Картопты котлет

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлеметсіздерме! Түскі асқа жеңіл, тез дайындалатын картопты котлет пісіреміз.
Қажетті тағамдар:
3 картоп
3тілім нан
1жұмыртқа
1 кішкентай жуа
1 шәй қасық тұз
Дәміне қарай бұрыш

Алдымен картопты тазартып, ашып алып теркадан өткіземіз


Оған жұмыртқа, тұз, бұрышты қосып араластырамыз

Сосын бір ыдыс алып нанды жылы суға 3минут салып қоямыз

Жуаны майдалап турап, нанды картопқа қосамыз


Сосын табаны қыздырып, фаршты домалатып,сосын қолымызбен устінен басып жалпақтау қылып табаға саламыз

5минусттан кейін асты піскен соң келесі бетіне аударамыз

Міне, дайын болды! Асыңыз дәмді болсын!
Айтпақшы бол постты Алишерге арнаймын, және уәдем орнында, сәл кейінірек орындасам ба? деп, улкен өтінішпен уақыт сұраймын)Не жазарымды білмей жүрмін...

37 пікір

qyrmyzy
Мя, өте жеңіл жазылыпты, жасағым кепкетті. Қаз үйге барып жасаймын ау… Сенің байқауға қатысқаныңды қалап ем… Маддис, жарайсееең
ardak1996
ия, тусінбеген жерлеріңіз болса, сұрай беріңіздер.Тез дайындалады және өте тойымды.
followme_alik
Уәдемді орындадым деп есептей бер. Кермет) _ Қолың дерт көрмесін, Аяулым _ © _))
ardak1996
рас па? ооооо рахмет)))
qyrmyzy
әй, бабник ай, АКА қайда қалды???
ardak1996
қате түсінбеңіз Аяулым менің екінші есімім)
qyrmyzy
мәәә, есімдерің әдемі екен. Маған да біреуін тауып биш
ardak1996
Жаңылай, Қырмызы әдемі емес пе?
qyrmyzy
Тағы бір есім артық етпейді
alikona
Zhassiko
күлгеннен кейін былай күлу керек
torpedaip
керемет, казір мына мониторды жеп тастаймын!!!
followme_alik
пернетақтадан баста)
alikona
Zhassiko
не боп кетті?!
alikona
түсінбедім???
Zhassiko
екі сөзбен екі адамның іші қатыватр..))
alikona
Алик жарат ващее)))))))
Zhassiko
іші қатыватр
екі түрлі мағына береД екен.
monti_1990
кішкене фарш қосса ештеңе етпей ме әлде картоптың өзі ғана дұрыс па
ardak1996
кішкене болса ештеңе етпейді.Егер етсіз тағам батпаса))))Қоса беріңіз.
Ай осы айтабердің арқасында мен біртіндеп тамақ жасап үйренетін болдым ғой.Қолдарыңыз дерт көрмесін! Бүгін кешке осы котлетті істеп көрмесем...үйдегілерді таң қалдырып…
banzaika1990
Айтаберлік аспазшы қыздардың арасында ас пісіре алмайтын, «Ақ қарға» боп жүрген мен ғана ма десем))))))))))))))))))))
ardak1996
уйрене беріңіз.қай жылғысыз? Жасап көріңіз
alikona
Мә, тамсандым, менде жасап көрмесем,өттте оңай екен!
Zhassiko
Тәтті тағам дайындаудың шебері екенсің ғоо..)) Ризамын, бақытты бол!
Zhanat
тез жасалынатыны көрініп тұр, жұмыстан қарын ашып келгенде жасауға болады екен
mairosh
Тәттііі ))))))) айтпақшы кез-келген нан жарай бере ма? Мысалы тапанан не бөлкеннан дегендей?
ardak1996
ия, жарай береді мен қара нан мен таба нан қостым.
Жаңа ғана жасап көрдім.Өте дәмді шықты! Тек ортасы кішкене шикілеу болды ма… Котлетті қалыңдау қылғаннан шығар...Әйтеуір үйдегілерге жақтым, рахмет сіздерге.
ardak1996
сол ушін котлетті домалатқан кезде қолыңызбенен үстінен қаттырақ басып, жалпақтау етіп салыңыз табаға.Оқасы жоқ.Ас болсын)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.