"Шуба" салаты(айтабер байқауы)

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлеметсіздерме құрметті айтаберліктер.Мен-Төлепова Айсара, №3 қатысушы, Жанат аға бастаған «Айтабер байқауының» бірінші турының міндетін атқармақпын.

Сонымен бүгінгі ас мәзірім -«Шпрот» салатын ұсынбақпын.Қабыл алыңыздар!



Іске кірісейік.Тазалықтан бастаймыз.



Бізге керекті:

*Шпрот(балықтың кішкентай түрі)
*2-картоп
*2-сәбіз
*2-қызылша
*үккіш
*майонез


Дайындау үлгісі:

Шпротты саламыз.




Шпроттың үстінен картопты үккіштен өткіземіз де, майонез жағамыз.



Сәбізді де үккіштен өткізіп болғасын, майонез жағамыз.



Ал енді қызылшаны үккіштен өткізіп, майонез жағамыз!



Салатпен таңбашаны ұстап түскен суретім



Пы/сы: сурет ұялы телефонмен түсірілді, сапалы шықпағанына ренжімессіздер! Бәріңізге ас болсын!

88 пікір

AKA
Уа-чааа, фанатыңмын! Жарайсееең!
Ais_97
Рахмет бірақ сенікіне жетпейді!
AKA
Айта кететін бір жәйт: көкөністерді үккіштен өткізгенде үстін баспау керек еді. Шанышқының ұшымен ғана тәрелке көлеміне жайғаныңда, салатың бір төбекшік болып тұрады. Сонда әдемі көрінеді, келесіде ескерерсің.
Ais_97
жарайды, рахмет!
banzaika1990
иә, иә Киіз үй формасына ұқсатып домаландырсаңыз сүйкімді болады))))))))))
Ais_97
рахмет оны ескере жүрермін!
Ais_97
Сен сияқты аспаз емеспін!
Korkem
Жахсееее! Бас жүлдені жеңвалатын түрің бар ғо)))мәәәдес!
Ais_97
Рахмет Көркем! Иншалла оны көре жатармыз!
Abylai
Түүүх кереммет, жәрәйсің Айсара, байқауда сәттілік тілеймін.
Ais_97
Рахмет Абылай,қолдағандарыңызға бір қуанып қалдым!
Abylai
иии жәәәәнііііім сол, жақсы қызссың ғо
qyrmyzy
жәәәәнііііім сол
м?
alikona
опппа! ал ақтал))))
dimash
Ал, саған да сәттілік! Ұнады әрине!
Әдемі-ақ қыз екенсің ғой
AKA
Тағы бір махаббат жазбасына сұранып тұр ме екен?
dimash
АХАХАХАХАХАХАХ))))))
Zhassiko
ық-ық..)) ұмытпайсыздар ше сіздерде..))
Ais_97
Рахмет Димаш!
Zhassiko
әәй, біліп едім ше.)))))
Nursultan2002
Мынамен жеңімпаз болмайсын!
Ais_97
оны бір Құдай білсін, тек осы байқауда бағымды сынап көрейін.
Nursultan2002
Ака жеңімпаз!
alikona
Айсара барынды салғанын байқалып тұр, бірақ салаттын шетін неге әдемі қылып формасын дұрыстап келтірмедін?
Manas
шетін біреу шұқып жегенғо))
qyrmyzy
вахахахахахахахаха, жатырмын столдың астында
Ais_97
қателесіп кеткенмінғо! рахмет
alikona
қызықсын бар ғо
Ais_97
қалжыңбаспын, АКА екеуміз қалжыңды көп айтатын боп кеткенбіз!
Abylai
AKA
Күлмеңіз, Айсара екеуміз тілеулес құрбылармыз.
qyrmyzy
вахаха, солай ма???
qarabura
Түүүк түсінбедім .Қандай байқау?
Abylai
Жыл басы неге түйе бола алмай қалғанын осыдан кейін ақ біле беруге болады )))
Мына жерде және мында
qarabura
\рахмет Абылай!
Zhassiko
Айс, мынау «Шуба» салаты емес пед шатыспасам?
.
.
Айда, жақсы шығыпты, жегімкеліпкетті..)) Мына жаққа бір тәрелкесін атшы..)) шынымен керемет, қолың дерт көрмесін..))
Ais_97
рахмет Жассико!
Ais_97
Бәріміз бірге жейік оданша мына салатты ешкімнен бөлмеймін, мінекей

followme_alik
Бәріміз бірге жейік оданша мына салатты ешкімнен бөлмеймін, мінекей
Түсінбедім :/
Ais_97
Барлықтарыңызға ас болсын, тек бір адамға ғана емес, осы сайттағы адамдармен салатты бірге жейміз дегенім ғой))
followme_alik
Иииии, ешкімМен деп оқып отырм ((
дәм таттық. рахмет.)
Abylai
Омномномном ©
Ais_97
Абылай бастап жей бер, сосын біз де жейміз қосылып))
alikona
ол уже жеватрҒо
Ais_97
қалып қоймаңдар, бәрін жеп қоймасын)))
Zhassiko
дәмдісін-аайй..))
alikona
Жемеймін! маған жан-жағын дұрыстап әрлеп бер!!! десен иа
Ais_97
Саған әдемілеп салып беру керек екен десең иә, ренжімеші, келесіде міндетті түрде аспаздығымды дұрыстап көрсетемін саған!
alikona
ынх-хммм...әне көрдіңдер ғо, Арнайы!
zhurttyn_balasy
Ішіңізге барғанда жан жағы да әдемі болып баруын тілеймін )
alikona
иа иаааа түсіндім..)
alikona
бірақ ше, бұл байқау екенін ұмытпаңызшы,әзіл ретінде айтып жатқанымның бәрі шындық негізі…
dimash
Беріліп кетпісің ғо өзің)
АКА бұрыннан аспаздық өнерін көрсетіп жүр ғо, тойыс опыты бар. Жас айырмашылығын ескере ме екен.
Ескеру керек сияқты, меніңше, как та.
alikona
Бұл жерге АКА-ның не қатысы бар..ә, жарайды қойш,шынымен де ұрысқақ боп барам...
AKA
Бұл жерге АКА-ның не қатысы бар
Соны айтам шы Айттым ғой саған байқа деп, сенің жүлделі орныңа таласуда
alikona
ей, шынымен де менен озып барады екен)
Zhassiko
асқазанға тас барса да, майдаланып кетеді.
qyrmyzy
вахаха, менің де жегім кеми отыр:))))))))))))((
Manas
Фотошоппен айналасын әдемілеп жібермедің бе)
Ais_97
фотошоппен айналасын әдемілеп жібергенің дұрыс болмайдығо,өзің жасағаныңды көрсету керек
followme_alik
Талабыңа нұр жаусын, Айсара.
Ais_97
Рахмет Әлішер!
pana
еңбегің бағалансын! сәттілік) (қалай ерінбейсіңдер осы, ризамын)
Ais_97
Рахмет көп-көп Сая!
Zhanat
қолын дерт көрмесін, осылай дәмді салттар жасай бер, сәттілік байқауда
Ais_97
Рахмет Жанат аға, байқауға барымды салып жасадым.сәттілік болсыншы, иншалла!
aisulu_97
Айсара құрдас екенбіз, салатыңыз керемет шыққан екен жарайсыз!
pari
ММм.маги.Мына салатты бұрын бір жерден жедім.Есіме түспей тұрғаны.Не де болса жақсы жазба, жақсы салат,! 0jcekflsv!
Ais_97
Рахмет Сағыныш!
qyrmyzy
мен көрген «подшубалар» мынадай болушы еді:
Ais_97
менікіне ұқсайды екен, рахмет керемет шыққан!
AKA
Сенікі әдемірек па дедім…
Zhanat
суреттегі байқауға қатысып жатқан подшуба емес қой,қандай болсада байқаудың шартына сай жасалынған.
alikona
байқаудың ас мәзіріне қатысты қандай шарты бар еді?
nurgazina
салат өте дәмдің көрінеді.Бірақ та, неге картоп, сәбіз,қызылшалардың қайнатылуы жазылмаған екен?
Zhassiko
ары қарай суретке тіл бітіп, ішінен сөйлеп кеткен ғой..))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.