Samsung Galaxy Note N7000 коммуникаторы - шолып қарау(1/3 бөлім)

Ұялы телефондар /
Samsung Galaxy Note N7000 коммуникаторын шолып қарау(1/3 бөлімі).

Samsung Galaxy Note N7000 смартфоны мені қатты еліктірлі. Себебі экран өлшемі 5,3, сонымен қатар жіп-жіңішке және жеп-жеңіл. Мінездемелері өзіне тамаша ұйқасқан. Сонымен, осы смартфон жайында білгеніммен бөлісе кетейін…



Samsung Galaxy Note


Операциялық жүйе: Android 2.3.6 (Gingerbread)
Дисплей: 5,29" 800×1280 (WXGA) HD Super AMOLED, 16 млн
Процессор: ARM cortex A9, двухъядерный, 1,4 ГГц
Жедел жад(ОЗУ): 1024 Мб
Флешка жады:(флеш-память) 16 Гб
Карта жады (карты памяти): microSD/HC до 32 Гб
желі(сеть): HSPA+ up to 21Mbps 850/900/1900/2100, EDGE/GPRS 850/900/1800/1900
Cымсыз байланыс(беспроводная связь): Bluetooth 3.0+HS, Wi-Fi
Камера: 8 Мпикс, жарық диоты бар жарқылдақ (светодиодная вспышка), бейне рұқсаты(разрешение видео): 1920×1080
Қарсы алдындағы камера(фронтальная камера): VGA
Порттары: microUSB, құлаққапқа шығу(выход на наушники) 3,5 мм
GPS: қолдау(поддержка) A-GPS, ГЛОНАСС
FM-қабылдағыш(fm-приемник): RDS қолдауымен, стерео
Аккумулятор: Li-Pol 2500 мА•ч
Өлшемі (размер): 82,9 × 146,8 × 9,6 мм
Салмағы: 178 г



Ал конфигурациясы жайында айтар болсам, охоо, конфигурацияға өте бай ғой, жап-жақсы процессор, өзімен бірге 16 Гб тағы қосымша карта жадын қолдана аласың(өте тиімді), сымсыз байланыстың барлық түрі, камерасы 8 Мпикс,GPS тағы басқа. Батарейкасының өзі өте сиымды 2500 мА•сағ. Ал экраны 4,8 Acer ICONIA SMART смартфонының өзінде батарейкасы не бары 1500 мА•сағ. Ал күнделікті Nokia телефондарында әрқалай мысалы N95 8gb да 1000 мА•сағ.

Және мынадай дислпейімен өте керемет салмағы бар — 178 грамм ғана.
Смартфондардың арасындағы озаты(лидер) деуге әбден болады.

Жиынтығы:
Мынадай қорап түрінде сатылады.

Қораптағы сырт бейнесі


Ішінде — коммуникатор, USB-microUSB ге арналған кабелі, құлаққап(наушник), силикон қондырғыларының бірі құлаққапқа арналған құлақшыны (силиконовые насадки для наушников), қоректендіру адаптерi(зарядчик).

Құрамы


Сырт көрінісі және қолданылуы
Samsung Galaxy Note дизайны Samsung Galaxy S серияларына ұқсатылып жасалынған.
Әнекей Samsung Galaxy Note

Samsung Galaxy Note


Ал мынау Samsung Galaxy S II

Samsung Galaxy S II


Сондықтан да байқағандай Galaxy Note смартфоны Galaxy S II ге ұксас екенін көреміз.
Ал мынау, Galaxy S пен iPhone 4 пен салыстырғандағысы

iPhone 4, Galaxy Note, Galaxy S


Galaxy Note-тың беткі бөлігі құрыш шыныдан жасалынған. Төменгі қақпағы қолда өте ыңғайлы жататын бұдыр пластикалардан істеп жасалынған.

Артқы қақпақ


Төменгі шеті — microUSB-ға шығу, микрофон, экранмен жұмыс істей алатын арнайы стилусының салынатын ұясы.

Төменгі шеті


Оң шеті — қосқыш батырмасы. Ыңғайлы орналасып қана қоймай, жеңіл басылуда.

Оң шеті


Жоғарғы шеті — құлақшындар(наушник) үшін шығу.

Жоғарғы шеті


Ал енді сол шеті — дыбыс реттегіші. Бұл жерде бір өкініштісі, дыбысты өшіруге арналған батырмасы жоқ екен.

Сол шеті


Алдыңғы панеліндегі басқару батырмалары дәстүрлі түрде үшеу: "Үйге & Домой" (немесе «ОК») бір орталық батырмасы, және екі сенсор батырмалары — мәзір және қайтару.

Мәзір, үйге, қайтару


Сенсор батырмалары аккумулятор зарядын үнемдеу үшін, аз ғана уақытқа жанады.
Бірақ, олардың сәуле тарату ұзақтығын өз қалауыңызша күйге келтіруге болады: 1, 5, 6 секундтар, әрдайым қосулы етіп, әрдайым өшірулі, немесе қараңғы кезде ғана қосу.

Стилус — бұл, экранмен жумыс істеуге арналған қалам (ручка), төменгі шетте орналасқан, арнайы бөлімшеге қойылады. Келесі түрде көрсетілген.

Стилус


Стилусты басқаша S Pen деп те атайды. Ол мынадай экрандарда арнайы конструкциясымен, жаза алып сурет сала алады. Стилуста батырма(кнопка) бар, оның көмегімен әртүрлі әрекеттер жасауға болады — мәзірді шақыру, өшіргіш тәртібін қосу т.б. Батырма өте нәзік істелінген, сондықтан оны басу өте ыңғайсыз. Бірақ, стилустың бар болуы, сурет салуды ұнататын немесе қолмен әріптерді, сөздерді жазуға құмар адамдарға жақсы нәрсе, олардың риза болатыны анық.

Айтпақшы, бұл сіздер ойлағандай қарапайым емес(немесе ерекше стилус), қаламды Wacom Penabled Digitizer жанұясына жататын, Wacom жасап шығарған. Сондықтан да, бұл жанұясынан жасалынған кез-келген қаламдар Galaxy Note-та жұмыс істейді, соның ішінде қалам басындағы өшіргішімен. Ал, сонымен қатар Galaxy Note, Wacom-ның сурет салуға арналған планшеттертері тәріздес, қаламның басуындағы күшін сезіне алады — бұл сурет салу кезінде жап-жақсы көмек беруде.

Дисплей
Дисплейі бұл жерде өздерінің самсунг белгісіндегі- SUPERAMOLED. Жарықтығы керемет, толықтық және қарама-қарсылық(насыщенность и контрастность) — қазір бұл нарықтағы мықты экран. Бұрыштары да өте жақсы — түрлі түстілік және қарама-қарсылықты(цветность и контрастность) көлденеңінен және тігінен қозғалтқан кезде, өзгермей, түстері еш аға қоймайды. Бірақ, PenTile әсері байқалуда — бұл аз ғана тігінен ептегендегі(қисайтқандағы) байқалатын ақ түстің сәл көкшіл-көгілдірлеу бола түсуі. Егер осы жайында біле қоймағанда, көзге түсе де(байқала да) қоймайды.

Әрине, бұл жерде мультитач сүйемелдеуімен болуда, қосымша өздерінің самсунгтік технологиясы жатыр. Егер дисплей айналған кезінде(өзіңізден аулақ немесе өзіңізге қарай) масштабы үлкейгендігі немесе кішірейгендігі, сол жағдайда экранға екі саусағыңызбен тиіскен кезде болатыны. Бұл технология сонымен қатар, самсунгтік өздерінің планшеттерінде де қолданылып жатыр.

Экраны, өзін сызаттардан қорғайтын арнайы жамылғысы бар құрыш шыныдан(закаленного стекла) құралған.

Құрылғының жұмысы
Мұнда Android 2.3.6 орнатылған және өзінің самсунгтік TouchWiz 4.0 қабықшасымен(оболочкой). Операциялық жүйе қабықшасы — (ағыл. shell — оболочка — қабықша) Жүйенің функцияларымен қолданушы арасындағы өзара әрекеттесу үшін интерфейс қамтамасыз ететін операциялық жүйелер командалардың интерпретаторы.
Қосылулы құрылғының экраны келесі түрдегідей.

Қосылулы коммуникатордың экраны


Үйреншікті Android -тың астыңғы док-панелінде не бары үш пиктограмма бар: телефон, қосымшаларды шақыру(вызов приложений), браузер. Олардың оң жағы мен сол жақтарында — десктоп сандары көрсетілген.

Десктоп Android 2.3.6


Самсунг телефондарында бес пиктограмма қойылған. Осы жағдайда бұл: телефон, байланысулар(контакты), қойын кiтапшасы(записная книжка), қатынастар(сообщения), қосымшалар(приложения).

Айтқандай, оның жиынтығы анау айтқандай керемет те емес. Байланысулар(Контакты) үшін арнайы пиктограмма етіп шығарудың еш мағынасы жоқ. Себебі ол телефонның өзінен оп-оңай шақырылады. Қойын кiтапшасы(записная книжка) бұл да ыңғайсыз. Сонымен қатар, қолданушылардың көбісі, док панелдің пиктограммаларын басқасына ауыстыруға болмайды деп санауда себебі олар, десктоп пиктограммаларының өзгерту режимінде өзгертілмейді. Дегенмен, оларды өзгертуге болады — орнатылған қосымшаларға кіріңіз(установленные приложения), «Мәзір»(меню) батырмасын басыңыз, ары қарай "Өзгерту".

Мынау өзгертілген пиктограммалар


TouchWiz, сегіз десктопын ұсынады, керемет, осыны күттік қой бәріміз — біріншісінен оңға қарай парақтап ашқанда сегізінші десктопқа өтуге болады. Алдыңғысы мұндай емес еді, сол себептен мені қатты түршіктіретін.

Десктопқа әдеттегідей қсымшалардың пиктограммаларын(Пиктограмма — объекттің белгісі ретінде түсінсеңіздер болады. Яғни сол белгі түп нұсқасына сілтеме берілген.), виджеттерді, папкаларды, закладкаларды, жылдам сілтемелерді орналастыруға болады.

Мінекей, бұл жерде бірінші кезде келісім бойынша берілетін виджеттердің толық жиынтығы.

Виджеттердің толық жиынтығы.


Басқа да десктоптарда келісім бойынша орнатылған виджеттер.





Келесі түрде, қосымшалардың орнатылған жиынтығы көрсетілген.



Ескерту терезесі Galaxy S -пен салыстырғанда ыңғайлы орналасқан. Ол жерде Wi-Fi -ды, Bluetooth, GPS, «Без звука» профилін және автобұрылу -ды, қосып өшіре аласың.

Ескерту терезесі



Ендігі де жазарым тек Galaxy Note -қа байланысты болмақ. Алдыңғыдай салыстыру болмайды, Galaxy Note -тың қосымшалары(приложения) туралы, олар экранда қалай көрінетіні жайында болмақ. Қосымшалармен таныстырып және олар кей тапсырмаларды қалай орындайтынымен де айта кетермін арасында.

Клавиатура
Клавиатура, келісім бойынша орнатылған, қарапайым ғана андроидтық. Клавиатура қолмен жазып(бұл кәдімгі өзіміз парақпен жазғандай) енгізгенді және дауыспен айтылғанды танып, түсінеді. Яғни қолдайды. Қолмен жазу және дауыстап енгізу, ыңғайсыз екен, себебі жазғаныңды немесе айтқаныңды нашар түсінеді. Ең ыңғайлысы клавиатура басып жазу екен.

Латынша


Орысша


Қолмен жазу


Мен әдетте Smart Keyboard Pro -ны қолданамын. Бұл танымал, әрі алғыр(гибкий), әртүрлі баптаулары бар. Осыған қосымша, оған арналған әртүрлі талғамдағы скиндері де көп.

Латынша орналасу ерекшелігі


Орысша орналасу ерекшелігі


Браузер
Мынадай экран өлшемімен 1280×800, сайттар өте тамаша көрінеді, егер бұны телефон екенін ескерсек онда тіптім керемет. Galaxy Note -тың көлденеңі(960×640) бойынша нүктелеріне қарағанымызда, iPhone 4 -тің тігінен қарағандағы нүктелер саны сәл көбірек. Сондықтан, Note ты айфонмен осы жағын салыстырғанда, қарапайым және рақат! (Суретті толығымен көру үшін, суреттің үстіне шертуді ұмытпайық. Сурет жаңа тереземен ашылады.)

Тігінен


Көлдеңінен


Әрине мұндай сайттар 10 дюмдік планшеттерде керемет көрінеді. Айфонның жақсы версияларын алғанның өзінде, онымен сайтпен жұмыс істеу ыңғайсыз.

Келесі екінші бөліміне өту...

17 пікір

Қазақ тілін қолдаймекен
beko
Иә, әрине. Бейне жазбасы мұнда. 1:55 секундтында көрсетеді.
erke_ky3
Батарейкасының өзі өте сиымды 2500 мА•сағ.
сөйлеміндегі 2500 мА•сағдегенді толығырақ түсіндіріп бересіз ба? Қарапайым тілмен айтқанда қанша уақыт? :))
yerbol89
Алдымен мына сұрақ пен жауапқа назар аударсаңыз болады. Батарейка туралы СМС туралы
erke_ky3
рахмееееееееееет :)
beko
2500 мА•сағ қанша уақытқа жететіні сіздің қолданғаныңызға байланысты. Негізінде орташа 2-3 күн шамасына жетуі керек.
erke_ky3
Сууууууууууупер ғой Galaxy Note! Бірақ бір ұнамайтыны сурет түсіруге арналған кнопочкасы жоқ. Суретке түсіргенде сол қиындық тудырады аздап. Ал Samsung Galaxy ACE туралы жазасыз ба?
yerbol89
Айс туралы мен жазып жатырмын! Қолыма ұстап көрдім, тамаша, шағын бірақ мүмкіншіліктері жоғары. :)
erke_ky3
бірақ мүмкіншіліктері жоғары
дегенді түсінбедім. Сонда қалай?
beko
Ыңғайлы, әрі функциялары көп, дегісі келген гой шамасы.
erke_ky3
Рахмет, beko :))! Зерттеп жатқан адамнында жауабын естігіііііііім келіп тұр :))
erke_ky3
тағы сұрайн дегенім ACЕ — тың заряды қанша күнге жарайды?
qusbegi
Бәәәрекелді:) Жақсы екен. Танысып алдым:)
Ais_97
керемет ұялы телефон! Жақсы дайындағансыз!
beka2332
Пост өте жақсы жазылған))) бірақ өзім сенсорный телефондарды ұнатпайтынмын)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.