Тауық етінен жасалған бәліш

Асыңыз дәмді болсын! /
Етті бәліштер тақырыбының жалғасы десек те болады…

Бірақ бүгінгі тауық етінен жасалған бәліш, қамыры да мүлдем бөлек. Өте тойымды, әрі дәмді бәліштің құрамы мен дайындалу жолын жазайын.

Құрамы:
    Қамырына:
  • Сүт — 1 стақан
  • Ашытқы — 1,5 шай қасық
  • Қант, тұз — 0,5 шай қасық
  • Сары май — 200 гр.
  • Ұн — 2 стақан
Салмасына:
  • Тауықтың сүбе еті — 400 гр.
  • Пияз — 1 дана
  • Картоп — 4-5 дана
  • Тұз, бұрыш
Сыртына жағуға — 1 жұмыртқа

Дайындалу тәсілі:

Асыңыз дәмді болсын!: Тауық етінен жасалған бәліш
Алдымен қамырын дайындаймыз. Ол үшін жылы сүтке қант пен түзды араластырып, ашытқы салып, 10-15 минутқа ашытқы ерігенше және біраз көтерілгенше қойып қоямыз. 1,5 стақан ұнға жылы майды салып, қолмен жақсылап илеп жібереміз.

Асыңыз дәмді болсын!: Тауық етінен жасалған бәліш
Май мен ұн ұнтақ тәріздес болып, біркелкі араласқанда ашытқыны құямыз. Жұмсақ қамыр илейміз, қамыр қатты жабысып жатса, қалған 0,5 стақан ұнды аздап салып отырамыз. Жылы жерге бетін жауып көтерілгенше қоямыз.

Асыңыз дәмді болсын!: Тауық етінен жасалған бәліш
Салмасын дайындаймыз. Картопты жұқалап тураймыз.

Асыңыз дәмді болсын!: Тауық етінен жасалған бәліш
Тауықтың етін және пиязды ұсақтап турап, тұз, бұрыш саламыз.

Асыңыз дәмді болсын!: Тауық етінен жасалған бәліш
Қамырды екі бөлікке бөлеміз (біреуі үлкенірек). Үлкенірегін жаямыз да, үстіне тауықтың етін, оның үстіне картопты жайып шығамыз. Картоптың үстіне де тұз себеміз.

Асыңыз дәмді болсын!: Тауық етінен жасалған бәліш
Екінші қамырды жаып, үстін жабамыз. Бірнеше жерден үстіңгі қамырды тесеміз. Сонда буы шығып, іші сорпаға толып кетпейді. Үсті піскенде әдемі жылтырап тұру үшін жұмыртқа жағамыз. 180°С-ты қызған пешке 40-45 минутқа қоямыз.

Осымен бәлішіміз дайын.

Асыңыз дәмді болсын!: Тауық етінен жасалған бәліш

Астарыңыз дәмді болсын!

Басқа рецепттер осында
Instagram @gourmaniakz

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.