Осы бір телефонды ай..

Ұялы телефондар /
Осыдан бір жеті алдын қаламыздағы «Гарант» деп аталатын орынға барып едім.Ол жерде көбіне ұялы телефондар сатылады.
Сондағы ойым өзіме жөні тізү қалта телефон алу.
Ойладым «жаңасын алсамба, әлде ұсталғанынба?!.Әй осы б/у телефондарда болады-ау, шыдайтын шығар.Қыз алайын деп тұрғам жоққой» Б/у телефондар жағына тарттым.
Топырлаған жастар, сақал-мұрт өсірген түсініксіз адамдар, арагідік мілітсәларда бой көрсетіп қояды.
Сонымен не керек, біраз аралаған болдым да, бір жүгермектің телефонына тоқтадым.Тоқтамас па ем, сатушы жігіт өзіммен қатар секілді.Жөні тізу жігіт секілді.Басында тақия тектес бір шәпкі.
-Қалай, жақсы телефон бола алама?,-деймін мен.Бірақ күдігім бар.
-Ой, керемет! Қарасайшы міне,«ашылып жабылады»
Өй, көтек-ай.Қарап жүрмей «ашылып жабылатын бе ед».
Телефонның тілін онша білмесемде, біраз тексеріп көрген болдым.Ешқандай мүкісі жоқ секілді.«Ай осы болады ау»
Телефонды алдым да, айдарымнан жел есіп 35-ші автобусқа мініп, тайып тұрдым.
Енді міне арадан бір жетідей өтіп жаңағы «ашылып жабылатын» телефоның сыр берді.Қалай сыр бергенін шимайлап жаза бергенім жарамас.Сөйтіп телефон бұзылды да қалды.Өз білетінімше біраз әурелендім. «Батерейкі, зәрәттағыш» дегендер толық ауысты, бірақ нәтежиесіз.Жөндетуге алып барғым жоқ.
Ал керек болса, біреу естісе ұят болатын болды ау.Нем бар ед, жаңасын алу керек еді.Әй өзімнен де бар.
«Одан да сол ақшаға конфет алып жесем ғой, мықтап бір жырғамас па едім»,-деген Қожа Қадыровтың айтқан сөзі есіме түсіп, жүзіме еріксіз күлкі келді.
Менің негізгі айтпақ ойым-өзім секілді қарапайым ауыл жастары телефон немесе басқадай зат алар болсаң тек жақсысына жармас.Мейлі ол қымбат болсын тек жаңа болса болғаны.

10 пікір

scorpion
Кейбір телефондар болады бір құлап түсіп зақымданса, аккумуляторының заряды тез таусылып қала беретін болады.Ондайда жаңа аккумулятор салу да, телефон жөндейтіндерде көмектесе алмайды.Сондай ұялы телефондарды да тығып жіберуі мүмкін.Сен көргенде аккумуляторы толық болады.Бәрі жақсы істеп тұрған сияқты болады.Бірақ сатып алған соң, 15-20 минуттан соң аккумуляторының заряды таусылып қала береді.
kozha_maktanshak
Рас-ақ.Қосылам
MSHERIMBEK
Гаранттан мүлдем алуға болмайды негізі. Ұсталғанын. Өзіміз де ертеректе талай бұзық телефон сатып жібергенбіз :) Кешірсін :)
AKA
Арзанның дәмі татымас © деген осы болса керек.
ereke_enu
немесе «Скупой платит дважды»
pari
Ескі дүние естен айырар
yesbolat83
Қыз алайын деп тұрғам жоққой деп Гаранттан тағы да алсаң болады ғо.)
kozha_maktanshak
Енді алмаспын.)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.