Краб таяқшасы қосылған салат

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлем Айтаберлік оқырмандар. Бүгінгі мәзірде краб қосылған салат.
Алдымен жасамас бұрын «Осы краб таяқшасының құрамында қандай витаминдер бар?» деген ой келді. Сүйтіп оқып көрсем көптеген витаминдер бар екен . Айта кетсек құрамында: ақуыз су, ақ балықтар суримиі, крахмал, өсімдік майы, қант, тұз, жұмыртқа ұнтағы, соя белогы, полифосфаттар Е452, карагинан Е407, натрий глутаматы Е621, сорбитол Е420, табиғимен бірдей шаян шох иістендіргіш, табиғи бояғыштар Е120, Е160с.
Ал енді салатқа керекті заттармен таныстырып жіберсем:
1 200-300гр. күріш
2 4-5 шт. жұмыртқа
3 2шт. алма
4 Банкідегі жүгері
5 краб таяқшасы
6 «3 желания» майонезі

Алдымен күріш пен жұмыртқаны суға асып пісіріп аламыз


Дайын болған күрішке жұмыртқа, алма, краб таяқшасын турап, тұздықтарын қосып майонезбен араластырамыз.

Міне дайын болды Ас болсын!

11 пікір

qyrmyzy
біз алманың орнына огурцы қосамызҮ)
mairosh
Ол да болады. ошм алмады керемет болад)
qyrmyzy
жасап көрем:)
pari

Вайййй кереметқо мынау.Қолыңыз дерт көрмесін. Қарным ашып кетті)))
zhomart
Майрош, Қырмызы, Көркем, АКА-лардың тамағын қашан шын өмірде жер екенбіз. Виртуалда «жегенмен» тоймайды екенсің бәрібір :-)))
m170785
Жұмыста отырғаныңда қарның шұрылдап, дәмін татқың келеді ))) екен.
korwinin_kyzy
краб таяқшасына крабтын ешқандай қатысы жоқ сияқты дәәәәәәәәәәәәәәәәә?
Delfina
Керемет. Ақтөбеде болсандарғо, шақырып алып неше түрлі салатпен шай ішер едік. Шайды мен құям, салатты сендер жасайсындар)))
gulim-roza
Сәлеметсізба Майрош. Тұздықтарын қосқанда нелерді қосуға болады?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.