"Тещин язык" салаты

Асыңыз дәмді болсын! /
Баршаға сәлем! Айтаберлік қолданушылар күн сайын түрлі дәмділерді дайындап жатқасын, мен де қалыспайын дедім.Бүгін мен сіздермен «тещин язык», немесе қазақша аударғанда "Қайын енемнің тілі" деп аталатын салаттың рецептімен бөліскім келіп отыр.Атының неге олай аталатынын білмедім, бірақ мамам солай деген болатын.Бүгін кешкі асқа қосымша ретінде мамам екеуіміз дайындаған болатынбыз.Ал, пікірлеріңізді кейін айта жатарсыз.Ендеше, бастайық!
Алдымен, бізге керек заттар:
-2 баклажан
-2 қызанақ
— майонез
— 2шт. сарымсақ(чеснок)
-2 жұмыртқа
-тұз.
1.Алдымен қызанақты жіңішкелеп кесеміз.
2.Сарымсақты мааайдалап тураймыз да, бір кесеге саламыз.

3.Кеседегі сарымсақтың үстіне майонез құямыз да, оны қасықпен араластырамыз.
4.баклажанды жіңішкелеп кесеміз.
5.Табаға көбірек май құйып,қыздырамыз.
6.Бір ыдысқа жұмыртқаны жарып,үстіне аздап тұз себеміз, араластырамыз.
7.Табаға көбірек май құйып, газды жағамыз.
8.Май қызған соң, кесілген баклажанды жұмыртқаға малып, батырамыз да, содан табаға салып жібереміз.
9.Баклажанның асты қуырылған соң, мына бетіне аударамыз.
10.Қуырылған баклажанды ыдысқа қойып, суығанша басқаларын да солай қуыра береміз.
11.Қуырылған баклажанды тақтайшаның үстіне қоямыз, сосын қызанаққа шай қасықпен соусты(сарымсақ пен майонез)аздап жағып, баклажанның ішіне салып, бүктеп, ораймыз.
12.Баклажан біткенше, бәрін солай жалғастыра береміз.
Сонымен, салат та дайын болды! Ас дәмді болсын!!!

50 пікір

AKA
Жақсы, тек баклажанды 1 сағатқа тұзды суға салмайсыздар ма?
nurgazina
Жоқ, оны тек қуыру қажет.
AKA
Негізі тұзды суда ұстаса баклажанның ащысы кетіп, жақсы қуырылады.
qyrmyzy
туралған баклажанды тұзды суға сала ма?? Толығырақ…
AKA
Иә, тұзды суға салып қою керек. Сосын барып жұмыртқаға батырып, қуыра берсе болады. Керемет салат қой жалпы :))
nurgazina
Мен өзім ащыны жақсы көрем.Тілің күйіп отқан керемет емес пе??
AKA
Ойбай-ау, ондай ащы болмайды, жалпы тұзды суда жақсылап тазарып, ісініп, күшті қуырылады деймін. Әркім әр түрлі жасайды, мен өз әдісімді айттым.
qyrmyzy
Жұмыртқаға не үшін?
AKA
Жақсы піседі, гүмпиіп, бірақ бұл салаттың майды көп сіңіретіндігі болмаса былай жақсы.
Yasin
АКА, онда енемнің тәтті тілі болып қалады ғой
qyrmyzy
енеңіздің тілі ащы ма еді?? Енемнің тілі тәтті болсын деп қантты аямай қосып жасаймын — ау:)))
Yasin
Аллаға шүкір енем жаман емес тәтті ғой шіркін
dimash
енем жаман емес тәтті ғой шіркін

Сонда сіз енеңізбен де… оһһһ…
Yasin
Аллаһ сақтасын тәтті дегенім қызын қайрап от салмайды қызының бақын ойлайды күеу баласын өз баласындай көретіндігін айтқанмын неге алдымен ойларыңа жаман жағы келеді?
qyrmyzy
соны айтам дае, неге олай дит? Ващееееее дееп бензин бовотқан ба?? Ық, ық! Сәлеметсіз бе?
Yasin
Сәлем Жако! кім қандай болса өзгені де солай көреме
dimash
Сонда сіз енеңізбен де жақсы қарым қатынаста екенсіз ғой, оһһһһ барлығымызға да сондай енен болсайш
Кімнің ойына жаман жағы бірінші келді…
Yasin
солай десеңші мына жазбаны жеңгең көрсе біттіғой
AKA
Дұрыс айтасыз, аға. Сіздің сөзіңізді дұрыс мәнісінен ұқпапты.
qyrmyzy
Жұмыртқаға малымайды екем, баклажанның өзің майға қуырып, үстінен майонез жағып, помидор қойсаң… воооо, енемнің тілі тәттііііі болады. Солай болса екен:)
qyrmyzy
Айнолайын, суреттердің көлемін кішірейтші…
nurgazina
қооо,қырмызы ол жағын білмедім.Өзі шыққанда солай шықты, мен де таң қалдым, негізі кішкентай сурет еді.
pana
атын бүгін естіп тұрмын)
Qarabala_95
Түрі біртүрлі екен.Шамалы сиақты.Бірақ дәмі ерекше шығар енді иә, Жә ++++
Araika
Баклажанды тұзды суға салу қазақшалап айтқанда уынан арылтумен бара-бар. Сондықтан мұқият болған жөн!
torpedaip
Бүгін жедім осы тағамды, өте дәмді, уау!
Korkem
Біз баклажанды дөңгелетіп турап, пісіріп істейміз. Болмаса кубик етіп тураймыз да бауырсақ пісірген майға салып қозғап-қозғап бір қуырып аламыз да, қызанақты да солай турап майонез чиснок салып араластырып та қоямыз, осы түрі тамаша. Аты қызық екен)))
nurgazina
осыдан кейін өткен күні тағы істедік салатты.Сонда біз де дөңгелек қылып кескенбіз,үсті-үстіне қойдық сонда.Жалпы, мынаған қарағанда, дөңгелек түрі ыңғайлы екен.
Korkem
иә, сонымен бірге әдемі көрініске ие)))
nurgazina
көркем, не ғо… тағы осы сиқты салат, тамақтар, немесе жеңіл-желпі тіскебасарлар жазылған қазақша сайттар білесің бе?
Korkem
Жақында өмірге келеді)))
nurgazina
жеке сайтың ба???
qyrmyzy
«Енемнің тілін» салатын осылай жасайды екенмін:
Ayala
Қырмызы мынау керемет қо, «Енемнің тілі» Салаттың аты қызық екен. Менде дал осылай жасайм, тек баклажанды ортасына салам...
qyrmyzy
мен де енді естидим атын, рахмет
Korkem
аха, мен де дәл осылай
Azamat
Маған мұндай салат ұнамайды, жей алмаймын)
Delfina
Менде осындай кылып жасаймын. Бирак 1 баклажан мен 1 помидор гана коямын))) Жумырткага куырган жаксы негизи май шашырамайды.
Uleke
Zhassiko
уау, кушті ғой мынау)) Қырмызыныңкі де әдемі екен, жесең уаще әдемі..)) Мен осыны баклажанының өзін пісіріп жүретін ем, жұмыртқамен пісіріп көргенмін, жұмыртқаға бір малып қойып, сөйтсем ішіндегі баклажаны піспей қалыпты, но үйдегілер жеп қойД..))
Uleke
ондай-ондай боп тұрады))
Uleke
осылай да коюга болатын сиякты
didi0393
дәмді көрінеді! әттең дәмі мен иісін вирт.жіберілетін болғандагой! жарайсыңдар кыздар! жалпы өз басым баклажанды және баклажаннан жасалған тағам түрлерін жей алмайды екем,
Uleke
енді недоношенный әлем болған соң осы да)) басында мен де жей алмайтынмын, қазір ең сүйікті салатым)
didi0393
недоношенный әлем
???
Uleke
виртуалды алем
korwinin_kyzy
Эншейнде казакша казакаша дейтын едындерго ЕНЕМНЫН ТЫЛ деп казакша аударалмадындарма,,,,,,?,?,,
VVVWWW
Бұл сөздің неге қазақшаға аударылмайтынын (өзімше ғой енді) түсіндіріп кетейін, оның барлығы салт-дәстүрге байланысты, ортыстардың енеге деген көзқаасы мүлдем бөлек (қазақтар екінші анасы ретінде сыйласа, оларда ондай дәстүр жоқ)
korwinin_kyzy
WWWVVVVVVWWWW мен саған қарым қатынас туралы айтып тураган жокпын, қазақша аударын дедым актауша айтканда, мысалы орыстардын енемнын тылы деген сиякты )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.