Ең үздік android смартфондары

Ұялы телефондар /
1. Ең инновациялық android смартфоны
Samsung Galaxy S III. Әрбір Galaxy S ең үздік инновациялық шешімдерімен әйгілі.
samsung, galaxy sIII, S3, android, ics, 4
2. Ең жылдам android смартфоны (әйгілі Antutu тесті бойынша)
Meizu MX. Бұл қытайдың смартфоны, Samsung пен HTC компанияларының бетке ұстар смартфондары Galaxy S3 пен One X-ті артта қалдырған. Өкініштісі бұл смартфон тек қытайда ғана сатылады. Себебі дизайны мен интерфейсі Apple компаниясының смартфондарына қатты ұқсайды.
meizu, android, meizu mx, quad core,
3. Ең стильді android смартфоны
Sony Xperia S. Биыл Sony компаниясы, Sony Ericsson біріккен компаниянысының екінші бөлігін өзі сатып алған болатын. Нәтижесінде өзінің брендімен өте стильді Xperia S смартфонын шығарды. Бұл смартфонның ерекшеліктеріне 12 MPx камерасымен sony теледидарында қолданылатын bravia технологиясы бойынша жасалған дисплейін атап өтуге болады.
android, sony, xperia s, ics,
4. Ең қымбат android смартфоны
Ulysse Nardin's The Chairman. Бағасы 14000$-дан 50000$-ға дейін, 1846 данасы ғана шығарылады.
Ulysse Nardin Chairman, android, ең қымбат
5. Ең разан android смартфоны
Samsung Galaxy Y. Бағасы 19900 тг. Айта кету керек шет елде бұдан арзаны бар, бірақ өзіміздің қазақстандағы бағалар бойынша, Samsung Galaxy Y GT-S5360-тан арзаны жоқ.
samsun galaxy y, ең арзан, смартфон
6. Ең көп сатылған android смартфоны
Samsung Galaxy S II. Бұл смартфонның әлем бойынша 20 миллионнан астам данасы сатылған екен.
samsun galaxy s2, android, ics, 4
7. Сапа мен баға қатынасы бойынша ең үздік android смартфоны
Lenovo A750. Бұл смартфонда барлық сенсорлар, wi-fi, gps, 1ГГц-тік процессор, 3G, фронталды камера, соңғы Android 4 ОЖ-сі, 4 дьюймді дисплей, софттач және 2-ші сим картаға арналған орын бар. Ал осының бәрі қуаты 2000mAh батареясы арқылы жұмыс істейді. Бағасы не бары 150$-250$ аралығында. Өкініштісі бұл смартфон да тек қытай территориясында сатылады. Бірақ, интернет дүкендері арқылы еркін сатып алуға болады. Ebay-де құны 224$.
lenovo a750, android, 4, ics, dual-sim,

22 пікір

qyrmyzy
Екіншісі ұнады!
balgalym
оны сатып алу қиын өкініштісі
qyrmyzy
өйстесіңдер енді
balgalym
Орысша ресми сайтымын дит, бағасы 13000руб=65000тг
e_zhalgas
неге мына тізімде менде бар Galaxy Note жоқ :)
balgalym
ол «күректің» қандай ерекшелігі бар? )))
e_zhalgas
ол күректігімен ерекше, ең үлкен смартфон, уақақа
balgalym
ал мини-планшет десек ше? )) оны смартфон демес едім
e_zhalgas
сенің демегеніңнен факт өзгермейді!
balgalym
сол үшін ол тізімде жоқ!
balgalym
дисплей одан кіші бірақ планшет аталатын девайстар бар, самсунг оны смартфон дегеннен ол смартфон болмайды.
e_zhalgas
мен білетін ең кішкене tab (планшет) 7 дьюмдік… ал, note — планшет емес, смартфон! немесе, екеуінің ортасы, а-ля недопланшет, пересмаотфон, уақақа
balgalym
5 дьюймдік планшеттер:
Lenovo Lepad S2005
Dell Streak
banzaika1990
4 ұнады, себебі клавиатурасы бар екен)))))))))))) осы сенсорный экранды телефон қолыма түссе жүйкем жұқарып бітеді. Саусақтарымның икемі жоқ па білмеим айтеу жып-жып етіп басқа жерлерге кіріп кете береді. Өзімнің 4 жыл ұстаған кирпичный Samsung DUOS D780 жететін ұялы жоқ. бірақ зейнетке шығаратын уақыты келді, біраз қуып жүр. қимай жүргенім
balgalym
хабарлас, ebay-ден әдемі телипон аламыз :)))
banzaika1990
аламыз емес, алып берем десеиш ))))))))))))
balgalym
онда өзің ал :))))
banzaika1990
мәз боп қалып едім, соңғы үмітімнің қылшықтай жібін аяусыз үзіп жібердіңіз ғой. эхххххххххх
followme_alik
4-нің Ебэйдағы орташа бағасы қанша екенін біліп бере аласың ба, Балғалым?…
balgalym
ebay-де сатылмайд екен :) шығарушының ресми сайты.
Nuradil
Шығыстағы көршіміз Қытай алға басып келе жатқаны көрініп тұр!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.