Samsung Galaxy Note N7000 коммуникаторы - шолып қарау(2/3 бөлім)

Ұялы телефондар /
Samsung Galaxy Note N7000 коммуникаторы жайында бірінші бөлімі мұнда.
Екінші бөліміне де келіп қалдық, ары қарай тестілеп, тест нәтижесін бірге байқайық.
Естеріңізге салайын, суретті толығымен көру үшін, суретке тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы көреміз. Шертіп ашқан суреттер, жаңа бетпен(новая вкладка) ашылады.

Кітаптардың оқылуы
Кітаптарды оқуға арналған, өзімен бірге келетін Cool Reader, меніңше әжептеуір ыңғайлы секілді.

Мейлі портретті түрде, мейлі екі колонкалы альбомды түрде көріп оқысаңыз да, мынадай экранмен керемет ыңғайлы екен.

Кітаптардың тізімі


Портреттік тәртіп (Портретный режим)


Екі колонкалы альбомды


PDF файлдарын, ezPDF Reader -мен оқып көрмек болдым. Үлкейтіп көргенді санамағанның өзінде, бірнәрсені көріп тануға болады екен. Міне келесі суретте, А4 форматындағы журнал беті.

Журнал беті


Сурет
Стандартты андроидтық галерея. Осы қалпында, біреулерге таныстырып көрсетсе де болатын сияқты. Себебі мынадай экранмен, осы күйнде бірнәрсе аңғаруға болады екен.

Галерея


Тағы өзімен бірге стандарттарының қатарына кіретін ол, сурет өңдегіш(фоторедактор). Көшеде жүріп ақ суреттерді өңдеп дұрыстауға болатындай жаман емес функциялары бар екен.



Сурет өңдегіш(Фото редактор)


Және де сурет өңдегіш, мынадай самсунгтың мықтылығымен, жап-жақсы жылдам жұмыс істейді екен.

Әуен
Ал бұл жерде, экран үлкендігінің әсері шамалы, ойнай береді сол баяғыдай, ойнай береді.

Әуен


Бейне(Видео)
Бейне жағынан бәрі тамаша. Өзінің бастапқы плеер жаман емес бірақ, бәрін ойната алмайды. Сол себептен тегін тұратын MX Video Player -ді алсаңыз еш ұтылмайсыз. Онымен қатар коммуникатордың мықтылығы, 720p -ды айналдырғаны бұлай тұрсын, 1080p -ді де ойнатуға күші жетеді.

720p в MKV (H.264)


1080p в WMV


Өзімен бірге тағы бейне өңдегіші де бар. Ал өңдегіш болса, тіптім жаман емес екен — қызыққан роликтерді құрастыру, әртүрлі жазулармен(титр) әсемдеуге, эффектілер қою тағы басқа мүмкіндіктерін береді.



Бейне өңдегіш (Видеоредактор)


Радио-FM
Радиостанцияларға арналған қосымшасы ойдағыдай жұмыс істейді, әрине құлаққапты(наушник) жалғағасын ғана. Автоматты баптауы(настройка), каналдар тізімдері және алты таңдаулыдағы каналдары т.б. бар.

Кітаптардың тізімі


S-Memo
Қолмен ескертпелерді жазуға немесе сурет салуға алналған альбомы. Арнайы өзінің стилусымен қолдануды ұмытпау үшін, ескере кетейін. Сызу кезінде сызғаның, шамалы кешігіп сызылады. Сондықтан сурет салу онша ыңғайлы емес.

S-Memo


Сағат
Мынадай ыңғайлы қосымшасында(приложение), керектінің бәрі бар: оятқыш(будильник), әлемдік сағат(мировое время), секундомер, таймер және де үстелдік сағат режимі(тәртіп) — сағат ретінде подставкіге қою үшін.

Сағат


AllShare
Бұл қосымша(приложение), жергілікті желі дегі құрылғылармен мультимедиялық мәліметтермен алмасуға арналған. Яғни сіз осы, Galaxy Note N7000 -ты теледидарға т.б. жалғау арқылы, қалаған сурет, видео, әуендердіңізді үлкен бейнеде тамашалай аласыз.

AllShare


Осымен Samsung Galaxy Note N7000 коммуникаторы туралы екінші бөлімі аяқталды. Ал үшінші бөлімінде, камера және құрылғының қаншалықты мықтылығы туралы және тағы сол сияқты, дайын болып қалады құдай қаласа. Таныса жатарсыздар.

Келесі үшінші бөліміне өту...

6 пікір

bush
There are appropriate and not appropriate for me… But I really like.
followme_alik
Obamanyn da tirkeler oyi bar ma Bush myrza ?..)
Zhalpy, tandauly koldanushymsyn _ AKSH turaly posttar kutemyz)
MSHERIMBEK
Әдеттегідей керемет шолу;) Рыспек Беке! Осындайдан біреуіне ойым кетіп жүр:)
Sabions
бәрібір алмайм тұрса да қанша мақтап…
өзімнің нокиа с6-01іме жетпейді
Korkem
мындағы Айтабердегі ең тема пост
qyrmyzy
қашан қолымызға тиеді осындай заттар??? жазба керемет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.