Күніне 1 йогурт – ұзақ өмір мен денсаулық кепілі

Асыңыз дәмді болсын! /
Қазақстандық тұрғындардың сүт өнімдерін тұтыну деңгейінің төмендігі рас. Бұл проблема әлі күнге өзектілігін жойған жоқ. Еліміз тұрғындары сүт өнімдерін дамыған мемлекеттермен салыстырғанда ондаған есе аз пайдаланады. Әлемдік қышқыл сүт өнімдерін өндіру саласының көшбасшысы Danone компаниясы Қазақстандағы өндіріс аясын кеңейтпек. Компания қазақстандықтардың рационына күн сайын 1 йогурт енгізуді көздеп отыр.

Бүгінгі таңда біз негізінен, өнеркәсіптік тағамдармен тамақтанамыз: олардың құрамында жеңіл көміртегі мен қант көп, бұл адамдарды түрлі ауруларға, семіздікке, әлсіздікке душар етеді. Салдарынан өмір сүру сапасы төмендейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтеріне қарағанда, әлемде болатын өлім-жітімнің 60 пайыздан астамы тамақтанудағы олқылықтар салдарынан болады екен. Әрине, оның алдын алуға болады. Қазақстан халқының 50 пайызы кальций тапшылығына ұрынған. Жасы 50-ден асқан азаматтардың 83 пайызы остеопатия мен остеопороз зардабын тартуда. Кальций тапшылығы мен қимыл-қозғалыстың аздығына байланысты балалардың дене құрылысы (қаңқа) дұрыстап дамымайды.

«Біз пайдалы, сіңімді тамақты насихаттаймыз. Күн сайын балаларға арналған ас мәзіріне құрамында кальциі мен фосфоры бар сүт өнімдері енгізілуі шарт. Олар өз кезегінде балалардың сүйек қаңқасын қалыптастыруға көмектеседі. Сүт өнімдері, соның ішінде құрамында D дәрумені бар йогурт егде адамдардың арасында жүрек-қан тамыры ауруларының қаупі мен остеопорозды төмендетуге мүмкіндік береді. Біз Қазақстан республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын толық қолдаймыз. Бұл құжатта дұрыс тамақтануға қатысты нақты-нақты міндеттер қамтылған», — дейді «Danone Berkut» ЖШС бас директоры Давид Манзини.

Бағдарламада қазақстандықтар жейтін тағамдар қандай болуы керектігі нақты атап көрсетілген: тағам құрамында қаныққан майлар мен трансмайлы қышқылдар, қарапайым қант пен тұз мөлшері аз болуы тиіс. Сонымен қатар, ол әртүрлі дәрумендер, минералдар, микроэлементтер мен тағамдық талшықтарға бай болғаны жөн. Йогурт осы өлшемдердің бәріне сәйкес келетін пайдалы әрі сіңімді тағам. Өйткені, оның құрамында кальций мен микроэлементтер өте көп. Табиғи йогуртты семіздікке, диабет пен гипертонияға шалдыққан адамдарға диеталық тағам ретінде ұсынуға болады. Йогурт қан қысымының көтерілуіне (гипертония) әсер ететін холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі.
ДДСҰ сарапшыларының пікірінше, медицина өлім-жітімнің басты себебі саналатын жүрек-қан тамыры ауруларын жою жолын түбінде осы тамақтану проблемасын шешу арқылы таба алады.

Көпшілік «жүре жейтін» зиянды тамақтарды пайдалы тағамға ауыстыру – қазақстандықтардың миында төңкеріс жасау дегенді білдіреді. «Danone Berkut» компаниясы дәл осы төңкерісті жасамақ.
Тұтынушылар үшін сүт өнімдерінің құны оның құрамындағы нәрлі заттардың сапасымен, сондай-ақ, өндіріс қауіпсіздігімен өлшенеді. «Danone Berkut» компаниясында қолданылатын заманауи технологиялар сүтті пайдалы қасиеттерін сақтай отырып тазартуға мүмкіндік береді. Өнімдердің толық стерильді жағдайда әзірленуін және құйылуын қамтамасыз етеді. Соның арқасында компания өндіретін өнімдер қаптамада көрсетілген мерзімге дейін таза күйінде сақталады әрі сапасын жоймайды.

4 пікір

Жауды жақындатып айта береді екен… Әрине дұрыс сүт өнімдерін көп тұтынған. Бірақ, «DANONE» өндірушілер табиғи өнімдерді ғана пайдаланады деген шындық емес. Олар да жарнамасын асырып, өз өнімін өткізудің қамымен жүргендер ғооооой… Қазақстандықтардың денсаулығы олар үшін де екінші орында тұрған мәселе екені анық!!!
korwinin_kyzy
Дұрыс Дұрыс келісем жай ған сүт өнімдері десе жарайды гой, даноннын рекламасын жасамай, айтқысы келіп тұрғаны
«КАСПИЙ БАНК ТҰРҒАНДА БАСҚА БАНКТІ ҚАЙТЕСІЗ» деп тұр го,
Соңғы өңделген уақыты:
saryqazaq
Ғалымдар йогурт адам денсаулығына зиян деген мәлімдемес жасағанда әлемдік сүт өнімін өндірушілерден тек қана «DANONE» қарсы шығып, сотқа берген болатын. Сол үшін де оны сыйлаймын.
Бірақ "ұзақ өмір мен денсаулық кепілін" данонға апарып тіреуге болмайды, қазіргі заманның адамына ондай жарнама жүрмейді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.