Айтаберге бір жыл

Асыңыз дәмді болсын! /
ҮҮұұұұввввввуууууууөөөөөөәәәәәәәәәәәә торт жиииииииииииииииим ©

Әңгіме жоқ, торт жейміз бүгін!

Тазалықты сақтаймыз, Алла атынан бастаймыз. ИНШ бәрі жақсы болады)))

Бізге керекті заттар. Қамыры үшін:
1) Жұмыртқа — 2 түйір;
2) Шекер — 250 гр (1 стакан);
3) Сливочный май немесе маргарин — 100 гр;
4) Ұн — 600гр;
5) Бал — 2 ас қасық;
6) Сода — 1 шәй қасық;

Крем үшін:
1) Жұмыртқа — 2 түйір;
2) Сүт — 1 стакан;
3) Шекер — 1/2 стакан;
4) Ванилин — 3 пакетигі;
5) Сливочный май — 200 гр;

Тротымның «сықпыты» бал тортына келетін болғандықтан, өзімше өзгертіп Айтаберге арнаймын.

Жұмыртқа, шекер мен балды араластырамыз:


Сосын, слив.майды, соданы салып бу ваннасында 20 минут көлемінде баяу отта ұстаймыз:


20 минут бойы араластырып тұру керек (шаршап кеттім е):


Уақыты болған соң шамалы суытып ұн салып, қамыр илейміз де, 1 сағат уақытқа жылы орап қоямыз.

Дайын болған қамыр:


Қалауыцңыз бойынша 4, 6, 8, 12.ге бөле аласыз (мен 4.ке бөлдім, суретке түсіруді ұмыта жаздаппын, біреуі пісіп жатқан кез))):


Одан кейін жаямыз:


Алдын ала 200 градуста қызып тұрған пешке салып, пісіріп аламыз.

Енді креміне кіріселік:

Слив.май үй температурасында жұмсарып тұруы тиіс, оны шекермен араластырамыз:


Бөлек ыдыста сүт пен жұмыртқаны араластырып, ұн мен ванилин саламыз. Баяу отта қоюланғанша ысытамыз, араластырамыз:


Оттан түсіріп, суыған соң оған шекермен арласқан майды салып біркелкі күйге енгенше миксермен араластырамыз. Крем дайын. (суретке түсірмегенімді қазір байқадым((()

Айтпақшы, піскен қамырыңызды өзіңізге ұнаған кейіпте (дөңгелек, төртбұрыш) пештен ала сала кесуіңіз керек. Мен жүрек кейпін салдым:


Енді әр бөліктің үстіне дайын креміңізді жағып, үстінен үгітілген грех жаңғағын сепсеңіз болады. Айналасына да крем жағып қалған кордіктерді үгітіп үгітілген грек жаңғағымен араластырып сеуіп шығыңыз:


Қалауыңыз бойынша сыртқы «сықпытын» сәндей аласыз.

Торт дайын болуы үшін оны 6-8 сағат тоңазытқышта ұстаңыз.

Торт дайын:





Сенің үшін Айтабер:


Туылған күніңмен, Айтаберім:


Пы/сы: Баршаңызға мықты денсаулық, торттай тәтті өмір, қажымас қайрат, отбасыларыңызға береке- бірлік тілеймін! Ақ тілекпен, Айтабер!

25 пікір

mairosh
Кенреметсің ғүә)) Айтпақшы қызыл кремді қалай жасап шығардын? Ананың бәрін араластырса қызыл түр бере ма?
Korkem
жоға, біршама бөлігін бөлек алып, красительмен боядым)))
mairosh
краситель болғанда юппимен нетсе болатын шығар я?
Abylai
ТООООООООООООООООООРТ!!!
Анандай почеркпен дәрігер болу ойда жоқ па? ;)
Korkem
ыыыхыхыхых қайтем енД өзі солай бов кетті ғҰәә)
yesbolat83
Көркем, торт суретіне қарағанда өттте дәмді екені көрініп ақ тұр. Қолдарың дерт көрмесін.
Айтаберліктер, 1 жас құтты болсын! Халқымызға пайдалы жазбаларымызбен пайдаларыңыз тие бнрсін. Достарымыз көөөп болсын!
Korkem
рахмет, ағасы)
AKA
Мен сендікпін! © :) Сындым, полностью сындым! :)
ZevsKO
ом ням ням! қарным ашып кетті! Қолың дерт көрмесін!!!
qyrmyzy
Біздің қыздар ТАМАША!
yerbol89
Қолың дерт көрмесін Көркем. Шын сөзім қолың шебер ғой. Нағыз аспаз екенсін.
yesbolat83
Тазалықты сақтаймыз, Алла атынан бастаймыз. ИНШ бәрі жақсы болады)))
Қандай керемет сөз.
rauan
Ух тыыыы… КүшттііііііііііііііііҚолың дерт көрмесін....)) Қане қол шапалақтап қойыңыздар =}}}!!!
Aikona
Диетаның құртасың ғо өстіп)) керемет!
korwinin_kyzy
Миын дерт көрмесин)))
AKA
Мына жазбаны күнде бір қарап отырмасам болмайды екен. Муа! :)
Korkem
ииии жәниии, Блогқұрылтайда сықпыты осындай торт алып шығам алдыңнан ИНШ))) өмірің тәтті болсын деп
Delfina
Жарайсың, Көркем! Керемет!!! Айтарға сөз жоқ. Жігіт болғанымдағо)))))
pari
Қолың дерт көрмесін, Апа! Керемет шығыпты!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.