ТМД-дағы ең арзан ұялы байланыс Қазақстанда ма?

Ұялы телефондар /
Ұялы телефондар: ТМД-дағы ең арзан ұялы байланыс Қазақстанда ма?
Әрбір тұрғынның ұлттық жалпы ішкі өніміне шаққанда, ең арзан мобильді байланыс Қазақстанда, Ресейде және Беларуссияда, ал ең қымбат ұялы байланыс Тәжікстан мен Қырғызстанда тіркелді.Бұл туралы Электробайланыстың Халықаралық ұйымының 7 қазан күнгі конференциясында ТМД елдерінің электробайланысының Халықаралық ұйымының аймақтық бөлімінің жетекшісі Орозбек Қайыков айтты деп хабарлайды CA-NEWS.

Оның сөзінше, мобильді кең жолақты байланыстың, сондай-ақ ұялы байланыстың бағасы жыл сайын арзандауда.

Қайықов мырза мобильді кең жолақты интернеттің бағасы ұялы байланыстың бағасына қарағанда анағұрлым тиімді екенін айтады.

Бүгінгі таңда әлемдегі ұялы байланысы ең арзан мемлекет Австрияда болып отыр.Бұл мемлекеттің әр адамға шаққандағы ЖІӨ-і $48 300 құрып отыр. Алдын ала төлемнің құны осы соманың 0,1%-ын құрайды.

Қайықов Қазақстандағы ЖІӨ әр тұрғынға шаққанда $8220 құрайтынын, ал байланыстың бағасы ЖІӨ-нің 1%-ын құрайтынын айтты, біз осы бойынша әлемде 22 орында, ал ТМД-да 1-орында тұр екенбіз. Екінші орында ЖІӨ-і бойынша Беларуссия тұр, ЖІӨ-і $5830, ал ұялы байланыстың бағасы осы соманың 1,1 %-ы. Ары қарай бұл тізімде Әзербайжан, Ресей кетеді. Ресейдің ЖІӨ-і әр тұрғынға шаққанда $10 300, ал сымсыз байланыс осы соманың 2%-ын құрайды екен.Және Ресей 47-орында тұрған көрінеді. Осылайша, «Ресейдің ұялы байланыс бағасы Қазақстанға қарағанда 2 есе қымбат», — дейді сарапшы.
profit.kz сайтынан

2 пікір

niaz_asem
кайдам кайдам… бизге караганда ресейде уйялы байланыс анагурлым арзан.
Jako
Мүмкін деп ойлаймын, осы алғаш ұялы телефондар шыққан кезде мин. 42 цент болды-ау деймін ұмытпасам. Ол кезде асығыс-үсігіс бір нәрселерді айта салып соткамызды өшіре салатынбыз.Есімде соткаға айына 25000-30000 дай тг. жұмсайтынбыз, әрі ол кезде қазіргідей 2-3 телефон ұстау деген жоқ қой. Ал қазір әркімде 2-3 телефон, құлағына тығып қояды дағы күні бойы сөйлесіп жүре береді. Әрі акция, жеңілдетілген тариф дегендер де толып жатыр. Соған қарағанда арзандаса арзандаған да болар.Әйтеуір өзім айына үш операторға (Ксеел, белайн, теле2) 3000-дай ақ тг. жұмсаймын, ыңғайлы сияқты.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.