Дімләма

Асыңыз дәмді болсын! /
Бүгін кешкі асқа дімләма дайындадым. Біржола сіздермен де мәзірмен бөлісуді жөн көрдім.
Ең алдымен қазанға (тек қазанда дайындалатын тағам) 2-3 ас қасық май құямыз, сосын жас малдың етін турап саламыз (қозы, бұзау еттері қатып кетеді)

Пиязды (жуа) ірі етіп турап еттің үстіне саламыз

Сәбізді де ірілеу етіп турап саламыз

Картоп

Сарымсақ

Тәтті бұрыш

Еттартқыштан өткен қызанақ


Орамжапырақты салып

Бүтін жапырақтарымен бетін мықтап жабамыз

1 шай кесе су құйып қазанның қақпағын мықтап жауып, қазанның астындағы отты ең төменіне қойып, 45-60 минут бұқтырамыз.

Ас болсын!

ПС: Еттің үстіндегі араны өзім де байқадым. Сәбіздің түрі неге біртүрлі, өйткені салатқа арнап үккіштен өтпей қалғандарын тамаққа қоса салдым. Қызанақты мынадай шырын ету міндетті емес, параллельно салат жасап жатқан соң соны пайдалана салдым.
Тағы сұрақ, пікір, кеңес, мысқыл болса жауап жазуға әзірмін!

53 пікір

qyrmyzy
мяяя, керемет! Бауырсақты да нетіп жібермедіңіз бе?
zilola
бауырсақты мен жасамадым )))
m170785
Мәке қызықтырып жібердіңіз ғой, баруға тура келеді осы. Дімләма, тұшпара, долманың барын көріп
Jako
керемет тамақ,өзім жақсы көремін.
шынымды айтайын Дімләмә істей алмайтын едім сіздің жазғандарыңыздан бәрін біліп алдым, рахмет сизге,әрдайым осындай ас мәзірлерін ұсынып тұрсаңыз нұр үстіне нұр болар еді!!!
khairbek
мынауын жоскы екен
khairbek


Abylai
алма қосылған вермишельің қайда
zilola
кім, айналайын саған не болды қазан-ошаққа араласып? менің күндес абысынып ұқсап, қойшиш енд
khairbek
Абысын деген кым ол? қайын сіңлінің апщесыма?
Ak123
қайын ініңнің немесе қайын ағаңның әйелі
zilola
қайын ағаның әйелі — абысын, қайын інінікі — келін болып есептеледі
Ak123
аа солай екен ғооой, кешіріңіз)
Abylai
сірнеге ұқсайдыкен дайындалуы.
күшті дайндалуы да оңай сияқты
Delfina
ОО, керемет! Осы тағамды мықты жақсы көремін. Менде пісіріп тұрамын үйде. Біз бұны «бұқтырма» дейміз бірақ.
zilola
мен өзбекше атын жаздым, үйде де дімләма деп атаймыз
khairbek

Delfina
хе хе, мынауың қандай тамақ? не болса да дәмді болар а?)))
m170785
ботқа, атала
Delfina
ботқана келеді енді))
m170785
менім ботқам емес қой )))
khairbek
жоскы таттыго
Delfina
ең болғанда айналасын тазартып қойсаңшы. Ана колбасан жерде жатыр және алманың қасында. Түууу, ертең ұшық шығып кетпесе болар еді.
khairbek
устелдын устынде десей
Delfina
үстелдің үстіде таза емес қой. Жерде жатыр дегенім дастарханда ыдыссыз жатыр дегенім.
Delfina
жақсы)))) мир.
khairbek
Jako
khairbek, сен тамақ әзірлемей-ақ қойшы, аузы-басымызды ұшық қаптап кететін болды)
kozy
мәәәәә… осы тамақтарды жасап үйрену керек еді:)))
zilola
жанееем, сабағың қалай?
kozy
кереемет қой))) жәй жәй Универді төңкеріп жатырмыз…
User
Өзбекше тамақ па?
zilola
Өзбектер, ұйғырлар да дайындайды бұл тағамды, нақты кімдікі екенін айта алмаймын.
Қайбір жылы Қытайға барғанымда, ұйғыр асханасынан жедім, ммм, дәмі деген тіл үйіреді, орамжапырақтың орнына жүқа тандыр нан қояды екен. Енді оны жеген де арманда, жемеген де арманда, ощым )
Zhanat
жұқа нан қоятын түрін бізде шымшыма дейді
Zhanat
менің дімләмәма жетпейді екен десем))) әзіл ғой, дәмді болсын
zilola
енді оған күмән бар ма ))
VVVWWW
Дімләмә? (жемек түгілі тіпті естіп көрмеген тамағым екен)Дәмді болар деп үміттенем
Jako
Дүмләма-өзбек халқының мәзірі.Демалыстарға шыққанда дайындайтынымыз бар.Жалпы бәрін осылай жасаймыз, тек бір айырмасы еттіқызартып қуырып алып, ары қарай шоқтың өзінде булаған дәмді болады,әрі кіші қазанға дайындалатын болса орташа қырыққабатты екіге бөле салған тиімді.Тағы әр қабатты салған сайын қырыққабатпен қымтап отырамыз.Қазанға салу реті де осылай, бірақ не қоссаң да картоп ең үстінде болуы керек, болмаса бумен езіліп кетеді және бір ескеретін жағдай ет жас малдікі,әрі неғұрлым семіз болса солғұрлым дәмді болады.
VVVWWW
Түсіндіргеніңізге рахмет, шынымен бірінші рет естіп отырмын, (өткенде біреуге Атыраудан тандыр нан таба алмайсың деп сендіре алмап едім)
Zhanat
жоқ түрік халқының мәзірі менің естуім бойынша
zilola
мен жаңа сойылған қозы ма бағлан ба әйтеуір сондай бір жас малдың етінен жасадым. Негізі Бұзаудың еті де жарайды.
Zhanat
тауық етімен жасасада дәмді болады
ardak1996
жегім келіп кетті. Анда-санда мам дайындайтын еді, сағынып қалыппын. Рахмет!
Korkem
Мяяя тақырыптан шатасып, бірде жариялады деп көрмеппін ғой((( кеш кеөргенім өкінішті. Десем де тамаша, өте тамаша. Қолың дер көрсемін, бізде осы дімләмәнің қамырмен засалғанын көбірек істейді. Сүйіп жейтін тағамым)))
Zhassiko
Жасалатын дімләмәнің дәмді боларын білген аралар да жетіп келіпті ғой бірінші суретте..))
Қолың дерт көрмесін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.