Менің қолымнан шыққан тағамдарға берер сіздің бағаңыз қандай?

Асыңыз дәмді болсын! /
Барша айтаберліктерге сәлем!
Жұма күнгі тілеген тілектеріңізбен жасаған жақсылықтарыңыз қабыл болсын.
Астана күні құтты болсын.
Байқау ұйымдастыруымның бір мақсаты қатысушардың ұсынған мәзірін болашақта жасап үйрену болатын, сол мақсатымды бүгін жүзеге асырдым. Байқаудың қатысушысы Аликонаның ұсынған пирогын пысыдым(оның жасалуы жолы мына жерде), жасалуы оңай екен, Мәзірді ұсынған Аликонаға сұрағым бар, құймақты пысырғанда біраз қиыншылық туғызды, қою болып коймалжың болып табаға жайылмай қойды, содан мен аздап сүт қосып жібердім, сүзгімен екінші жағына аударғанда ортасынан бөліне береді, неге?


Массагет ойын сауық порталындағы аспаздық бөлімінен «Күн мен түн» тортын бүгін екінші рет пысырдым(құрамы мен жасалу жолы мына жерде). Бірінші жолы жасағанда ортасынан бөлуде аздап қиналғанмын, дұрыс бөлінбей. Көре көре көсем, сөйлей сөйлей шешен боласың деген мақал бар ғой қазақта сол сияқты осы жолы жақсы бөлінді.



Бүгінгі реалдағы күніме баға беріп жіберіңіздер.
Байқауға қатысып жатқан қатысушыларға сәттілік тілеймін. Сіздерге рахмет менім идеямды қолдап өз өнерлеріңізді көрсетіп жатқандарыңызға. Болашақта басқада қатысушылардың ұсынған мәзірлерінде жасап үйренемін.
Айтаберлік жас қолданушылар сіздерге айтарым, жақсыдан үйрен жаманнан жирен деген атамыз қазақтың жақсы бір сөзі бар осы сөзді көкейлеріңізге түйіп, өмірлеріңе серік етіп жарқын болашақтың жарық жұлдыздары болып биіктерді бағындырыңдар, ағалық тілегім осы.
Ал блок әлемінде бұрынан жүрген блокшы деген қауымның сері жігіттерімен сұлу бойжеткендеріне айтарым әсерлі жазбаларыңмен қаламдарың ұштала берсін! Шығармашылық шабыт тілеймін.!
ПЫ: СЫ: соткам фотоаппараты дұрыс түсірмеді суретке, бұл тамақтарды жасауға 10жастағы қарындасым комектесті, соның көмегінің арқасында.

30 пікір

AKA
Тортыңыз жабыспапты ғой?! Жап-жақсы дайындапсыз.
Zhanat
жабысқан жерлерін жапсырдым гой пышақпен алып. рахмет.
alikona
иә, менде де сондай қиыншылықтар болды, баста мен кәдіні көп қосып жівердім, одан бірінші табаға салып көргенде асты жабысып қалды, бірақ кейін тағы бір жұмыртқа мен ұн қостым, сонда нормально болды! сіз духовкаға пісірдіңіз бе?
Zhanat
жоқ, құймақты духовкаға пісіере ме?
alikona
жоқ әрине, просто суреттегі духовканың тартпасына ұқсап кетті))
Zhanat
арасына майонезбен ірімшікті жағарда духовканың тартпасына салып жасағам
alikona
аа, түсіндім
followme_alik
#CookMan _ Біз де қалысамыз ба)) 10-нан 10. Керемет)
AKA
Торттың арасына не қосылған?
Zhanat
арасына варенный сгущенка жақтым, одан басқа ештеңе қоспадым.
Korkem
Мяяя мұндай да өнерің бар ма еді? Ғажап қой мынау! Қолың дерт көрмесін, рахмет!
Zhanat
рахмет, басқа қандай өнерімнен хабардар едің?)))
Korkem
қою болып коймалжың болып табаға жайылмай қойды, содан мен аздап сүт қосып жібердім, сүзгімен екінші жағына аударғанда ортасынан бөліне береді, неге?
Кабачок өзі кілегей секілді жабысқақ келеді, жұмыртқа, ұн, сода, тұз қосқаннан кейін жақсылап араластырсаң, құймақ секілді болады. Жайылмаса құйған ожаумен жайып жіберуге. жұқа жерлерін толықтыруға болады.
Zhanat
рахмет келесіде солай жасармын.
Manas
Тамақты қатырады екенсіз)маған ұнады)әліде күмәнім бар
AKA
Енді сезіміңді арнап дегендей…
Zhanat
онда жекеде білдіресіңбе әлде осы жерде ме сезіміңді, айтар жауабым көгілдір емеспін
Manas
AKA
Қой енді, ұят болады, ағаң ғой. :)
Manas
Айтуыңыз жөн)Әзілғо) Жанат аға)көңіліңізге алмаңыз)
Zhanat
))))))) жоғада ренжімедім Манас апай)))
Ais_97
ЖАРАЙСЫЗ ЖАНАТ АҒА, РАХМЕТ!
Zhassiko
Супер фотошоп..))
Zhanat
Фотошоп??? дәлел керек пе? мына жерге барып кайтыңызшы, содан кейін мына жерге
Zhassiko
не болып кетті өзі? Мен тек сіздің салатыңыз айдай жарқырап тұрғанына ырза болсам, алыстағы салаттар көріп кеттім ғой
Zhassiko
айм сорри пирог
Araika
Жақсы пысырып қояды екенсіз! Жарайсыз, жалғастыра беріңіз!
pari
Ең соңғы суреттегііі сурет сілекейімді щұбыртып жіверді.Әдемі!
torpedaip
Әпетитті ашты ғой шіркін!!!
mairosh
ням ням дәмді көрінед)) ЕНді бізді шақыратын шығарсыз сол түстікке?)) Сосын жазбаны қайта оқып қатесің дұрыстап жібересіз бе? Әріптер үлкен болған соң көзге оттай басылар екен)))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.