Келер жылдан бастап нөмір өзгертпестен байланыс операторын ауыстыра аласыз

Ұялы телефондар /
1 желтоқсанға дейін тіркелмеген нөмірлерді тіркету туралы ескертуді барлық Қазақстандық алды. Мұны сан-саққа жүгірткендер көп болды. Әсіресе әлеуметтік желі бетінде түрлі пікір жазылды. Билік бүкіл қазақстандықты ұялы байланыс арқылы бақылауда ұстамақшы, қылмыс көбейіп кетті бақылағаны дұрыс деген пікірлер жиі жазылды. Сөйтсек, бұл 2015 жылы Қазақстанда енгізілетін Mobile Number Portability жобасымен байланысты екен.

Анықтап айта кетейік Mobile Number Portability — бір ұялы байланыс операторынан басқа ұялы байланыс операторына нөмірді алмастырмай-ақ өту жүйесі.
Мысалы: сіз қазір Асtiv-ті қолданып жүріп, Теле2-ге өткіңіз келсе, еш кедергісіз нөмір ауыстырмастан көше бересіз.

Бұл туралы байланыс операторларының өздері мәлімдеді. Мысалы: Ls.kz сайтында берген сұхбатында Теле2 компаниясының баспасөз хатшысы Елена Мухсинова нөмірді тіркеудің қажеттілігі – 2015 жылы енгізілетін Mobile Number Portability қызметінің тоқтаусыз енгізілуіне байланысты деп атап айтты. Оған дейін Асқар Жұмағалиев та нөмірді тіркеудің осы жүйенің енгізілуіне тікелей байланысты екендігін айтқан.

Жалпы бұл жүйенің Қазақстанға енгізілуі туралы 2011 жылдан бастап айтыла бастаған болатын. Бұл жүйенің ерекшелігі көп. Біріншіден, ұялы байланыс қолданушыларына жеңілдік береді. Адамдарың көпшілігі тарифтері қымбат, байланысы нашар болса да бір оператордан екіншісіне ауысқысы келмейді. Өйткені, өздері үйренген нөмірді ауыстыру қажет болады. Ал, MNP жйесінде бір оператордан екіншісіне нөмірді, сонымен қатар 701, 777 және басқа да префикстерді сақтай отырып ауысуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдада байланыс операторлары арасында бәсекелестік артып, қызметін күшейтіп, тарифтерін арзандатуғатырысады. Өйткені клиентті сақтап қалу керек. Бұл халықаралық тәжибеде өз тиімділігін көрсеткен жобаның 2015 жылдан бастап толыққанды жүзеге асуын күтеміз. Суреттің алынған жері.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.