Spaghetti partу

Асыңыз дәмді болсын! /
Алда, бұйыртса, блогқұрылтай… жол… кездесу… Оған дейін Спагетти party ұйымдастырып жіберейік :)

Спагеттидің отаны — Италия. Италия асханасында томат соусы қосылан спагетти түрі көп таралған. Мұндай спагетти — Неаполитандық спагетти деп аталады екен. Нағыз спагетти зәйтүн майына қуырылан сарымсақтан қосып әзірленеді. Макарон ұзындығы — 35-40 см болып келеді (Италияда).

Спагеттиге қосатын 100-ден аса әртүрлі дәмқосқыштар мен соустар рецептісі көрсетілген мұражай да бар екенін ескере келе, аяқ астынан фантазияға ерік беріп дайындаған спагеттилеріммен бөліспекпін.

Спагеттиді қайнатып аламыз. Ет пен болгар бұрышы, пиязды қуырып, піскен макаронды қосып, 5 минут бетін жауып қоямыз. Дайын:



Спагеттидің келесі түрі өте оңай, әрі тез дайындалады. Суда пісіріп алған макаронды қуырылған орамжапыраққа қосып, 5минут бетін жауып қоямыз. Дайын:



Qyrmyzy`s bolognese енді келесісі :) Негізі Болоньезе Спагеттиінің отаны — Болонье қаласы екен. Себебі дәл осы қалада аталған спагеттиге қосатын соус ойлап табылған. Ет, көкөністер, әртүрлі дәмдеткіштер(?) мен томат соусы қосылған (вино да қосады екен) спагеттидің аты аңызға айналыпты-мыс. Әрине барлық спагеттиге пармезан қосылатынын ескертемін. Әрлеу, басқа да көкөністер қосу — еркіңізде.



Сіз Party-ға қандай спагеттиға қандай спагетти түрін ұсынасыз?

12 пікір

korwinin_kyzy
уш
qyrmyzy
Үш болса да күш! Тәубә. Бас аспаздан үш алу деген…
korwinin_kyzy
ЖОООқ сІз мені түсінбедініз барышня. Мен айтқым келгені үшінші тамақ жақсы дегенім ғой.
Korkem
Мына жерде де спагетти, а ия ана жерден шошаң етіп өзі шығып тұрады екен ғой, ссылка қойып жүрсем))) Қолыңа қуат берсін
AKA
Күшті тағам бұл, біздің үйде жиі дайындалады. Сосын біз сарымсақ қосамыз, уаще дәмді болаД. :)

mairosh
Сенің қолынан қашан спагетти жейміз?)))
qyrmyzy
:) жақында, өте жақында… тек қана менің үйімде!
mairosh
қасық вилкам дайын))
Manshukn
барған кезде жегеніміз Жаконың спагеттиі болды ғо да?))
mairosh
Мамасының дайындаған спагеттиін жеп қайттық қо)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.