ООмлет

Асыңыз дәмді болсын! /
Ассалаумағалейкүм, уа Көркемнің қолынан манты жеп, Ардақ1996-ның қолынан геркулестің ботқасын (семіз емес, епті) жеп жүрген, кальян зиян екен деп тыжырана қарап, өзбектердің аяғымен иленетін нанды бақандай 50 сомға (тьфу, осы совет кезіндегі сөздерді алып тастау керек ед лексиконымнан) сатып алып жейтін игі мүміндер!!!
Ашсыңдар ма?
Міне сендерге тағам!!!

Тағам болғанда қандай? Бұл сенің 35 теңгеге алып, сүйсініп ішетін роллтоның емес… Бұл сенің екеуін майға қуырып жіберіп жейтін пиязың да емес… Бұл — ООООмлет!!! Омлет болғанда да өзіңіздің діни наным-сеніміңізге байланысты дүкенге барып: -Халял ма?-деп сұрап алып жейтін колбасаңызбен араластырылған.
Ең алдымен не істейміз?
Ең алдымен мына суретті көріп аламыз.



тура осындай болмаса да, ең болмаса осыған ұқсас болуы керек.
Ия, түбі күйіп кетіп, қап-қара болып кету, скәбородкіден алып жатқанда полға түсіп кетіп, ешкімге көрсетпей тәрелкеге қайта салып қою мүмкіншілігі жоғары екенін білеміз әрине, алайда жоғарыда айтқанымыздай сәл ғана ұқсас болса болды. Ең бастысы — қарынның тоюы.

Сонымен… Ең алдымен тұқымды алып, кәстүрөл болсын мейлі, тәрелке болсын бір ыдысқа салып алып, араластырамыз.



онан соң калбосаны сақтап… тьфу..ұсақтап турап… былай қылып…



онан соң қуырасың. ең бірінші тұқымды араластырып қойып, колбасаны онан соң ғана турап, қуыру маңызды.



Сосын? сосын дейді ғой… Соған да басың жетпей тұр ма? Әлгі тұқымды саласың.



Бітті. а-ля ООмлет дайын. Айтпақшы тұз қоспаңдар. Тұздың зияны денсаулыққа шайдан да кері…
Ац тарыңыз дәмді болсын, ғақлия мүккәмәлдәр.

Пы.сы: істеп жатқанда сковородканы жумай ақ қояға болады. Одан дәмі өзгеріске ұшырамайды. Ал жер алдында қолды жуу міндетті.

20 пікір

Abylai

Печенюка кулинарный портал ди ма? :))
ОМНОМНОМ
Daniar_alan
енД… мендегі тілипон 3000 теңгелік тек радиосы бар болып… сүгірет ұрлауға тура келД…
khairbek
бұйырса Гамлет деген тамақ шыгару керек ішінде алма мен горчица аралас
Ademi
Сонда колбаса жұмыртқаның ішінде болу керек пе бірінші сууреттегідей
VVVWWW
«Тұқым» дегеннің жұмыртқа екені қазір ғана жетті миыма, сіз айтқаннан кейін
Makosh_nur
жұмыртқаға ешнарсе қоспайды ма?
qyrmyzy
Надай етіп те жасауға болады:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.