Қуырылған макарон немесе шашпа нан палау тағамын жасау әдісі. (yerbol89 version)

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлем бердік СЖ және Айтаберлік ас жасағанды және оны ыстық шәйменен жегенді ұнататын достарым! :)
Бүгін мына сайтымыздың сүйкімді де қолдарынан бал тамаған аруларымыздың істеп жатқан ас мәзірлерін көріп, мұнда отырған біздер де шабыттанып кетіп бір ас әзірлеп осында жариялауға ниет еттім. Өзі айналдырған 2-3 тағамды әзірлей аламын. Соның ішінде ең жақсы шығатынын макарон қуыруды (кейде оны ағам шашпа нан палау) деп атайды, сол асты әзірлейтін боламын.
Бізге қажет заттар.
  1. 3-4 уыс макарон.
  2. жарты пиялай пісте май.

  3. 4 картоп.
  4. 2 дана пияз
  5. 1 шәйнек қайнап тұрған су. :)
  6. 1 ас қасық тұз.
  7. астың дәмін келтіру үшін қосымша преправа.

Неге екені білгісіз мен ет қосып жасай алмаймын. Ет қоссам үнемі шикі пісіп қалады. Сондықтан ет қоспаймын, оның үстіне үйде ет жоқ екен. )))

Ал дайын болсаңыздар төмендегі көрсеткен әдіс бойынша істесеңіздер мен істегендей етіп дәмді болып шығады.
Қыздарымыздыкі әдемі әрі дәмді болғанымен, біз үшін ол тағамдарды істеу қиындау. Сондықтан жігіттерге оңай әрі қарын ашқанда жылдам дайын болатын асты әзірлейтін боламыз!



Көріп болсаңыздар іске кірісейік.
макарон, картоп, тағам әзірлеу, макаронды қуыру
Ас әзірлейтін орынды да дайындап аламыз. Бізге керегі қазан мен 1 шәйнек су.
макарон, картоп, тағам әзірлеу, макаронды қуыру
Барлық картопымыз бірдей пісу үшін бір көлемде, төрт бұрышты қатты жұқа етпей турап аламыз.

Макаронды қазанға салып қызарғанша қуырып аламыз.


Қазанның астына аздап май құямыз. Майды көп қоспағаныңыз дұрыс. Аздап жарты пиялайдан да аздау етіп құямыз. Сосын оған кішкене пияз салып қарайғанынша күйдіріп оны алып тастаймыз.

Сосын пиязды алдап қырып, үстіне картопты да салып қуырамыз.


картоп қуыру, картоп куыру
Үстіне аздап шәй қасып томаттан салып қызарғанша картопты жақсылап тұрып қуырамыз. Сосын жарты қазан қылып алдын дайындап қойған суды құямыз.
қазан қайнату, қазан , ет-май
Картопқа тұздың жақсылап сіңіп, астың дәмді пісуі үшін су құйған соң артында 1 ас қосық тұз салып, картоптың пісуге шақ қалғанынан қайнатамыз.
тұз, бір қасық тұз, ас тұзы
Арасында клип көріп, тағамымды істеуге кірісіп кетемін.
клип көру, тағам және клип
Картоп пісуге жақындағанда, қазанды ашып жай тексеріп көреміз. Егер картопымыз езілгелі тұрса, қуырып алған макаронымызды қазанға саламыз.

Судың деңгейі біз салған макароннан сәл ғана биік болып тұруы керек. Себебі макаронымыз суды тартып алады. Сол кезде жұмсақ болып піседі. Асты күйіп кетпес үшін астыңғы отын бәсеңдетеміз.


Субарлық жеріне бірдей тиуі үшін, қазанды қолымыздағы үлкен қасықпен(кәкпір)-мен шайқап-шайқап жібереміз.

Асты күйіп кетпес үшін және біріңғай пісу мақсатында 7-8 минуттан соң қазанды ашып, араластырып-араластырып жіберіп қайта қақпағын жауып қоямыз. Сосын 10 минуттай піскенін күтеміз.

Оооооо дайын болып қалыпты. :)

Қазаннан ыдысымызға салып алып дастарханға жайғасамыз. Қазір жаз мезгілі, дүкеннен барып аздап қызанақ(памидор) сатып алып жақсылап турап, осы асқа салып отырып жесеңіз қатып кетеді. Ал менің ең жақсы көретінім қызанақ турағанда астына жиналған суды тағамның бетіне құйып жіберіп сүйсініп отырып жеу.
нан палау, макарон қуыру, тамақ істеу
нан палау, макарон қуыру, тамақ істеу

мммм әдемі шыққан екен.
нан палау, макарон қуыру, тамақ істеу

Шайым да дайын болды, тағамым да дайын. Асықпай өзім істеген кешкі асымды ішіп алып жұмысқа қарай кеттім.

p.s. Айналдырған 2-3 тағам білемін. Сондықтан қолымнан келгені осы. Келесі жолы қалай картоп қуыратынымды және қалай кұріш сорпаны әзірлейтінімді жазып көрермін. Себебі бар білетінім осы тағамдар.

64 пікір

Nursultan2002
Жігіттер тағам жасайды +1!
Nursultan2002
Сіздің пешіңіз дәп-дәл менікі дәп-дәл! Сәйкестік қандай???
qarabura
Ы жігіттер осыдан кейіңн қыздардың алдында 1 саты болса да жоғарылады:) тамақ пісіру жағынан
Abylai
Дәл Дәл, тошны осылай дайындаймын мен де ))) бульен салып жіберсең уәщеее
yerbol89
Аха 15 теңгегесатып алып біреуін қосып жіберсеңі ерекше дәм береді.
alikona
Клип қараймын деп алаңдап кетпедіңіз мен сияқты,қосуладыммм!
yerbol89
Хе-хе-е қарап оытрып істеген рахат қой. Әндетіп қойып істейсің көңіл күй жақсы болса.
Azamat
Ербол жарайсың =)
alikona
Бүкіл айтабер қолданушыларына жететіндей етіп қуырыпсыз
yerbol89
Көңіл шіркін кең ғой. )))) Ағаларым келеді кешкісін соларға да, жалпы жететіндей етіп істеймін.
beko

Әкел, ақыры ұстадың ғой, сал!
Әнекей, қыздар көрдіңдер ме ей, Ербол жан-жақты. Ой, сендер әлі білмейсіңдер ғооой Ерекеңді…
Айтқандай басы бос егерде ыыхм хм…
Осы қыздар неге бағаламайды екен ей, осындай жігіттерді...
Korkem
Өләәә қатты айттыңыз!
mairosh
Осы қыздар неге бағаламайды екен ей
мяяя ужыыссс))) Ерболды биылдыққа қалдырмай үйлендіру операциясы ма?))))
AKA
Өздерің барып құда түсу қалды енді
mairosh
Байқандарш байқау өткізіп жібермендер))) Бірінші орынға Ерболға құда түсу, Екінші орын қыз жолдас болу ))) Үшіншісі өздерің білесіңдер тойға тегін шақыру )))))
AKA
Әкел, ақыры ұстадың ғой, сал!
alikona
ұжс,ішіне кіріп шықтымм(((
qyrmyzy
вахаха, қанша төледі???
Korkem
Күтпеп едім, тамаша шықты))) мяяя таңданысымды жасырмай-ақ қояйын, қолыңыз дерт көрмесін!
yerbol89
Рахмет! ))) Бірақ сіздерге жету қайда. Біз сол сызылып тұрып видеоны қосып қойғанымыз болмаса еңтеңкесі жоқ қарапайым ғой.
Korkem
Жоға, бізді қоя тұрыңыз, міндетіміз ғой))) Шынымды айтайын, ер адамның қазан басында тамақ істегенін көріп, қызыға да таң қалып отырмын. Қызық, ошым қызық болды.
yerbol89
Хе-хе-хе ал шындап келгенде неше түрлі тағамдарды ойлап табатын, үлкен ресторандарда тағам әзірлейтін шеф-поварлар ер кісілер ғой. Одан қалса үлкен қазанға ауылдарда палау басатын да ер кісілер. :)
pana
точно! тамақты жасағысы келген адам жасау керек)
AKA
Уа-чаааа! Сәлеміңізді қабыл алдым, былай камерамен жүріп тамақ әзірлеген қолайсыздық тудырады екен. Бейнебаянға ризааа болдым, күлдім, қуандым. :)
yerbol89
Арзымайды. Былай жаза салсам сіздердің назарларыңызға ілікпей қаламын ба деп ерекше жазуға тырысқан түрім ғой. )))))
AKA
"Қайнап тұрған шәйді, шәй емес су ғой" © Автоматты түрде кетіп қалады негізі, түсінемін, менде де болады ондай. «Ж» — «Дж» :)) Сындым, күшті болды, рахмет! :)
yerbol89
Уа-ха-ха-ха қатырдыңыз. Ия қырсыққанда кетіп калады ондай сөздер. Себебі бір күнде олай сөйлеп жүрген жоқпыз. Сондықтан шығар )))
followme_alik
Ууууууууууууеееее_
"Ішке барса, болды.." ұстанымына жоқ дейміз)
Сегіз қырлы Админімізді мақтан тұтамын. ((((:
Жаааррааайсың, Бро ;)

p.s. ТВ-ыңдағы клипте Д.Болатов «агугай» әнімен)
yerbol89
Аха Агугай-ай-ай хари лари лай деп деп қойып істеп жатқан түрім ғой.
alikona
Ууууууууууууеееее_
сенің эмоцияны дәл жеткізіп жазатынына таңым бар ше))
mairosh
«Жігітке жеті өнерде аз» бұлда бір өнер ғой. ))) Мынаны оқып ведио көріп болам дегенше тамақ істеу уақыт өтті ау))) Ербол жазбаңызды бір қайталап оқып өтсеңіз аздап қателіктер кездесті))
yerbol89
Шыны керек менің бір ерекшелігім болды. Қате дегенге қарамаймын. Ырылдатып жазып кете беремін. Жазып болған соң менде бір қайта оқып шығу деген жоқ. Бірденен жариялай саламын :)
yerbol89
Әәәәә арзымайды інім. Ия еш өзгермейтін, қалмайтын ретро тағамдар ғой. ))))
Ais_97
Жарайсыз қолыңызды дерт көрмесін!
Araika
Макаронды бөлек қуырып алатынын бірінші рет көруім, шамалы рең беріп, етті жоқтатпай тұратын сияқты ма, қалай?:)
Korkem
Бізде осы. Біреулердің картоп, пиязды қуырып, сосын су құймас бұрын макаронды да қосып қуырып, су құятынын көріп, таң қалғанмын.
Araika
уот-уот, біздің нұсқада осынысы қаралатын:)
Korkem
мдааа, қызық екен
Zhassiko
Ербол аға сияқты алдын ала қуырып алсаңыз, піскен макарон жапысып қалмай, қызарған, әрі аппетитно болады..))
alikona
мен жақында көрдім бірінші рет, жеңгем пісіріп берген, оңтүстіктікі)
Jako
Веримшел, рожкилерді пісірмес бұрын құрғақтай, күйдіріп алмай қуырып алса, суда өзілмей, бір-біріне жабыспай, дара-дара шығады.Ерболдың бұл тағамы 20-ғасыр студенттерінің бірден-бір сүйікті(амалсыздан болса да)тағамы еді ғой, шіркін.
AL-ASTER
Ох, шедебір. Ұлттық тағам жасасын дегеннен басқа айтар жоқ.)
Abylai
yerbol89
Сенің де естімейтінің жоқ! ))))) Ингредиент демекші едім )))
Zhassiko
Үйіңіз тап-тинақтай таза екен, қазаны ғана қара болмаса, видеодан бір микроб көріп тұрған жоқпын...))
Да, очм, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт.
Zhassiko
Меніңше, жігіттер түгілі қыздардың алдын орап кеттіңіз-ау шамасы, алғашқы болып сізден көріп тұрмын негізі..))
banzaika1990
Керемет! Тамаша! Макаронды менде жақсы көрем негізі. Аптасына жеті күн жеуге дайынмын. Тағамыңыздан бұрын ас үйіңіз ұнады. Әсіресе қазаныңыз. Шойын қазан тамақтың дәмін одан ары дәмдірек қылып ерекшелендіріп жібереді ғой. Ауылдағы үлкен қара қазанымызды әпкемнің "Қаладағы ас үйімізге не вписывается"-дегеніне еріп, қалаға әкелмей тастап кеткенімізге әлі өкінем.
Және де ас үйіңіздің кафельі ерекше екен,қатты ұнады.
yerbol89
Ең сүйікті тағамым ғой. ))) Бетіне кетчупты салып койып тұрып опыра бересің. ))) Тура менің сөзімді айттың ғой аптасына мен де 7 мәрте жей беретін едім. :)
nurgazina
Миии….Ербол ағамыз аспазға айналған ба? Бір түрлі ішім жанып кетті ғой.Оның қасында мен білмеймін тамақ пісіруді.Тем более макаронды тіпті.Қайта осы посттың арқасында ең алғаш рет үйренетін тағамым макарон болды ғой.Рахмет, Ербол аға.
yerbol89
Арзымайды. Аха басыңа салса бәріне көнесің. Өз басым тағам әзірлегенді ұнатамын, бірақ оған уақыт жоқ және үйрететін адам. айтпесе істеген ұнайды. :) Осылай мен көрсеткендей істеп корсен 2-3 мәрте істеген соң үйреніп кетесің ))
Yasin
Ербол, үндемей жүріп өзің аспаз екенсің ғой
dimash
Негізі тағамды қыздар жақсы әзірлейді дегенімізбен мықты асханаларда бас маман ер кісілер ғой :)
Документальный фильмдердеде көрсетіп еді ғой әлемдеге ең мықты шеф повор" деп ер кісіні көрсетті :)
Студенттердің ұлттық тағамы жақсы шығыпты, ең бастасы ингредиенттері кез келген үйде бар және жасалуы қарапайым!
qyrmyzy
маддис, Ербол! Жәрәйсің! Не го, үйіңнің біраз жерлерін де түсіріп самапсын ше… жетпи қалд
makpal
Қыздардың тамақ пісіре алатын жігіттерді жақсы көретінін жақсы білетін жігіт қой мынау. Мәләдес!!!
akerkee
студенттик тамак
Manas
өзіңізде бір ұйқтамайды екенсіз))
Manas
қойа салыңыз,өзіңіздің аваңыздағы не қыздардың көзін бұру ма
zhurttyn_balasy
Таң атпай (атты) не сыпсаңдап отырсыңдар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.