Қысқаша шолу. Қазақстанның ұялы байланыс операторлары жайлы

Ұялы телефондар /
Қазір Қазақстанда GSM негізінде 3 негізгі ұялы байланыс операторы(Kcell, Кар-тел және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС), ал CDMA негізінде 1 байланыс операторы (Pathword, Dalacom) жұмыс істейді. Бұл компаниялар абоненттерге интернет және ұялы байланыс қызметтерін ұсынып келеді. Қызметтерінің бағалары әр түрлі.Сол бағаларды мен өзімше сараптағалы отырмын. Жалпы алғанда, Кар-тел компаниясы Қазақстан бойынша ең кең таралған ұялы байланыс желісі деп ойлаймын. Содан кейін, әрине, Kcell компаниясы.

Ал олардың "қас жауы" Теле2 жалпы алғанда әлі де өз қанатын жая түсуде.Базалық станцияларын Қазақстанның біршама жерлеріне орнатып үлгерген Теле екі өз бәсекелестері тарапынан шындықты айтқан жарнамасы үшін біраз дауға қалып, айыппұл төлейтін болды.Сілтеме

Жалпы алғанда, қазір Қазақстандағы ұялы байланыс операторларының (ҰБО) бағалары біраз төмендеді. Менің ойымша, бағалардың біраз түсуіне Tele2 ҰБО-ның 2010 жылы Қазақстанға келуі себеп болды.Қазір Tele2 желісі ішінде сөйлесудің ең арзан құны 11 тг мен 1 тг аралығында болып тұр. Ал интернет құны 1 Мб-на 25 тг.Маған ұнағаны 10 Гб үшін 3000 тг ұсынғаны.
Ал Кселл мен Актив өз операторларынан айырылып қалмас үшін тағы да жаңа тарифтік жоспарлар ойлап тапты. Бірақ, жарнамасынан байқасаңыз, бұл компанияның осындай тарифтері көбіне тек белгілі бір мерзімдерге дейін ғана деп жазылып тұрады, яғни науқандық тарифтер. Бұл компанияның ерекшелігі, бірліктерді басқа абонентке жіберу оңай, бірлігіңіз таусылып қалса, «Экстра Баланс» қызметі дайын.(Тек өзіме осы қызмет ұнамай бара жатыр, ылғи минусқа кіріп кетіп жүрмін).
Beeline Қазақстанның көп өңірін қамтыған желі, бұл оператор әзірге өзінің «FreeStyle» тарифімен абоненттерді «баурап» отыр. Бұл тарифтің бір ерекшелігі аумақтық тұрғыда өз желі абоненттеріне тегін минуттар береді. Тек аптасына не айына керекті сомасын құйып қойсаңыз, болғаны.

7 пікір

Jako
Жақсы мағлұматтар екен.
yesbolat83
Менде тек бір нөмір бар, ол актив, «Күндізгі лимитсіз» тарифына қосылған. Билайннан сен айтқан Фристайл тарифы ұнайды. Студент кезімде Pathwordтың «Перевооружайся» желі ішінде бір-біріне судай тегін тарифті номерін қолданғам. Теле2 пайдаланып көрмеппін.
Қандай оператор түрлері болмасын өз абоненттеріне өте тиімді тарифтік жоспарлар ұсынбайтыны өкінішті. Мысалы, актив абоненттер саны 2 млн-нан асады. Осы компания халыққа тиімді қызмет түрлерін ұүсыну керек ғой. Тиімдірек деп ойлағанымыздың өзі күнделікті немесе апталық абоненттік төлемін талап етеді.
Madi
иа, Активте бір лохотрон (білмеймін, бірақ ұтып жатқандары да бар шығар) акциялар бітпейді әйтеуір. 950 секілді.
saryqazaq
Авторға ақпарат үшін рақмет.
8 жыл бойы актив байланыс операторындамын. Нөмірім еш өзгермеді. Қымбат!!! Бірақ та тастай алмай жүрмін
Kan
Осы беелайнмен өзге нөмірге қалай бірлік лақтырады? немес қалай өзгеден бірлік сұрайды?
Madi
Негізі *145 не *144-пен жіберу керек. Мысалы *145*7773433434*100(керекті сома)# ны басасыз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.