"Напалеон" + "Абылай" = "Ержан"

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлем бердік, Айтаберліктер!

Тақырыпты көріп, шошымаңыздар. Бүгін АКАның көмегімен жаңа торт — «Ержан» торты өмірге келді. Яғни, «Напалеонның» кремі мен «Абылай» тортының қамырынан «Ержан» тортын жасадым. Ержан Алматыға кепті, тортты жасап біткенімше әңгіме айттық екеуміз:)

Қамырға:
а) бір банка қоюлатылған сүт;
ә) екі жұмыртқа;
б) жарты шәй қасық ас садасы
в) ұн қажет.
Алдымен, қоюлатылған сүтке жұмыртқаларды жарып, араластырып алған соң, ас содасын қосамыз. Қолға жабыспайтын дәрежеге жеткенше ұн қосып, араластырамыз да бөліктерге бөлеміз:


Оқтаумен жайып, бір-бірлеп табада пісіріп аламыз.

Енді кремге қажеттілер:
а) жарты литр сүт;
ә) бір банка қоюлатылған сүт;
б) 150 грамм сары ма;
в) ұн;
г) бір стақан қант;

Крем жасауға кірісеміз. Алдыңғы постымда қыздардан басқа крем сұрап ем. АКА екі түрлі крем ұсынды. Екеуін де жасадым.

Бірінші крем үшін 100 грамм сүтке екі ас қасық ұн мен бір стақан кантты салып араластырамыз. 400 грамм сүтті баяу отқа қойып, дайындар алған қоспаны қосып, араластырамыз. Қоюланғанша араластырамыз, бірақ сүт қайнап кетпеуі тиіс. Суыған соң 50 грамм сары майды қосып, араластырамыз.

Екінші кремді дайындау үшін қоюлатылған сүтке 100 грамм сары майды қосамыз:



Кремдер дайын! Енді пісіріп алған жайманы бірдей көлемде кесіп аламыз. Екі кремді кезегімен жаймаға жағып шығамыз. Жайма қалдықтарын уақтаймыз. Немесе мен сияқты печеньені уақтауға да болады:



Шоколадты ерітіп, жазу жазуға да болады. «Ержан» торты да дайын!

- Не пісірем?
- Рожки пісірсең де болады! ©


Сомен, рожки пісіреміз.
Үйдегі кез келген көкөністер жарай береді.
Көкөністерді қуырып алған соң, рожки саламыз да, біраз қуырып, үстіне су құямыз. Он минутта «Рожки» де дайын!




- Не жетпейді? ©


Әрине, салат пен сущи жетпейді)!

«Краб таяқшалары» салатына:
— қайнатылған күріш;
— краб таяқшалары;
— қызанақ;
— қияр;
— жүгері;
— майонез қажет!

Бәрін бірдей формада турап, майонезбен араластырамыз.
Ал, сущиге бүгін тек сосиски ғана қоспадым. Қалғаны бұрынғы мәзірдегілер:)



Пысы: Бұл байқаудың посты.
АКАға үлкен алғысымды білдіремін! АРБ!

51 пікір

qyrmyzy
қап ай а, тазалықты ұмытып кетіппін:)))))))))))))))))))))))))
followme_alik
Ырыс қонды-ау, ырыс қонды-ау… Бәрін де күткем. Бірақ, теңдесі жоқ «Ержан» тортын никак) тамаша мәзір. Шын көңілмен жасағаның жасағандарың көрініп-ақ тұр… Дастарханның көркін келтірер мәзірің жеңіске жетелейді-ақ. Мақтанышымсың © ;)
yum-yum _ tasty )
qyrmyzy
Кідәйім сол, саған да торт арнаймын әлі © Көркемнен жұқты. Рахмет үлкен. Күтіп отқаныңды білмедім, тездетер ем:)
qyrmyzy
Көз тиіп кетер деп суретімді салмадым, ық ық!
ardak1996
Күшті шығыпты, мамаңыздын туылған күні ме? құтты болсын.Неғо, енді біздің ауылдың жігітін, қайынініңіз ретінде шайға шақырдыңызба?
qyrmyzy
рахмет! Менің емес құрбымның ммасының туылған күні болған. Менікі көмектесу ғой. Ініммен бүгін кездесеміз дегенбіз. Босағанда хабарласатын болған. Күтіп отырмын.
Korkem
Огооо! Торттарың көз тартады! Әне, қолымнан түк келмейді деп жүріп торт істеуді де үйренівалдың! Тамаша! Алдымды орап кетіпсің))))
qyrmyzy
Аспазшы жасаған да Айтабер! Рахмет үлкен. Сендердің септіктерің тиюде:) АРБ! Қой, алдыңды орап қайтем, менікі тек қатысу
Ais_97
Жарайсың Қырмызы,қолың дерт көрмесін!!!
qyrmyzy
рахмет! Үйренвал, Париға жасап бересің
pari
Сілекейім шұбырып жегім кеп кеттіғо
qyrmyzy
Айсараға айтсаң, асап беред:)))
Ais_97
Қырмызы хехе:)))
AL-ASTER
Ох, аспан әміршілері. Қарын ашып отырғанда. Тост көтергенде АКА мен Қырмызының қолын берсін деп тілейік онда.
AKA
Осындай амиголар барда өмір керемет, рахмет!
AL-ASTER
Рахмет маған кәмпит те болмайд, рахметтің орнына единицамен алғыс білдіру салмақтырақ болар ма еді.
AKA
Қоймадкенсің, әлі айтып жүрмісің? «Бәрі кешірім сұрай салумен бітсе, заң мен полиция не үшін?!» дейсің ғой енді
AL-ASTER
Айтаберде айта бергім келеді, айта бергім. Осы заң бірінші шыққан ба, полиция бірінші шыққан ба?
AKA
Айта алалаламайдкем
AL-ASTER
Осының алдында жұмыртқа мен тауықтың да қайсысы бірінші екенін айталалаламаған амигоны табанда атып түсіргем.
qyrmyzy
Ал астердің басын берсін дим онда:)
AKA
Не ғой сіңлім, мәләдес! Джанееееееееееееем сол, тәп-тәтті, сендермен отырып тағы бір шәй ішетін күнге де жетейік, инш!
torpedaip
Бәлту, бәлту, айта беретін қыздарымыздың қолы дерт көрмесін, мынау айтабер кизет емес, кулинар кизет болып кетпесе болғаны )))
qyrmyzy
Рахмет! Несі жаман?
Zhanat
түрлі түсті жасапсыз ғой, сәттілік тілеймін.
qyrmyzy
Рахмет! Тырыстым!
qyrmyzy
Рахмет! Қалай дірілдеген?
qyrmyzy
ық ық, рахмет! Жазуым жәмән болғандықтан қолым дірілдеп кеткен ғой
qyrmyzy
Erzhan ға арналады жоғарыдағы торт!
qyrmyzy
Вощщем, мына кучт жігітке:
Abylai
Qara balasyng desem renzhidi. Endi ne deyin. Bidai o'ngdi bala qalai degenmen o'zenning balasy. Munaimen tustes.
qyrmyzy
каз көкесін көресін қарабаланың
Abylai
Kutip otyrmyn. Jarty sagattan keiin tan atady
qyrmyzy
бізде атқойд таң:)
Abylai
Sotkamnyn zariyadkasy oldi (
qyrmyzy
Зарядкаға қой да, оқи бер:)
AKA
Жалпы дим да, тақырыпқа қарап ойланып жүргеніме көп болды. Наполеонды айтам да, Бонапарт десек… Ошым, өткендегі мәлесе ойымнан кетер емес…
qyrmyzy
қандай мәселе?
Abylai
И не?! Не и?! ©
AKA
Ялма енД, түсінемін, оңай емес таңдау жасау…
Abylai
енді өйстетің ғо, өзіңе арнап жазба жазған жігіт ну енд былай кетіп қалғанына мені кінәләйтындайсың ба қалай қалай өзі
AKA
Қызғаныш не істетпейді, бірақ сонда да тақырып шо та біртүрлі…
AKA
Уааау, уау, уау! :)))
Manshukn
Күштіііі))) Ох, суши, не ғо сушидің ортасындағы қызыл помидор ма?
qyrmyzy
аха, помидор, бір күні жасап шақырармын сені
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.