Ұялы телефон

Ұялы телефондар /
Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді./ Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады: 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефаликалық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл болашақта адамды мидың қатерлі ісік ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. Біздің өміріміздегі соқпақтар мұндай электромагниттік қысымды көтере алмауы мүмкін. Кейбір сарапшылар «адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады» деп жорамалдайды. Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленің әсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келіп отыр. Бір ай бойына әртүрлі ұялы телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру тәжірибесін жасаған. Тәжірибеден кейінгі екі аптадан соң олардың иммундық жүйесі сыр берген. Содан соң сәулеленген атжалмандардың қанын сәуле қабылдамаған «таза» буаз атжалман тышқандарға егуді жүргізген. Нәтижесінде бүкіл атжалман тұқымымен өліп қалған.Осындайларды естігенде телефоны құрысын деп, екі қолыңды төбеңе қойып безіп кетткің келеді.Бірақ біздің заманда телефонсыз өмір сүру мүмкін бе?

4 пікір

MSHERIMBEK
Қанша зиян болғанымен, дәл қазір ұялы телефонсыз жағдай мүшкіл:)
Әрине, шөлде қалып кетсең ұлы телефонның пайдасы екіталай:)
Ais_97
Мен ұялы телефонды көп қолданбайм, компьютер қараймын көбінесе, пікіріңізге рахмет!
Zhanat
баяғыда соткасыз қалай жүргенбіз десенші
banzaika1990
Баяғыда "Қазақтелекомның" буткаларында жүретінбіз, ауылға 5минутқа заказ беріп
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.