"Ханшайым" торты ЖаССикомен бірге...(байқау)

Асыңыз дәмді болсын! /
№8 қатысушы ЖаССико, Zhanat ұйымдастырған Айтабер байқауы үшін…
Ыстық күн ізіңді аңдып қоймады ма? Олай болса, үйге барып, керекті ингредиенттерді алып, жұмсақ әрі тәтті, дастарқанды жаратын, салсаң аузыңда балқитын, оп-оңай, әрі тез дайындалатын «Ханшайым» тортын бірге жасайық!
Керекті ингредиенттер:
°• 800грамм айран (қою)
°• 6 жұмыртқа
°• жарты банка қоюлатылған сүт
°• 200 грамм маргарин
°• 2 стақан ұн
.
.
.
.
.
.
.
.
Бұл торттың бір ерекшелігі шекер қосылмайды екен.
Ал, ендеше бастайық.
Жоқ, қоя тұр, көңілдеріңізге позитив сыйлайтын бір әнді ұсынсам деймін. Назарларыңызда Oceana-ның орындауындағы Endless Summer әні


"Өуп, бісіміллә" дейміз де, қолымызды жуамыз, тазалықпен бастаймыз.
1) Қамырына: Маргаринді темір ыдысқа салып, кішігірім отқа қоямыз.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.

2) Оттықты өшірмей, үстіне бір стақан ұнды аз-аздан салып араластырамыз.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
3) Оттықты өшіреміз де, үстіне тағы да 1 стақан ұнды қосамыз.


.
.
.
.
.
.
.
.
.
4) Үстіне бір-бірлеп 6 жұмыртқа саламыз. Мұқият араластырамыз. Бірден салсақ, дәмді шығуы екі талай.
Ескерту: Міндетті түрде жылдамырақ қимылдаймыз!


.
.
.
.
.
.
.
.
Жалпы, қамыр қатты я сұйық болмай, қолға жапысқақ болып шықса болғаны.
.
.
.
.
.
.


5)Креміне: Бұл енді оп-оңай. Айран мен қоюлатылған сүтті мұқият араластырамыз.


.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.

Көріп тұрғандай, айран мен қоюлатылған сүт мұқият араласып жатыр.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
6)Ал, енді не істейміз?...
Қамырды орналастырмас бұрын, лист (тапаны) маргаринмен сүртіп аламыз.

.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
7)Енді, қамырды арнайы кондитерлік ыдыспен листке құямыз. Аталмыш зат үйіңізден табылмаса, сүттің, тұздың қапшығын алып, ішін тазалап жуып, пакеттің бір ұшын кесіп, екінші ұшын қолымызбен мықтап ұстап алып, қамырды листке құямыз.

.
.
.
.
.

8) Әрбір қамырдың арасы 1 см, ал оның ұзындығы 5 смден артық, я кем болмауы тиіс. Ары қарай пешке салып жібереміз.

.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
9)Оппәлә, қамырымыз пісті.

.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.

10) Бір ыдысқа саламыз.

.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
11) Орналастырып болғасын, бетіне кремді құямыз.



.
.
.
.


.
.
.
.
.
.
.
.

13) Шоколадты теркадан өткізіп, дайындап қоямыз.

.
.
.
.
.
.
.
.
.

.
14) Ууфф, бітті… Бұл жерде жаңағы шоколадты торттың бетіне безендіру үшін себу керек.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
15) Мынау мен, қолымда «Ханшайым» торты.
Шаршап кеттім, Астарыңыз дәмді болсын!

88 пікір

AKA
Уа-чааа, мәләдес! Әрлеу жағын тағы да қарастыру керек екен. :)
AKA
Креміне: Бұл енді оп-оңай. Айран мен қамырды мұқият араластырамыз.
Мына жерінде шатасқан жоқсың ба? Қамыр емес, мүмкін қойытылған тәтті сүт болар.
Zhassiko
иә, дұрыс айтас, қатемді туралап қойдым, он рет өңдеген шығармын осы постты. Рахмет..))
AKA
Айтпақшы, не үшін «Ханшайым» деп аталған екен?
Zhassiko
Негізі Дамский торт, пішіні өзгеріп кеткен соң, аты да өзгеріп кетті..))…
Yasin
Сопақ торт деу керек еді
Manas
оо тамаша), бетіне кремді құймай, бауырсақ қып жей берсе қалай болады)
Zhassiko
Тұзы я шекері жоқ, жалпы өзін жегенде тәтті болмайды негізі…
aitaber
Менің інім қайда қарап жүр, осы???
Ayala
інілерің сенің бітпейді екен...
Zhassiko
Сірә, інім деп жүрген өзіңіз емес пе?
Zhanat
қантсыз тортта болады екен ау, сәттілік тілеймін байқауда
Ayala
жақсы екен +++++1… асіресе торттың аты ұнап тұр, Ханшайым деген… Саған саттілік тілеймін ..
Zhassiko
Рахмет… негізі атын өзім қойып алғам… хД))
Ayala
тамаша екен, тауып қойыпсыз
Korkem
Ого, ғажап! ӨЗің оданда өткен ғажапсың)))) қолың дерт көрмесін, сәттілік тілеймін саған!
Zhassiko
Рахмет, сен де меннен асқан ғажапсың..))
AKA
Бірақ, «Мен жеңуім керек» деш
Zhassiko
Ілмектер соған арналаД)) Сонымен қашан екінші тур басталаД екен а?
qyrmyzy
бердік жолымызды:)
Zhanat
осылай оп оңай жеңілетініңізді мойындай саласыз ба))
Zhassiko
мойындап қойд уже..))
qyrmyzy
қарсыластарымызды жігерлендіру ғой тек:)
Zhanat
бәсе, сізді сондай ма деп ойлап қала жаздап едім
pari
О тамаша, сөз жоқ, керемет жасалған.Сол баяғы сілекейім шұбырып отыр, кім маған жасап берер екен деп Айтаберде күтіііп жүрмін.Қырмызы апамнан күтіп қоям.
Zhassiko
Қырмызы апа уже бірінші турда жасап қойды емес па?
pari
жоқ жеке димда байқауға қатысы жоқ бұл жерде менің пікрімнің
qyrmyzy
арманда, қоян құрлы жоқсың ба? ©
Арманда, арман тегін ©
alikona
Күшті, жоғарыдағылардың стандартты пікірлеріне қосылам))малодец!
torpedaip
охо, айтабердің мүшелерінің қолдарынан бал тамған ғой шіркін
yerbol89
Хе-хе-хе Саке омен қоса тельманның қызы келіншегіңнің сіңлісі ))))) Бакентидің бөле қарындасы болып келеді. Сол ойлап қоямын Тельманның қыздары пысық болып келеді екен.
Zhassiko
түүш...ұялып қалдым ғой
pana
темадан алыс адам оқыса ішіп кететіндей-ақ екен)
followme_alik
Khanshayimnan khanshayim) _d@mdi ..zhenys tileimyz. ((((:
Zhassiko
Уайбууу, торт жасаған соң 1-2 сағат күте тұруды ұмытып кетіппін, сол кезде ісініп, көбініп шығад екен.
qyrmyzy
ісініп, көбініп
Деген не?
Zhassiko
ісініп деген былай ғоо.
followme_alik
Демек, «Көтерілуі», «толуы», «формысын ұлғайтуы» ғой..)
Zhassiko
тілге бай екенсіз..)) Демеп жівергеніңізге рахмет…
AKA
Байқадың ба, шоколадты ерітіп құйған. Осылай жасағанда күЧт болар еді. :)
Zhassiko
Оданда шоколадный молоко сатып алғанып жақсы еді ғой.
ardak1996
охоооо жақсы көтеріліпті)))
Ұсқынына қарасаң, жегің келмейді екен)бірақта еңбегің үшін +
Zhassiko
расчет..)) мен де пікір жазғандарға + қоя берин.
qyrmyzy
Кучт, тема тор кен, кішкене әрлеп жіберсең, уаще тема болады. сәттілік:)
Zhassiko
Рахмет..)) әрленіп, сәнденіп жеткен жері осы..))
Zhassiko

мына суреттен ештеңе байқамадыңдар ма а?
qyrmyzy
«Айтабер» ық ық, таптым, бесжүзединица лақтыр
Zhassiko
Тапқырлығыңызға тәнтіміз..))
қоя тұрың, осы байқауда жеңіп қалсам, обез. сразу сізге лақтырам..
qyrmyzy
жолымызды бердік сізге
Zhassiko
единицаға бола ма?
qyrmyzy
вахаха, дауно бергем жолымды. Сосын сыйлық бірлікпен берілмейді
ardak1996
Дәмді көрінеді, өзіңіз оданда өткен сұлусыз.
Осы тортты орысша «дамские пальчики» деп айтпайды ма?
qyrmyzy
Осы Ардақ білмесе, білмейді екенбіз. Аты күчт кен. Сен неге қатыспадың??
ardak1996
Менің қазір уақытым жоқ еді интернетке көп шыға алмаймын. Арасында бір шолып кетемін)
Zhassiko
Ыы рахыет..))…
Дәл өзі ғой, Қырмызы екеуің енді бесжүзединицаны бөлісівалатын болдыңдар…
торт күштиии еккен… дегенмен оны кәдімгі торт құсатып дөңгелетуге бола ма? Жасико?
Zhassiko
Рахымеь)) Өз қалауың, мен жасаған торт бастапқысынан өзгеріп кеткен соң, сен де өзгертуіңе болады..))
ardak1996
Былай ғой мына тортты көбінесе әйелдің саусағы сияқты формада жасайды.Және егерде сіз 20-30шақтысын пісіріп бір-бірнінің үстіне дөңгелетіп қойсаңыз торт сияқты болады))
Zhassiko
ыы негізі солай ғой… Осының бәрін қайдан білесіңиии… Шынымды айтсам өмірімде тортқа ұқсамаса да бірінші рет торт жасап отырмын, соныма өкініп отырмын..:(
mairosh
Керемет Жақсыгүл, айтарға сөзім жоқ!
dimash
Мынау менін жазганым гой, байқамай Майрошпен жазылып кетіпті
AKA
Осы пікірге қосыламын десең де болар еді ғой…
dimash
Күлкілі болды иа, ххх!
Zhassiko
Рахмет діп..))
pari
Керемет Жақсыгүл,
есімінің кім еекенін біліп алдым рахмет:)))
Zhassiko
Қорқып қалдым ғо чо та, джекеде сұрасаң айтатын едім ғой..))
pari
сұрауға ұялып жүрдім ше?
Zhassiko
сұрауға ұялып жүрдім ше?
осы сұрақ белгілерің таусылмайды екен...))
Qarabala_95
Анауыңның түрі біртүрлі екен ұнамады!
Zhassiko
Мына пікірің бір түрлі ұнамады! ық-ық))
Zhassiko
жазавверіңдер, мен на байқаудан шығамын..)) жинаған баллымды қатысушыларға бөліп бердім
AKA
Көтер қане басыңды! Қалай бұның?!
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?!
Қойшы енді осындайды, оңай жеңіле салғаның ба?
Zhassiko
Көтердім мен,
мына қара басымды.
Байқауға деген шабытым,
Су сепкендей басылды..
Zhassiko
кімнің түрі немес ненің түрі? Анауы кім а?
Куштіііііііі екен
Zhassiko
ого, рахмет..)) сіз ба маған плюс қойған, рахмет-рахмет, ++ке зар болып жүрміз на байқауда.
окасы жок ЖаССико
pana
мяя мына күні бірдеме істеп жүрген қандай молодецсің! ыстықты айтам да, күшті) мықтыларың жеңіңдер))
Zhassiko
рахмет..)) Енді байқаудың аты байқау екен…
qyrmyzy
Миксер хочууууууууууууууу
Zhassiko
Бердік жолымызды..))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.