"Агентпен" ауырып, тарифке тәуелді болмаңыз

Ұялы телефондар /
Бүгінде «maіl.ru» қызметіне жүгінбейтін адам аз. Әсіресе жастар арасында «агентшілердің» қатары күн санап көбейіп келеді. «Maіl.ru» компаниясының деректеріне жүгін­сек, «м-агент» қызметін айына 9 миллион адам пайдаланады, ал оған бір уақытта 2 миллионнан аса адам қосылады екен. Компьютерді былай қойып, енді қалта телефонына еніп алған бұл байланыс желісінің тиімділігі айтпаса да түсінікті. Бірақ оның зияны жоқ деп айта аламыз ба? «Агентте» сағаттап отыратын адамдардың денсаулығында қандай өзгерістер болуы мүмкін?
Білесіз бе, адам компьютер алдында түзу отырмайды. Ал ол ағзаға кері әсер етеді, омыртқа, мойын, бастың бұлшық еті, қол және иықтарға артық салмақ түскендіктен балаларда сколиоз, остеохондроз аурулары пайда болады.

Ал ұялы телефонның зиянына келетін болсақ, ондағы радиотолқындар тікелей миға әсер етеді. Мида қан айналымының нашарлауы, мидағы бездердің функциялары бұзылуы мүмкін. Қазір телефондарда жарты сағат сөйлесетін тарифтер көбейген. Соған қызығатын жастар телефонда ұзақ сөйлесуді әдетке айналдырып алды. Ұзақ сөйлескен сайын радиотолқындар ағзаға теріс әсер береді. Бірте-бірте адамның есту қабілеті нашарлайды. Телефонда «агент» қосулы тұрғаннан кейін оған үздіксіз радиотолқындар келіп тұрады. Жастар бір-біріне ақпарат «лақтырып», қабылдап отырғанда сол толқынның күші көбейеді. Ал оның ағзаға кері әсер ететіні ғылымда әлдеқашан дәлелденген.

12 пікір

dimash
Сол ғой, мен ұялы телефонмен агентке кірмеймін, ұялы телефоныма агенттің программасын жазғаным да жоқ, тек комппен отқанда ғана…
Телефонды агентке қосып, комптын колонкасына жақындатса «дут ду дут дут ду дут» деген дауыс шығады ғой, сол да радиотолқынның келетінінің делелі.
Жақсы пост, осына енді барлық «агентчиктер» оқыса екен…
Sabions
оқағынмен не пайда.агентте отыруын доғармаса
dimash
Кім біледі, осыны оқыса 100 адамның бірі агенттегі уақытын азайтар деген үміт ғой
Bagashar
jazgandaryn ote paidaly kenes, birak buny estitin kulak bar ma eken? osyndai jazbalaryn kobeie bersin.
dimash


АГЕНТ ДЕГЕННЕН ЖАЛЫҒАТЫН ДА УАҚЫТ КЕЛІІІІ
m170785
Бұны оқыса жақсы ғой агентчиктер
m170785
Бұны оқы не, оқыма не, оқытсаң да, көрсетіп айтсаңда сағаттап отыратын агенттерге қолын бір сілтеп кетіп қалады ғой, сосын барімізді жаулап алды бұл бале. Мен де осы агенттін «кұрбаны» бола жаздағам, күнімен түнімен отырып, аптауыста да)), өз көлігімде де, жұмыстың барі қалатын))), осы бәлені екі бөле інім үйретіп, байланып қалғанымыз бар)). Қазыр қызықсыз, аааанда-санда 1-2 рет кіргенім болмаса, 1 сағаттай комппен отырамын. Бірақ былай қарасаң пайдасы да бар керек адамдммен хабарласып, ал былай мүлдем отырмаймын
qyrmyzy
әркім өз басынан бастасын! Әркім саналы түрде ойлану керек! Ненің пайдасы бар, ненің жоқ екенін айыра алатын адам босқа уақытын кетірмейді деп ойлаймын!
p689606
Агент деген жақсы нәрсе. Шаруаларды шешуге болады, енді лібәдтің хражданинкалары агенттен басқа байланыс құралын көрмепті, әйтпесе скайп жақсы. Сосын үнемі өзін тарелкасынан ауытқып кеткен сияқты сезінеді: шаруалар бір бірден қосылып жатады, ал агентчик оларға игнор жасап қойып қырық жыл армияда служитьтап келген сияқты қыздармен аса бір азартпен сыр шертіп отырады. Артынан реал өмірге адаптациялана алмай отыра: "Құрып кетсін лібәдтің агенті" деп бақырып жіберді іштей.
aitaber
Facebooktin chaty shyktyyyy:) Aqsuiekterdin jelisine koshinder:)
VVVWWW
Мына видеоны қарап көріңіздерш:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.