Ұялы телефон қалай пайда болды?

Ұялы телефондар /
Ұялы телефонмен алғашқы байланыстың тарихы1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Сол күні Motorola компаниясының қызметкері, алғашқы ұялы телефонды ойлап тапқан өнертапқыш Мартин Купер өзінің бәсекелесі, BeLL Laboratories компаниясы зерттеу бөлімінің басшысы Джоел Энгелге телефон шалады. Жумыс кабинетіндегі телефон тұтқасын көтерген Джоел Энгелге Мартин: «Сен менің қайдан қоңырау шалып тұрғанымды білесің бе? Мен ұялы телефонмен хабарласып тұрмын» деген екен. Кейін Купер бұл оқыға туралы «Оның не деп жауап бегені есімде жоқ, тістерінің сықырлағанын естігендей болдым »,- депті.
Иә, қазір екінің бірі қолданатын ұялы телефон бірден қазіргі жағдайға жете қойған жоқ. Жаппай өндіріле бастаған алғашқы ұялы телефонның салмағы 1,15 келі болатын. Сонымен бірге бағасы 4000 доллар (сол кездегі бағамен әжептәуір сомма) болғандықтан, ұялы телефонды тек әскрилер мен ірі кәсіпкерлер ғана қолданған екен.
Иллинойс техналогиялық инстетутының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштығық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысынан жуығы күнделікті пайдаланып отыр.
Ата-аналар үшін балаларының қайда жүргенін білуге қолайлы болғандықтан ұялы телефонды тіпті 1-сынып оқушылары да қолданатын болды.

2 пікір

senim
техналогиялық инстетутының
m170785
осы ұялы телефонды туралы жазылған бұрынырақ
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.