Android 4.1.1 Jelly Bean

Бәлкім жазылып та қойған шығар, жаңартып та алғандарыңа бірнеше ай болған шығар, бәлкім мен слоупок шығармын, мейлі ол шілде айында ұсынылса да, бірақ өзімнің ақылдыфонымның амалдар жүйесі бүп бүгін ғана жаңарды. Басқа аймақтарда қалай екенін білмеймін, бірақ Ақтауда андроидтың жаңа нұсқасы бүгін ғана жүктеп алуға ұсынылды. Мана сол жұмыс уақыты аяқтала бергенде, смартфоныма қарап қалсам, «пакетная обновление ПО» деген жазу шығып тұр, вай файдан ажырамаңыз дегесін, отырдым жұмыста, пакеттегі жаңартылуы жүктеліп, қондырылып болам дегенше сағат сегіз жарым болыпты, содан үйге кеттім.

Енді өзімше үйге келіп, қай жері жаңарды оның соншама деп қарасап, андроидым 4.0.4 нұсқасынан 4.1.1 ші нұсқасына жаңарыпты, Jelly Bean деп аталады бұл нұсқасына өзімше шолу жасап қөрмекшімін.



Сонымен қысқаша бұл нұсқада не жаңарды:
— Айтады жылдамдығы арта түсті деп, оған сендім, жылдамдық байқалады. Жалпы бұл жаңартуда жүйе жылдамдығы мен анимация бірқалыптылығына аса көп көңіл бөлініпті дейді
— Айтады интерфейс анимациясы қалықтап, шалықтап, жеңіл (ощм плавно деген ғо) қозғала түсті деп, ия онысы да байқалады. (қолданушы интерфейсін бірқалыпты ету үшін Project Butter технологиясы қолданылды дейді) Анимация секундына алпыс кадрмен қозғалады. Кім ол айтып жүрген адамның көзі тек жиырма төрт кадрды өңдай алады деп, алпыс кадр бірден сезіледі.
— Сенсордың сезімталдығы артыпты ощщ, тойыс экранды түрткенде, оны өңдеу, оқиғаға әрекет ету жылдамдығы едәуір артыпты.
Жоғарыдағы айтылғандардың бәрін мына видеодан айқын көруге болады.


— Жүйеге қосымша тілдер еніпті
— Жүйеге қосымша жиырма үш халықаралық пернетақта ауыспалары енді дегенді естіп бірден қазақшасы қосылды ма екен деп тексеруге барып едім, жоқ екен (((

Ұялы телефондар: Android 4.1.1 Jelly Bean

Қап қазақшасы болғанда ғой дедім де, қойдым, әйтпесе мына қазақша енгізуге болатын қосымша программа планшетте тәуір көрінгенімен смартфондарға тым үлкен, экранның барлық дерлік бөлігін жауып тұрады екен. Жамандағаным емес, ойыбай осыған да тәубаа, бірақ…





— Жұмыс үстеліне виджеттерді орналастырғанда, егер бір виджетке орын жетпей жатса, қалғандары автоматты түрде былай былай ығысып отырады екен
— Контактке сурет қойғада, сурет көлемін 720×720 пикселге дейін үйкейтіпті, ол бірден байқалды, бұрындары сурет сапасы тіптен нашар көрінетін еді


— Дыбыс арқылы енгіду одан сайын күшейе түсті дейді, қазақ тілін қолдамайды бірақ (((
Өзімше «сәлем» деп едім, біресе «фиолент» деді, біресе «ильин» деп таныды, біресе тіпті қуып «сталин» деп жазып берді



— Браузер жаңарыпты, HTML5/CSS3/Canvas қолдауы күшейе түсіпті, оны көре жатармыз әлі, Chrome браузері жоқ еді, мына жаңартуда үнсіз келісіп бойынша келіпті.


— Басқа да кәкір шүкір кішігірім жаңартулар, жаңа виджеттер, оффлайн карта мен оффлайн дыбысты тану, ютуб пен гугл плэй интерфейсі жаңарыпты.


— Және соңында ең басты жаңартулардың бірі ол Google Now қосымшасы. Ең ұнағаны осы болды. СМАРТфон СМАРТфон дейміз ау, бірақ қазіргі СМАРТфондар шындап келгенде ешқандай да СМАРТ емес, олар жәй ғана функционалды телефондар. Нағыз СМАРТфон СМАРТ болуы керек яғни ақылды, мысалға иесі күнде таңертең жұмысқа кешігіп ұйықтап қала беретін болса, немесе күнде кешкісін сағат жетіде дәрісін ішетін болса, СМАРТфон осы амал әрекеттерді ескере отырып, мысалы таңертең ертерек оятып, кешкі жетілерде дәріңізді ішуді ұмытпаңыз деп ескертіп отыруы керек. СМАРТыңыдысс, мына Google Now қосымшасымен СМАРТфон кішкене де болса ақылға келейіндеген сияқты.


Google Now бағдарламасы смартфондағы баарлық ақпаратыңызды, гугл аккаунтығызды, закладкаңызды, джимайлдағы почтаңызды, GPS навигацияңызды бәрін бәрін қолданып, сараптап саралап, өңдеп, сізге керек ақпаратты шығарып отырады. Мысалы мен күнте таңертең бестк маршруткасына мінетін болсам, таңертең ол маған бестік маршрутканың қашан келеу керектігін көрсетіп отырады, немесе жұмысыма қалай бару керек екенін, картадан көрсетіп беріп отырады, немесе мен тұрған жерде айналамда қандай нысандар мен ғимараттар бар екенін көрсетіп отырады, қысқасы қажетті, ақылды жауаптар көрсетіп отырады екеееен.

Бары осы, ішек қарнын ақтарып, ядросын зерттеген жоқпын, жаңарғаннан кейін өзім байқалған өзгерістерді ғана жазып отырмын. Сау болыңыздар.

Ия ия, білем, тым кеш екенін, бірақ жамааан обзор жасағым келіп кетті аяқ астынан, несі бар екен кешіккенде. Бүгін ғана жаңартып алдым ғо енд.

40 пікір

  • QARASAQAL
  • 0
Еп, сапалы жазасың не жазсаң да =))) Оқып шықтым. Хандроид сұмдық қо:) Енді осыған қосымша жазуды дұрыстап үйрену керек =)
  • qyrmyzy
  • 0
simbian jaraidy, kazirwe. Kuwti, mumkindikteri kop.
  • Ak123
  • 0
охх мен онда тошны слоупокпынмен енді Android 2.3-сі бар сотка алдым
  • Abylai
  • 0
ппп приуэт
  • Ak123
  • 0
ааа айтпақшы, мен өткенде HTML-да сөз жаза алмай отыр едім ғой, қысылғанда сайтжасап кеттім))))әбден басым қатты соны жасай деп)))
  • Abylai
  • 0
Ни че үйренесің
  • QARASAQAL
  • 0
Ak123 & Abylai сіздерге үнсіз бақыт тілей беруге болады ма?:)
  • Abylai
  • 0
))) тілеп жарытпассың
  • Ak123
  • 0
ұжссс, не дид?Айтабер өсекші бопты ғой, сіз туралы әңгіме боватр деп<img src=«s.rimg.info/9a951d12d9596e79e536d3c69e400691.gif?kulekeshter» />
  • QARASAQAL
  • 0
хат барса болды онда:) негізі жаңа функцияны сынап жатқан едім:)
  • Abylai
  • 0
Бәсе сен қайбір жөнді тілек тілейіндеп едің. Мысық епт.
Ааа тема. Твиттердегідегіндей ма?
  • QARASAQAL
  • 0
@ белгісін қойып логинді жазсаң болд:) Дәл солай)
  • Abylai
  • 0
  • Korkem
  • 0
ау? )))
  • Abylai
  • 0
Ғажап! Мына скриптті өзің жазбасаң да. сайтқа қойғаның үшін бір тау қоарғандай самооценкаң көкке жепіп қалған щығар ә
  • Abylai
  • 0
Түзету функциясы керек.
  • QARASAQAL
  • 0
бүгін тугяттап қоям :)
avatar
  • ZaMaNbEk
  • 0
Суреттегі Абай деген баланың түрі таныс, бір жерден көрдім… Кім болып келеді ол саған Абылай???
  • Abylai
  • 0
інім ғо туған. Ұқсай ма? ))) танысаң танитын шығарсың, сегізінші мектепте оқыған.
avatar
  • ZaMaNbEk
  • 0
Аумайды екен. ааа бәсе 8де окыса көрдімго онда.
  • QARASAQAL
  • 0
AKA келін қайда жүр екен дейм да? Бұл темаға не дейді екен?)))
  • Abylai
  • 0
Шақырғасын былай шақыршейш оптым
Korkem followme_alik ereke_enu Zhanat qyrmyzy ruben mairosh khairbek banzaika1990 beko kema Zhassiko alikona Delfina akil_kalta01 didi0393 Ak123
Сіз туралы сұмдыық әңгіме болып жатыр :))
  • Abylai
  • 0
Ұйқы сұрап жатқан жоқсың ба?))) Балық (жүзетін балық емес) эрасы қалай? Смартым S3
  • rauan
  • 0
негізі айфон, виндоус, андроид қосылса күшті болар еді )))
  • Abylai
  • 0
Бүгін жаңа жылға сыйлық ретінде әндірбай 4.1.2 нұсқасын жаңартуға ұсынды. Жүктеп алдым.
avatar
  • ereke_enu
  • 0
1. Телефоннан кітап оқымаймын, e-book бар
2. Инетке постоянный доступ — жұмыста да, үйде де бар.
3. mp3 тыңдамаймын, кішкене player-ым бар.
4. Ойын ойнамаймын, қызықпайм.
5. Қоңырау шалуға жайфоным бар.
Енді осы Galaxy S3 — ді алуға себеп тауып берш?)) Алдын көргенде біраз тұрады екен, сонша ақша жаратсам ба, жаратпасам ба шеше алмай жүрмін. Бірақ, бір телефон алу керек еді… Норм фотоаппаратымен, 2 симкалы болса тіптен жақсы… Және салмақты дизайнымен
Соңғы өңделген уақыты:
Поверь бғат, тема;)
avatar
  • beko
  • 0
galaxy s duos
екі симкалы
тіптім дәу да емес
қатты наворошный да емес
бағасы 50 шамасында(бағасы тұрарлық, негізінде қазір, қырық бес соммадан жоғарылары жақсы(норм))
  • qyrmyzy
  • 0
менің әлі басым қатып жүр: планшет, смартфон…
avatar
Рахмет, дәл айттың)
avatar
менің Бариантым
1. Телефоннан кітап оқымаймын, e-book бар
2. Инетке постоянный доступ — үйде де бар.
3. mp3 тыңдамаймын, кішкене player-ым жоқ
4. Ойын ойнамаймын, ойнап болдым
5. Қоңырау шалуға 6303 бар
Галакси S3ті бәрі Галакси S24 алып жатканда алармын. бірақ Галакси S24 әлі шыққан жок сол себепти әлі ерте алуга
  • qyrmyzy
  • 0
HTC смартфондары да жақсы екен. Жіңішке, жеңіл, андройд, фотоаппараты да жақсы, қымбат емес, 50 мың айналасында. Толығырақ QARASAQAL айтсын
avatar
  • yfriend
  • 0
Қарасақал, логиның тема екен)
avatar
  • senim
  • 0
4 ай бойы алмаған 48000 мың стипендияма не аларымды білмей жүрмін.
  • AKA
  • 0
Уаау, дос болайық :))
avatar
  • senim
  • 0
каааз профиліңе достық лақтырайын ахахах
  • AKA
  • 0
Дос болдық, енді кеттік «Желкенге» барып пицца жеп қайтайық та, Або келіп ұрыспай тұрғанда :)
avatar
  • yfriend
  • 0
мені де ала кетсеңдер қарсы емеспін)
avatar
  • yfriend
  • 0
бірақ, мен пицца жемейм
  • AKA
  • 0
Не боп қалД тағы?! Қайта-қайта (((:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.