді өріктің бетін жауып, (қақпақпен қымтап қоюдың қажеті жоқ, жай газетпен немесе орамалмен шаң, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа т.б. түсіп кетпеу үшін жауып қоямыз) таңға дейін салқын, көлеңке жерге қойып қоямыз. (мен бұл жұмыстарды түнде істеген едім, сондықтан таңға дейін қалдырдым. Негізі қант еріп, өріктің суы шыққанша тосса болғаны)
Жиналған өрік сүйектерін лақтырмаймыз. Оны жайып күннің астына кептіріп, артынан шағып жейміз)))))


Енді суы шығып, уылжып тұрған өрігі бар тегенемізді алып бірқалыпты оттың үстіне қойып, араластыра тұрып қайнатамыз. От дегенім кәдімгі үйіміздегі электр плитасы, бірақ аулаларыңызда ошақ жағып отыратын мүмкіншілік болса отта пысырсаңыз дәмі тіптен ерекше болары анық. Түбі жабысып қалмауын қатты қадағалау қажет. Өріктің қанты толығымен еріп, тосап қоюланып түсі қоңырқай тартқанда оттан аламыз.


Суытып шыны шөлмектерге құямыз. Тоңазытқышта сақтау міндет емес, кәдімгі бөлме температурасында да сақтай беруге болады. Қысқа дейін бұзылмай сол қалпында сақталады.
Осымен Өрік тосабы дайын. Астарыңыз тәтті болсын!!!

57 пікір

Korkem
Ох, жігіттерше қолдарың дер көрмесін!
пысырамын
шамасы ауызекті сөйлеу тілі болса керек.
banzaika1990
Рахмет, өткен жазбаларымда да айтқан едім, Жуан дауыстыларды ұнатамын, сондықтан үнемі «пысырамын» деп жазамын
ZevsKO
хе хе қызық екен!
qyrmyzy
Шығыста солай, олар тамақ пысырады
banzaika1990
тамақты майысып пІсІрмейміз, соғысқа аттанғандай білекті сыбана кірісіп пЫсЫрамыз)))))) өз басым солай
qyrmyzy
неше тұрлі жаргондарға құлағым үйреніп кеткен. Маған ондайлар аса бір айырмашылығы бар сөздер сияқты емес:)
Zhanat
иә бізде шығыста солай, пысырамыз
Zhanat
шамасы ауызекті сөйлеу тілі болса керек.))))
Manas
Ойбууу, ана секердің бәрін қосама)
banzaika1990
әрине онсыз болмайды ғой))
qyrmyzy
wow, жарайсың! Керемет! Енді банканы қалай жабатынын көрсетіп жіберсең…
banzaika1990
еее оның еш қиындығы жоқ. Дайын болған тосабымызды банкаға құямыз да, «резиновый» қақпақты ыстық суға салып, дезинфекциялап аламыз да жабамыз. Тосапты темір қақпақпен жаппаған дұрыс.
мен банкаларымды жуып дайындап қойдым ертен жабам ))))))
qyrmyzy
мяя, ондайды білмейді екем:)
Zhanat
темір қақпақпен неге жаппау керек?
banzaika1990
темір қақпақтың дәмі шығып кетеді деп жатады, және де темір қақпақпен жапса беті көгеріп кетеді.
Togzhan
Күшті болды!)
Енді, осы тосапты банкіге қалай жабатынын көрсетіп жіберсеңіз қалай болар екен?)
VVVWWW
Тағы да таңғалдырдың (сен үшін кішкене нетипичныйлау пост екен), өріктің тосабын өзім жақсы көрем, бірақ сенің өз қолыңмен істегеніңнен дәм тату маған қызық болып көрінді (бір жағынан қорқынышты ық, ық....)
Жалпы, рахмет ниетіңе
banzaika1990
Менің тарапыма «жасың келіп қалды скора келін боласың, тамақ пысырып үйрен, шашыңды өсір» деген әңгімелер айтылып жатыр да))))))))))))
banzaika1990
Қалжың, ондай әлі бола қойған жоқ. Қар күрейтін, отын жаратын қыс мезгілі емес, сосын іш пысқаннан жасаған дүнием ғой. Негізі дәмі нәрмәльни секілді, үйдегілерден «басымыз айналды», «көзім қарауытып кетті» деген шағымдар түскен жоқ әзірге
VVVWWW
Ә онда дәмін татып көрейік, бірақ «Только после вас»
(менікі де әзіл ғой, ренжіме)
banzaika1990
мендей «острякты» ренжіту оңайға түспес
followme_alik
Вареньеееееее, ұнатамын. қабылдаймын. Алғысым.

— Арай, ааа, Арай, тосап істеші -пысыршы- қайнатшы, өтініш….

Арай — үйімізде дастархан асына жауапты апайым =)
qyrmyzy
Бүгінгі сабағымыз сущи жайлы. Ал, блокноттарыңды ашыңдар:) Мынадай тамақ жасасаң, кейін ата-енең: «Біздің келіннің жасамайтыны жоқ. Бірдеңелерді сасытып бірдеңе жасап жатады. Теңіздің иісі ма, балықтың иісі ма...» дейтін болады. Сәттілік:)
тосап. варенье,қыста жесе ғой
banzaika1990
бірнеше литрын жауып алып сақтап қойыңыз, қыстың ызғарлы суығында жылы үйде ыстық қою сүтті шайды сораптааааай отырып тосаптан алып отырасыз
ZevsKO
не да достар! не гой бұлай сұрағаным ұят болса да, білмесем жарылып кетермін. Анау жердегі авама суретті қалай қоям???? Қарасақал?
AKA
Не ғой, профиліңізге баратын жерде «Баптаулар» деген жазу бар. Соны басып, төмен түссеңіз «Аватар» деген жазуды көресіз. Әрі қарай түсінік болады. Іске сәт :)
AKA
артынан шағып жейміз
Шағып, тосапқа қосса да болады. :) Айтпақшы, біз темір қақпақпен жабамыз, ешқандай да бұзылмайды, көгермейді де. Сосын әлгі, бір күн қоятындарыңыз қызық болды, бізде сол мәментте-ақ қайнатамыз, бірақ 2 рет. :) Бізде де тосап қайнататын уақыт басталды… :))
banzaika1990
бір күн қойып жүрген мен ғой жалқау. ))))))))))) негізі біраз уақыт қана суы шыққанша ұстайды. Иә сүйегін шағып қосып жасайтындар да бар бірақ біз олай істеп көрмеппіз
banzaika1990
Темір қақпақпен жапқанда тосаптың бетіне бірдеңе (дәрі ұнтағы т.б.) саласыздар ма? Кейбіреулер бетіне тоң май қатырып қояды,
AKA
Жоқ, ештеңе де салмаймыз.
akil_kalta01
Бәрі тап-тамаша шығыпты. Айтайын дегенім «тосап» деп отырғанымыз кәдімгі «варенье» ма?
Тегене деген не? «Шығысша» қазақшаны енді үйреніп жүр едім. :)))
banzaika1990
Тосап деген кәдімгі варенье. Ал тегене деген міне мынау

Сіздерше тегенені қалай айтады сонда???
akil_kalta01
Бізде мұны «тостақ» немесе «тостаған» деп атайды. Тосап — бұл енді мен үшін жаңалық болды.
qyrmyzy
вахахахахаха
qyrmyzy
Үндістан ашылды ма бүгін? ©
akil_kalta01
Үндістанды осылай түннің бір ортасында 1 өзім АШЫП тастадым вахахахахаха!!! :)))
qyrmyzy
ахаха, түн жарымда нелер ашылмайды:))))))
qyrmyzy
ал, айтысшиш, маған да керегі сол:)
banzaika1990
сөздік қорыңыздың молайып қалғанына қуаныштымын)))))) Бізде тостаған деп мынандай ыдысты айтамыз

негізі менің білуімше Тостаған деп осындай көлемдегі ағаш ыдыстарды атайды.
мен осымен шай ішемін ық ық
akil_kalta01
Бұл көлемдегі ыдыстарды бізде «пиала» деп атайды. Мен осымен шай ішемін пық пық. :))))
banzaika1990
біздің пиала (кәсе, кесе дейміз) бұдан екі есе кіші ыдыс, өзіме ұнамайт екі ұрттасаң шайың бітіп қалады, сондықтан осындай тостағанмен ішемін)))))
akil_kalta01
Ааааа Мен жаңа мынамен шай ішімін дегенге сендерше айтқанда «кәсенин» суреті ма деп қалсам, «тостағанмен» шай ішетініңді білмеппін. Сонда мынау «сүт қосылған шай» ма? ЕЕЕЕЕЕ шайды жақсы көремин десеңші :))))
banzaika1990
qyrmyzy біліп айтты ма, жай сәйкестік па білмеймін қалай болса да дәл тапты. Бұл — Қымыз. Қою сүтті шайды жақсы көретінім де рас)))))
AKA
akil_kalta01
Ай, айызыңыз құанғанша күлдіңіз -ау :))
AKA
И не?! Не и?! ©
VVVWWW
Мынаны бізде кесе дейді, ал алдыңғыңды табақ дейміз (кейде аяқ деп теайта береді)
akil_kalta01
Сіздер жоқ ол қай жақ?
Korkem
БІзде де табақ дейді. Ақыл қалта, Шардаралық болсаң білуге тиіс ең ғой, ал екіншісі қымыз ішетін кесе
qyrmyzy
на аппақ не? Қымыз???
banzaika1990
иа Қымыз. Дәл ұйықтарда қымыз сораптап отырм түнімен не боларын кім білсін)))
alikona
біздер мынаны үйде сұрағанда «и ана темір кішкентай табақ шее»деп түсіндіреміз)))
Zhassiko
Шағылған дәнектерді вареньенің ішіне салғанда жақсы болатын еді, шағып жегенмен түк шықпайды.
Вареньенің суы көп болып кеткен сияқты, вареньеге су құймаушы еді ғой, өзінің суы шықпайтынбед?!
banzaika1990
вареньеге су құйған жоқпын, өзінің суы осылай шықты. Мен керісінше қою боп кетті деп жүрсем.
AKA
Міне суреті, былтырғы жапқан өрік тосабы:


Суретті кішірейтіп, құртып алдым :))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.