Иісіңді сағындым...

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлем, Айтабер!
Бүгін өзіме демалыс жариялап, негізі, күнде демалыс, бауырсақ пісіріп ем. Сіздермен мәзірін бөліскім келіп отыр.
:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::
Қажетті заттар:
-Сұйық май;
— Ұн;
— Жұмыртқа;
— Майонез;
— Қант;
— Тұз;
— Ашытқы;


бауырсақ мәзірі

Алдымен, ашытқыны дайындаймыз. Ол үшін 5 қасық жылы суды стақанға құйып алып, оған бір қасық ашытқыны салып, ерітіп, 15 минутқа бетін жауып қоясыз.

ашытқы


Қамырын дайындау үшін бір стақан жылы су дайындап аласыз. Сосын бір ас қасық тұз бен қалауыңызға қарай қант қосасыз. Мен 2 қасық қант қостым.
Үстіне бір жұмыртқаны жарып жібересіз. Бір ас қасық майонез (немесе қаймақ) бен сұйық майды қосып, араластырасыз.



Дайын болған қоспаға ашытқыны қосасыз. Ары қарай ұн қосып, қамыр дайындайсыз. Дайын болған қамырды 1,5-2 сағат көтерілгенше бетін жауып қойған дұрыс.

Қамыр көтерілген соң, жайып, кез келген пішінге келтіруіңізге болады. Төртбұрышты, ромб, домалақ… Майды қыздырып, пісіріп аласыз.

Бауырсақ дайын:

Қырмызының бауырсағы

Мәзір АКАның көмегімен мынажерден алынды. АКАға АРБ!
Курсымның алғашқы сабағы. Банзайка, осы апта бауырсақ жасап, суретін салуың керек. Тағы да курсқа жазылам деушілерге есік ашық. Қатысушыларға тапсырма: бауырсақ пісіріп, суретін осында ілу керек. Сәттілік!

38 пікір

AKA
Уааау, жәнііім! «Мен сендікпін!» © :)
qyrmyzy
Жоғары жақтың арқасында, сенің септігіңмен жасалған бауырсақ. Рахмет, АРБ! 5-қауымдастыққа кеттік пе??
AKA
Керемет емес пе иә, бауырсақты жақсееееее көрем. Қолың дерт көрмесін, айнооолайын. :)
qyrmyzy
иісін айтшиш, еще қарның аш кезде уаще жәмән екен. Жеймін дегенше суып қалғаны болмад ше…
olzhabek
уаще деген созде неше әріп?
pari
ООО бауырсақ десе кез-келген қазақтың ойына ауыл түсері сөзсіз.Негізі ауылда апаларымыз той-домалақта садақа бауырсақты қазағымызыдың қара қазанына пісіреді.Далада астына от жағып қазанға піскен бауырсақтың тәтті болары сөзсіз.Қырмызы бауырсағыңыз өз бабында пісіпті.Рахмет! Ас болсын Айтаберліктер:)
nurgazina
мәәә!!! мен бауырсақ дегенге кәдімгі қамырдан жасалатын қарапайым бауырсақ па десем.Мынаның реяепті басқаша ғой! Дәмді көрінеді…
qyrmyzy
Қарапайым бауырсақ?? Менікі ВИП бауырсақ па екен??? Рахмет
nurgazina
білмим… бірақ мен білетін бауырсаққа қант, майонез қоспайтын секілді.Содан сенікі дәмділеу шығар деймін.
Yasin
Жегім кеватыр
qyrmyzy
ағасы, жеңгеге айтсаңыз, ертен түске дайындап береді:)))) Өз қолымнан Шымға барғанда жерсіз:))))
Yasin
Жеңгең қатырадығой қолы тимей жүр
qyrmyzy
шәй ішу керек еді…
Yasin
Сарыағашқа келсей
qyrmyzy
Шымға барғанда әбизөк соғамын, ИНШ, аға! Не го, қыздарға арналған курстың алғашқы сабағы нау, сертификат дайындай беріңіз:)))
Yasin
Қырмызы-ау тек аспаздықпен емес сиыр сауып тезек істеу жүн түтіп киіз басу дегендерді де үйретсек сонда қазағымның салт дәстүрінен шамалы болсада сусындап қалмайма кететін қыз қалаға барама далаға барама очм айтқанда спецз болу керек қо
qyrmyzy
Ондай посттарды ауылға барған соң жазармын. Немесе сіз жазыңызшиш. :)))))
pana
кескіні әдемі сондай!
qyrmyzy
рахмет, жасап көр! Оңай, ес че скайпта көмектесем:)))
Ayala
ОООО, бауырсақ, томпиии бауырсақ жеп қоям, керемет,Қырмызы… +++++++
qyrmyzy
көөөп, жей бер:) Рахмет!
banzaika1990
керемет, маддис екеніңді тағы да бір дәлелдедің.постты мәз боп оқып отырып астынан атымды оқығанда бірден түрім өзгеріп кетті ғой Осы демалыста қолымнан келсе бірдеңе қылармын
qyrmyzy
Рахмееет:) Әй, саған күнде демалыс емес пе??? Әпкелеріңнің көмегіне жүгінбекшісің бе?? ааа?? Дауай, бүгін істе! Кешке апайларың кеп, талып қалсын:)))))
banzaika1990
жоқ олай бомайт, үйде ешкім жоқта істеп рисковать етпей қояйын, бірдеңе атылып кетіп пәле болар, ))))))))))))))))
қалжың
Соңғы срок дүйсенбі болсын, жаңа бастап жатқандарға уақыт берсеңші плииииииз
qyrmyzy
Құдаайй-ау, не атылады дейсің??? Ештеңе етпейді деймін:) Ең соңғы срок жексенбі 00:00ге дейін:))))))))сенің постыңнан соң келесі сабақты бастаймыз:) Бәрі саған тікелей байланысты, ойлан!
Сосын несінен қорқасың?? Бәрін жазған сияқтымын??? Маған әпкелеріңнің жасағаны емес, сенің жасағаның керек, сол маңызды!
banzaika1990
жарайды, өзім жасаймын! жексенбіде! ))))))))
qyrmyzy
Бүгін не ертең жаса! :))) Жексенбіде апайларың жасайды
banzaika1990
Құп болады qyrmyzy ханым
qyrmyzy
ой, маддиис! Сәттілік!
banzaika1990
осы жазбаңды принтердан шығарып алдым да

асханаға қарай тарттым, жарты сағаттай әуреленіп, арбаға шегілмей-ақ қара терге түсіп қамырымды дайындап қойдым айтеу, мінекей

енді көтерілмей қала ма деп шошып тосып отырм, қалай шыққанын кешке салармын
AKA
Охоо, жаман емес, пісті ме енді? Көргім келедіііі :))
dimash
қара терге түсіп қамырымды дайындап қойдым

оппетитімді құрттыңыз ғой…
Іске сәт, кеш болды, сурет салмасаңыз «онша емес болған екен» деп ойлап қаламын.
qyrmyzy
Мәләдес! Жәрәйсеең! Көтеріледі, вайымдама! Көтерілген де шығар! Өалай болды екен? Абанйканың нөмірі бар ма???
nurgazina
Құдайым-ау!!! мен ашытқы деген не деп әлек болып жүрсем!!! Жоғарыдағы сілтемеден көрдім суретін! Сөйтсем, дрожь екен ғой, кәдімгі!!! Менің әжем айранға ашытқы дейді.Содан мен қамырға қайдағы айран деп жүрм ғой! уахахаха ішім жарылатын шығар қазір!!!
Korkem
мдааа, нағыз бауырсақ деп осыны айт!
AKA
Бауырсақтың да «нағыз» және «нағыз емес» дегені де бола ма?!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.