8 НАУРЫЗ |торт|салат|оладьи

Асыңыз дәмді болсын! /
Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,
Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.
Осынау дөңгеленген дүниеде,
АНАШЫМ, кім бар сендей қымбат маған?!

Айтабердің барша көрікті қыздарын, барша Айтаберліктердің АНАЛАРЫН, әжелерін, апаларын, тәтелерін, қыздарын, сүйіктілерін, өмірлік серіктерін 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, мәзір ұсынамын! Асыңыз дәмді болсын!: 8 НАУРЫЗ |торт|салат|оладьи

Аллаһым, өзің жар бол!
І. Бал торты: (алдын ала сурет сапасыздығы үшін кешірім сұраймын!)

Асыңыз дәмді болсын!: 8 НАУРЫЗ |торт|салат|оладьи
Бал тортын жасау үшін бізге: Маргаринның жарысы, екі жұмыртқа, 3-4 ас қасық бал, бір стакан шекер, ұн, жарты шәй қасық сода керек. Крем үшін: қаймақ қойытылған сүт. Сонымен маргаринді газда ерітіп үстінен шекер, бал, сода салып оттан аламыз да, екі жұмыртқаны жарып салып жұмсақ қамыр илейміз. Илеуі қану үшін біршама уақытқа қойып қоямыз. Дайын болған қамырды 4.ке (қалауыңызша) бөліп, әрқайсысын 180-200 гардуста пешке салып, алтын түстес етіп пісіріп аламыз шамамен 5-7 мин)
Қалауыңыз бойынша формаға келтіріп, қаймақ пен қойытылған сүтті араластырғаннан шыққан керммен әр бөлік үстіне жағып шығамыз. Қалауыңызша сәндейміз. Жарты сағатқа тоңазытқышқа қойып қойғаннан кейін, тортыңыз дайын болады:
Асыңыз дәмді болсын!: 8 НАУРЫЗ |торт|салат|оладьи

Көтеріліп көктемдей көңіліңіз,
Қуаныштың нұрына шомылыңыз.
Қайта оянған тіршілік секілденіп,
Гүл жайнасын құлпырып өміріңіз!

ІІ. «8 наурыз» салаты:
Асыңыз дәмді болсын!: 8 НАУРЫЗ |торт|салат|оладьи

Көз қуантарлықтай пішінге ие салатымызды дайындау үшін, бізге керектілер: краб таяқшалары -200г, сыр (кез-келген) — 100 гр, жұмыртқа 2 (қайнатылған), майонез, пісірілген күріш — 100 гр, консервідегі жүгері, зелень. Жүгеріден басқа талмыш «дүниелерді» ірі көзді үккіштен өткізіп, күріш пен майонезді қосып араластырамыз. «Сықпытын» 8 санына ұқсату үшін, көлемі үлкен және кіші екі стаканды пайдаланамыз да, жәйлап суырып аламыз. Дайын болған салатымызды жүгері мен көк шөппен сәндейміз. Ас дәмді болсын:

Асыңыз дәмді болсын!: 8 НАУРЫЗ |торт|салат|оладьи

ІІІ. Картоптан дайындалған дәмді типа оладьи:

Асыңыз дәмді болсын!: 8 НАУРЫЗ |торт|салат|оладьи

Тағы да кішкене тәбетімізді аша түсу үшін, дәмді оладьи дайындалық. Ол үшін: 7-10 орташа көлемді картоп, 100 грамм сыр, 2-3 бас пияз, екі жұмыртқа, 3-4 түйр сарымсақ, 3-4 ас қасық ұн дәміне қарай тұз, бұрыш, ақжелкен қажет. Картопты ірі, сырды майда көзді үккішткен өткізіп аламыз да, үстіне екі жұмыртқа, майда туралған пияз, сарымсақ, тұз, бұрыш салып араластырамыз. Мәзір сусыз болуға тиіс ол үшін үстінен ұн салып, майға қасықпен салып қуырамыз. Бір беті қызарған соң, екінші бетіне аударып қызартамыз да, үстін жауып қоямыз. Ескертетін жәйт баяу отта пісіру керек. Дәмді болсын:

Асыңыз дәмді болсын!: 8 НАУРЫЗ |торт|салат|оладьи

Айтабер, қымбаттыларым, шын жүрегіммен елжірей отырып баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт, шынайы махаббат тілеймін! Гүлдей құлпырып, сұлулықтарыңыздан таймай жүре бергейсіздер! Бәріңізді сүйемін! Асыңыз дәмді болсын!: 8 НАУРЫЗ |торт|салат|оладьи

Асыңыз дәмді болсын!: 8 НАУРЫЗ |торт|салат|оладьи

Құтты болсын мереке! Асыңыз дәмді болсын!: 8 НАУРЫЗ |торт|салат|оладьи

21 пікір

mairosh
Тортта әдемі, салат та оладьи де әдемі суреттер өлген)) керемет сөзім жоқ. Ілмек өрт! Ошем қандай жанның бағы екенсің… Ертеңгі мерекен құтты болсын жанем. Ертен өзімізше тойлаймыз ғо.
Korkem
mairosh
Анау смайликті қоймадың ба? мынауы жолда қалад:)
mairosh
өрт қо мынау))
Korkem
Оладьидің сықпыты әдемі негізі, дәмді де. Суретке күйіп кеткен секілді түсіп қапты(((
Albina97
не деген керемет тағамдар!!! жасауға болады екен үйде қолыңыз дерт көрмесін!!!
Albina97
айтпақшы өзімнен кіші сіңілілерім мен үлкен апаларым! Мейрамдарыңызбен!!! бақытты болыңыздар аман жүріңіздер!!!
yesbolat83
Торт, салат, оладьи суреттеріне қарасаң өттте дәмді шыққан тәрізді. Иістері мұрнымды жарып барады менің.
Қымбатты қыздар! Мерекелеріңмен! Ғұмырларыңыз Көркемнің тәттілеріндей болсын!
Jako
Ғұмырларыңыз Көркемнің тәттілеріндей болсын!

Еске, Көркемнің тәттісі қолға түссе ғұмыры келте болайын деп тұр ғой))))
yesbolat83
Көркемнің тәттілерін де тататын уақыт та туар, иншаллаһ.
yesbolat83
АНАШЫМ, кім бар сендей қымбат маған?!
Аналар аман болсын! Барлығы да осы ақ жаулықты аналарымыздың арқасы!
dimash
Мейрамыңызбен Көркем
Әлемдегі барлық жақсы тілектерді тілеймін сіздерге
Delfina
8 деген салатын әдемі екен. Бәрі де күшті. Мерекелерің құтты болсын.
4o4
пах шіркін)))) неткен шедевр)
Мерекелеріңіз құтты болсын:)
AKA
Super! Tfa-tfa, kolinizdan bari keleD, koz timesin! :)) Tagi da kuttiktaymin.
Korkem
Үлкен рахмет)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.