Бауырсақ желісімен жасалған "Хачапури"

Асыңыз дәмді болсын! /
qyrmyzy.aitaber.kz/profile/ға арналады

Барлық Айтаберліктерге жалынды сәлем! Бүгінгі күн бір ерекше күн болды. Ерекше болатын жөні бар, бүгін 13-і жұма емес па еді?!
Общ жағдай былай басталды ғой…
Танертен 10ға таман ояндым. Ұйқым қанған, көңілім көтеріңкі, төсегімнен жеңіл әндете тұрдым. Асықпай салқын суға рахаттана жуынып алып, сораптай отырып таңғы шайымды іштім. Сосын жақында ғана алған Жақау мен Дидидің "Қазағыма лайықты" атты альбомын қосып қойып жаймен үй жинауғакірістім. Барлық ісімді тындырып болып (бұл кезде сағат 13-00 шамасы) интернетімді қосып, Айтабердегі жаңа жазбалармен таныса бастадым. Көзім бірден qyrmyzyның Иісіңді сағындым жазбасына түсті. Ашып оқи бастадым. Бауырсақ туралы жазбаны құшырлана, жүзімде күлкі ойнай оқи бастадым. Соңында өзіме арналған бір сөйлемді көріп бірден түрім бұзылып кетті. «Мәәәә енді қайттім» деген ой келді бірден. Ал кеп бірден Жаконы істемей-ақ қойсам қалай болады деп жұқалай бастадым. Ол берілер емес. "Істейсің, болды бітті" деп қояр емес. Сонымен не керек «Жігітті намыс өлтіредінің» кері келіп, бойымды намыс билеп, Жаконың жазбасын принтерден шығарып алып, білек сыбана асханама қарай тарттым.
Қағазға қарай отырып барлығын дайындап алдым

Сосын қамыр дайындауға кірістім. Қамырым бір-біріне жабыспай біраз әлекке салды. Әйтеу ұн сала бергенім есімде. Содан не керек қамырым да дайын болған секілді.

Бетін жауып қойып қойдым да, «Ух» деп бір демімді алдым. Бір істі тындырып тастадым деп жеңілдеп қалдым деп ойласам, қайдағы… Бір сағат өтті қамырым мызғыр емес. Сол қалпы сіресіп жатып алғаны. Кәдімгідей шошиын дедім. Мына ісімнен ештене шықпаса кешке әпкем келіп "Өй пысық, әліңді білсейш" деп мазақ қылары анық. маңдайымнан тер бұрқ ете қалды.
2,30сағат өткеннен кейін қамырымның бетін ашып қалсам. О о о о о о. Томпиып, домаланып қалыпты. Билегім кеп кетті со жерде. Енді бауырсағымды жасайын деп кірісе бергенде бір ой келді. Жаконы бір таң қалдырайын деген оймен бауырсақтың қамырынан «Хачапури» істеп жібердім.
Оны былай жасайды, өткенде әпкем жасаған еді сол есімде қалыпды.
Қамырды жаямыз.

Үстіне ірімшікті үккіштен өткізіп саламыз.

Оның үстін дәл сондай жайылған қамырмен жабамыз.


Дайын болған қамырымызды духовкаға жөнелтеміз.

Шамамен 15-20минуттан кейін «Хачапури» дайын болады.



Дәмін енді сөзбен айтып жеткізу қиын. Үйдегілердің түрлерін де сипаттай алмаспын. Қамырым сондай жұп-жұмсақ, ауызда ериді. Общ керемет шықты.
qyrmyzyға мың алғыс. Көп рахмет. Тағы үйретерің көп екеніне сенімдімін, үйренуге дайынбыз.
Ал қарап отырмай «Хачапуриден» алып отырыңыздар Құрметті Айтаберліктер!
Пы/Сы: qyrmyzy бауырсақ жасамай қойғаныма ренжимеші иә, сені таң қалдырғым келді

25 пікір

Manas
Домбыра мен қобыздың әуеніне не жетсін)
pari
ОО мынаның түрі маған өте таныс. Мынаны анам дайындайтын бірақ біз оның атын «Хачапури» демейміз «НанПеченье» деп атайтынбыз. Иә өте дәмді жұмсақ болып піседі. Жақсы білемін.:)
banzaika1990
негізі «Хачапуридің» жасалу жолы біраз басқаша, бұл қазақша мақамға салынып жасалған «Хачапури»))))))))))))))))))))))
qyrmyzy
Мадддис!!! Жарайсеееең:))))) Нее го, листте үлкен, піскен соң кішірейіп кетті ме??? Келесі сабаққа дайындал:)
AKA
Төменнен санағандағы екінші суретте үлкен сияқты ғой.
banzaika1990
рахмет, жоқ, духовкаға салғанда тағы біраз көтеріліп үлкейді, фотаға тек кішкентайларын түсіргенмін ғой)))))))))))
Ayala
ОООО, күшті, жарайсын Қырмызының шәкірті… +++
pana
Қырмызының еңбегін қайтарыпсың) күшті!
banzaika1990
Қырмызыңы ұятқа қалдырмау үшін тырысып бақтық қой шама келгенше)))))))))
AKA
Қамыры қалың болып кетпеді ме? Есте болсын, түртіп алдым, рахмет! :))
banzaika1990
оқасы жоқ, ұнаса мен де қуаныштымын. Иә қамыры біраз қалыңдау, духовкаға салғанда тағы көтерілетінін ескермеппін
nurgazina
Ірімшік қосқасын өте дәмді шығар!!! Менің де жасағым келіп кетті ғой!!!
qyrmyzy
курсқа жазылшиш, теп-тегін ғо!
nurgazina
сенің курсыңа ма? Әлбетте жазылам!
qyrmyzy
Шәкіртім менің, қайда жүрсің?? Сағынып қалдым ғой! Сенімен жақынырақ, өте жақынырақ танысқым келеді
banzaika1990
менің демалысым дүйсенбіден-жұмаға дейін ғой. сенбі үй жұмыстарымен айналысып компқа жете алмай жүргенім ғой)))))))))) менде сені көргім келіп жүргені, Алматыға жол тартамын ғойдим )))))))))
qyrmyzy
кесеңдершиш, Ерж кетіп, уаще жалғыз қалдым:)
banzaika1990
әпкем «грузить» етіп қойды))))))))))))))))))))
Korkem
күлдіресің, істеймін десең бәрі келеді қолыңнан. Дерт көрмесін қолдарың"
Azamat
Мен жасадым, күшті болып шықты!
banzaika1990
о о о керегіңізге жарағанына қуаныштымын! «Начинающий» аспазшыға бұдан артық не керек
qyrmyzy
сурет в студию!!!
Azamat
Жеп болған соң қайдағы сурет =)
Korkem
муахахахах
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.