"Айтабер" рафаэллосы

Асыңыз дәмді болсын! /
Ээээх, қайран өмір десеңші…
Айтаберге де әне-мәне дегенше БІР жыл болып қалыпты. Профильіме қарасам Айтабер туыла сала ертеңіне кеп, тіркеліп алыппын.

Ең алған СЖ сайтына тіркеліп, анамен бір, мынамен бір айтысып жүргенде yerbol89 ды сырттай ғана танитынмын. «Сұрағыма жауап, яки жауабыма пікір жаза екен сол. Өзі Шымкенттік, пысығын-ай» деп армандайтынмын, ық-қыы сырттай ғашық едім, оның балапан екенін қайдан білейін))) Әйтеуір екі ай дегенде бір сұрағыма жауап жазды-ау мені мақтап, қуанеееп кеткем сол кезде қықықықы

Сонымен не керек, бір күні Сұрақ-Жауап деген естен кетпес конференциямыз бар еді агентте, сонда yerbol89 мырза поштама Айтабер деген сайт туралы жіберіпті, саған келді ма? сағаншы еууу деген әңгіме жүрді. Сөйлсем бүкіл елге келіпті де, маған ғана келмепті. Жұрттардан сілтемесін сұрап алып, тіркеліп алдым, көштен қалмай. Қызығушылық деген оянып кетіп, күніне кем дегенде 3-4 посттан жазатынмын))) Тым жүйкелеріне тидім бе білмеймін, админдердің төртеуі де достық ұсынды. Ол кезде QARASAQAL дегенің менің түйісігім бойынша сонооу 30-40.қа жақындаған қырма сақал «аға» болатын. Сіііз деп сызылам ғой, анкетасын ашып жатпастан. Құдооой, шөже екен ғой сүйтсем)))

Менің ашығу туралы постымды ерінбей оқыған біреу бар десе, ойланбастан beko дер едім. Пост жазып(басқа пост), оны байқамай өшіріп алып нерв бов отырғанда жекеге тоқылдатып кеп тұратын. Одан басқа, «Сіздің пәленше деген постыңызда мынадай қате кетіпті» деп жекеге жазып тұратын. Жүдә ұнатпайтын ем, няғып өзі жазбайт бұл деп)))

Mzafar мен қалай танысқаным мүлде есімде жоқ. Есесіне өмірімнен ойып тұрып орын алып алды ол))) Ондай досты мен әлемнен іздесем де таппаймын.

Уоот, Айтабердің туылуына себеп болған төртеумен осылайша танысып ем)) Қой сөзді созбай Айтаберге арналған салатымды салайын)))

Тазалықты сақтай отырып, Алла атымен бастаймыз.
Бізге керекті «дүниелер» :
1. Жұмыртқа — 2 түйір;
2. Сыр — 200 гр;
3. Краб таяқшалары — 8 түйір;
4. майонез — 4 ас қасық;
5. сарымсақ — 2 түйір;
6. сүйексіз зәйтүн (оливки) — 1 банкі
*

Алдымен жұмыртқаларды қайнатып, суытып аламыз да майда өткізгіштен өткіземіз:


Оның үстінен сыр мен сарымсақты өткіземіз:


Краб таяқшаларын бөлек ыдысқа майда көзді өткізгіштен өткізіп аламыз:


Енді Жұмыртқа мен сыр араласқан қоспамызға майонез салып қою етіп араластырамыз да, қолды сулап алып (жабыспау үшін) алақандарымызбен дөңгелектейміз, ішіне зәйтүн салуды ұмытпаймыз:


Дөңгелектеп болған соң, крабқа аунатып аламыз:


Дәм тауға дайын болу үшін 1-2 сағатқа тоңазытқышқа қойып алыңыз.

«Айтабер» рафаэллосы дайын:


ммм дәміне шек жоқ, сұмдық ұнада маған))) Ас болсын!

Пы/сы: пост Айтабердің бір жас құрметіне арналады

16 пікір

beko
Ай, сүюді тоқтатсайш, жұрттар қарап тұр ғо.
Салаттың түр әлпеті дәмді көрінеді, егер салаттың қызылын азайтқанда, бәлкім рафаэлла ға аумастай болар ма еді.
Ааллл, келіңдер, неше адамбыз? )) (Бәрімізге жету үшін, санап алайын деп едім)
mairosh
Керемет. сөзім жоқ. жегім келіп тұрғаны
Abylai
Тәтті жемейтіндер мен қағаз торт жемейтіндер мұнда келіңдер
Керемееееееет! Мынаны Қазпочтамен салып жіберуге болмаймекен?
MSHERIMBEK
ық ық, шөжеееееееееее:) қораз деңіз қарындасым, қораз:)))) тамаша:)
AKA
Мәәә, сізге тамсанудан жалықпаймыз ғой. Тамаша! :)
mairosh
Сол менде соны айтам да
beko
олар әлі бастамасы ғо, құдай қаласа болашақта көре жатарсыздар бұлардан да зорын…(мен осылайша сенемін)
Соңғы өңделген уақыты:
Abylai
ууууууууууу интригует
Korkem
рахмет, жаным)))
ZevsKO
тез жасалатын рафаелло екен мынау Жасап көру керек… рахмеет
yerbol89
Өзі Шымкенттік, пысығын-ай» деп армандайтынмын, ық-қыы сырттай ғашық едім, оның балапан екенін қайдан білейін)))
Иииии Құдай-құдай бізге де қызығатын адам бар екен ғой. :) Ия есімде Көркемммм. Талай қиналған кездерде демеу беріп қолдап, біраз жетелеген едің. Махаббаттың зардабын тартып жүргенде кеңес беріп қолдау көрсететін едің. :) Әні міне дегенде 1 жыл өтіп кетіпті.
Delfina
Өзі ғашық болып жүрседе саған қолдау көрсетсе, мықтының үстіне мықты болғанығо.
Әлде көбіне "Қайтесің, өмірден түңілме, қыздар көпқо" дедіме?)))) Олай айтса өзін айтқаныда))))
Jado
Немене айтабердің адамдарының күлкісі «ықықыыы» Ерболдан бастап...әлде хахаха-ның қазақшалаған түрлеріңіз ба???? ужыс қой)))))))
оқып отырып жегім келіп кеттіііііііііііііііііііі
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.