Samsung Galaxy Note N7000 коммуникаторы - шолып қарау(3/3 бөлім)

Ұялы телефондар /
Samsung Galaxy Note N7000 коммуникаторы жайында бірінші бөлімі мұнда. Екінші бөлімі мұнда.
Әне міне деп, үшінші бөліміне де жеттік. Осы соңғысы болмақ, яғни Note туралы осымен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейін, астындағы көрсетілген суреттерді толығымен көру үшін, суретке тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы көреміз. Ал ашылған суреттер, осы бет сақталынып, келесі тереземен ашылады(новая вкладка).

Құлыптанған терезе
Құлыптанған кездегі терезесі Galaxy X -қа қарағанда(онікі нашар еді) еліктейтіндей жап-жақсы. Мына терезеде құлыптан ашу үшін, саусағыңызбен сипап өтсеңіз болғаны. Мұнда ескертіп шығатындар, олар: көтерілмеген қоңыраулар саны мен, оқылмаған смстер саны. Сіз таңдағаныңызға байланысты, сол бөліміне өтеді яғни смсті көргіңіз келсе, бірмезетте өтесіз. Айтқандай, бұл маған қатты ұнамады, шамалы ыңғайсыз — бір істелінгеннен орындала салмау.

Құлыптанған терезе


Сурет және Бейнекамера
Сурет пен бейнекамерасы бұл жерде өте дамыған екен, баптауы көп. Онымен қоса сіз, өзіңіздің төрт баптау пиктограмаңызды үстінгі панельге шығарып қойсаңыз болады.


Сурет камерасы


Сурет камерасы тестіленді. Ал енді нәтиже, бұл сотка үшін жап-жапқы көрсеткіш, өте деп айтсамда артық кетпеспін. Фокусировка(орталықтандыру; шоғырландыру) қателесетін кезі болады бірақ, мұнда кез-келген затқа фокусировканы қолменен таңдауға да болады. Қатты ұнағаны ол, автоматты түрде, ақ түсті баланстың жұмыс істеуі. Міне, мысал ретінде бірнеше суреттер.

Мысал ретінде, түсірілген суреттер.


Бейне камерасының тестіленген нәтижесі, одан бетер ұнады. 1080p (1920×1080)-ге дейін түсіре алады. Бірақ шулайтыны бар(осындай жағдай біраз телефондардың ауруы), жылжытып түсіргенде жұлқынбайды, сондықтан беймарал түсіре берсек болады екен, әсіресе үйімізде сол кішкентайлардың қылықтарын түсіргенде(мысалы ретінде).

Өкінішке орай, түсірілген видеоны мұнда енді қоямын…

Шапшаңдылығы
Әжептеуір шапшаң жұмыс істейді. Танымал тесттерде қуып(яғни тестілеп) көрдім және астына салыстыруға бірнеше пиктограмасын қойдым.

Міне, Quadrant Standard-тың нәтижесі. Нәтижесі әсерлі…

Quadrant графигі


Ал мынау, AnTuTu нәтижесі. 6122 бағасын берді. Бұл өте жақсы. Шапшаңдылық жағынан, бәрін жеңуде десек болады, планшеттерді қосқанның өзінде.

AnTuTu


Визуалды құрылғының, ешқандай да кідіру, тоқтап қалу(зависание) дегендері жоқ екен, қайта шапшаң, иә.

Жұмыс істеу уақыты
Батарея сыйымдылығы 2500 мА·сағ, ал осы сияқты экраны дәу Acer ICONIA SMART сыйымдылығы 1500 мА·сағ. Сол сияқты, Nokia N95 8G 1200 мА·сағ. т.б.
Андроидтарда бір танымал кемшілігі ол, энергия тұтынуы.
Яғни мынадай сыйымдылықпен (2500 мА·сағ)естулеріңіз мүмкін, заряды жап-жақсы қолданғанның өзінде 4-5 күнге жетеді. немесе бір аптаға деген сияқты осындай да осындай деген мақтаулар )). Мүмкін, көрейік қанекей…

Батарейка жағдайы және жұмыс істеу нәтижесі менде келесідей шықты.
Басында бір қалыпты қатты қинамай бағдарламаларды ашып қойдым. Жарты сағатта кітап оқып, бірнеше мәрте интернетке кіру, телефонмен сөйлесу, бір сағаттай уақытта навигациялық прогамен отырдым, екі сағаттай әуен тыңдадым(өшірулі экранмен), осы уақыттар үнемі Wi-Fi мен Bluetooth қосулы болды — батарейкасы кешке дейін шыдады, сонымен қатар ток-ы 15% -ға дейін құлады. Бұны енді ескеру керек, біз оны белсенді(активно) қолдандық емес пе. Егер осындай тәртіппен(осындай қолданыспен) iPhone 4 те болған жағдайда, iPhone 4 -те 20%(пайыз) шамасына құлар еді.

Мұндай жағдай бірнеше күнге бақыланды, одан әрі батарейкасы шайқалғандай, токты аз жей бастады яғни батарейка көрсеткіші жай құлай бастады, басында айфонмен теңелген еді, кейіннен одан асып түсе бастады.

Осыдан кейін мен басқаша тестілемек болдым, яғни әдеттегідей бағдарламалар көмегімен. Мені қуантты, тесттің барлық жағдайында(әртүрлі тесттік түрлерінде) жақсы көрсеткіш(нәтиже) көрсетті. Міне көріңіздер.

Аккумуляторды(қаз. шоғырлағыш) AnTuTu бағдарламасында тестілеу. Сымсыз желілердің бәрін қосып, бағдарламаны жібердім стартқа. Бағдарлама процессорды барынша 100 пайызға жүк салып қинап, экранға барынша жарықтықты шығарып, токтын құлағанын яғни заряд таусылуын өлшеуде. Мұндай тәртіппен 5 сағатқа дейін жетті — бұл процессорды барынша қинағандағы және экран жарығы максималды жарқыратқандағы болатын.

AnTuTu Tester


Нәтиже бойынша, 679 жалпылама индексін шығарды. Бұл, батарейканың өміршілдігінің жоғары көрсеткіші. Міне, салыстырмалы диаграммасы.

Салыстырмалы диаграммасы


AnTuTu көрсеткіші бойынша, Galaxy Note -дың Samsung Galaxy S2 және HTC Incredible S -пен салыстырғанда, жұмыс істеу уақытынан біршама көпке шыдайтынын байқадық.

Ал енді, қолмен бірнеше тәртіппен тексергендегі нәтижесі.

1. Интернетте жұмыс істеу.
Wi-Fi қосулы, ал Bluetooth өшірулі, экран жарық шашуы автоматты түрде бапталған, браузерде бір бет ашылған, оны браузер әр бірнеше минут сайын жаңартып тұруда.
Жұмыс істеу уақыты — он сағат.

2. Кітап оқу
Барлық сымсыз желілер(Wi-Fi,Bluetooth) өшірулі, экран жарықтығы автоматты, Ридер бағдарламасында автоматты түрде астыға сырғытылады.
Жұмыс істеу уақыты — он сағат.

3.Бейне
Барлық сымсыз желілер(Wi-Fi,Bluetooth) өшірулі, экран жарықтығы автоматты, ал бейне плеер(Видеоплеер) де кәдімгі кино көрсетуде.
Жұмыс істеу уақыты — он сағат(!). Видеоны(Бейне) қуып келе, тоғыз сағаттан кейін 13 пайыздық ток қалды, таусылуда деген ескертулер шыға бастады. Он сағаттық жұмыс істетуден кейін, оның өзінде 4% -ы қалған болатын.

Бақылау және қорытынды
Арнаулы уақытқа дейін өзіме басты сотка ретінде қолдануға ұстадым: қоңырау шалынды, кітап оқылды, интернет, ойындар т.б. Нәтижесінде, анау айтқандай теріс жерін байқамадым.
Көп қолданушыларда бірденен сұрақ туындайды: Мынадай күректейді сотка ретінде қалай ұстасаң, не сезінер екенсің дегендей. Мен былайша айтар едім. Иә, мына құрылғы сотка ретінде үлкендеу, бірақ қолға ыңғайлы ұсталынады және бір қолмен де қиналмай ұстай аласыздар.
Оны өзіңмен алып жүруге ыңғайсыз, сөйлесу кезінде қолмен ұстағанға да ыңғайсыз.

Бұл модель әрине барлық адамға сәйкес келмейді, бірақ жеке өзіме Galaxy Note ұнады. Былайша өзіме басты телефон ретінде ұстап жүруге жоспарлаудамын. Мейлі кері мен жақсы әсерлері болса да.

Меніңше Galaxy Notе -ты мінсіз деп өзіне таңдау ретінде ұстайтындар олар, өзіне екі нәрсені (планшет пен сотканы) бірге ұстағысы келмейтін адамдарды айта аламын. Өйткені бұл, көбірек планшет ретінде, бір жағынан сотка іспеттес.

Жалпы жаман емес, жақсы, ерекше әрине бірақ өте қызықты…

Ойлаймын, өздеріңізге керекті мәлімет алды ау деп.
Алдыңғы бірінші және екінші бөлімімен танысуды ұмыстпайық.
Құрметпен,
Жарылқасын Берікбол.

2 пікір

Korkem
Тамаша! Ерінбей жазып шыққаныңа рахмет! +1
qyrmyzy
мяяяяяя, мына постты міндетті түрде оқу керек!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.