Рейтинг
+25.21

Асыңыз дәмді болсын!

Аспаздық әлеміндегі жаңалықтар мен дәмді тағамдардың жасалу тәсілдері

Мереке салаты

Құрамы тұздалған сиыр еті-250-300 грамм қақталған ірімшік-100 нрамм Жұмыртқа 5дана Жүгері-1 банкі Кептірілген нан-0,5 келі Майонез, көктер, салат жапырағы және тұз қажет! Дайындау әдісі Жұмыртқаны пісіріп алыңыз да,қабығын аршып,ұсақтап кесіңіз! Етті текшелеп, ал ірімшікті майдалап тураңыз! Жүгерінің суын төгіп тастаңыз да, салат жасайтын ыдыс жасайтын ыдысқа орналастырып,...

Ең тез жасалатын тамақ

Менің ойымша, ең тез жасалатын тамақ Вермишель! Оған керек өнімдер 1 пияз, 2-3 картоп, вермишель, май. Табаға майды қыздырып жіберіп, пиязды қуырып аламын! Үстіне вермишельді салып, қоңырқай болғанша қуырамын! Одан кейін үстіне су құйып, қайнаған соң, картоп салып жіберемін! Тұз саламын! Тамақ 10-15 минуттта дайын болады!

Қазан кәуәп

Қайырлы күн достар! Мен де бір тамаша ас мәзірін айтқанды жөн көрдім. Қазан кәуәп деген, алдымыз көктем көгалға шыққанда жасап жеуге болады. Әңгімені созбай асқа кірісейік, алдымен жаңа сойылған қой етінен адам санына қарай аламыз, құйрық қосып турап бұқтырамыз бұқтыруға тұз, майонез, дәмдеуіштер қосып жақсылап араластырып 2-3 сағатқа ет салынған ыдыстың бетін жауып қоямыз. Етіміз дайын...

Қарынбүрме

Мен сіздерге өзіміз жылда көктем кезінде табиғат аясына демалысқа шыққанда дайындайтын қарапайым, бірақ дәмі тіл үйіретін тағам түрімен таныстырғым келеді. Керегі болып жатса, кәделеріңе жаратарсыздар. «Жаңа сойылғаан тоқтының қарнын бүтіндей тазалайды. Еттерін мүшелеп, тұздап, түрлі дәмдеуіштерді қосып сол қарынның ішіне салады да, ауызын қамыстан түтік орнатып ащы ішегімен бүріп байлайды....