awpherokiller, туылған күніңмен!!!

Құттықтаймыз! /
awpherokiller , туылған күнің құтты болсын!!!



Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп

Қиналсаң — төз
Жарыссаң — оз
Ойнасаң — ұт
Күрессең — жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімдікүндеме
Ешкімді тілдеме



Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!



Барша айтаберліктердің атынан мына гүлді тарту етемін:



P.S: Осындай гүлді жігіттерге сыйлауға болады деген еді бір флорист
Өлең мына жерден алынды

15 пікір

awpherokiller
Үлкееееен рахмет ;)
ZevsKO
Туған күніңмен! ғаламдағы бар бақытты тілеймін! кеш құттықтап жатсақ ренжімессің!бұл күн анамның туылған күні еді
qyrmyzy
айтаберліктер, тілек айта отырыңыздар
qyrmyzy
awpherokiller, айтабердегі бір қызды вальсқа шақыруыңа болады

Korkem
Құрметтім6 туған күнің құтты болсын
Сол күні төрің сенің досқа толсын,
Соғуы жүрегіңнің ұзақ болып
Ылайым денсаулығың мықты болсын

Білінбей өтсін сенің әрбір күнің
Сезініп әрқашанда бақыт сырын,
Есіңе ал сәтті өткен күндеріңді
Үлгі етіп көргеніңмен білгеніңді

Бақытың өтіп кеткен қайталанбас,
Тек қана қиялменен бақыт қонбас
Бақытты өзің жасап еңбегіңмен
Жалғанды басу керек жеңгеніңмен.

Бақытты болып лайым мәнгі өзің,
Қабыл боп айтылған әр жақсы сөзім
Бақытың, абройың арта берсін
Дәулетің басыңнан тек таса берсін.
Korkem
Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір сәт тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды — оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді — олардың жұлдызы бірсе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын ізгі жандар болса керек. Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады. Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай берсін!
AL-ASTER
Kiler, tughan kun ushin!
dimash

qyrmyzy
мына тортты қалай жейміз???
dimash
Не отставай от ритма )
ZevsKO
не деген керемет құттықтаулар анау смайликтердің билегендері үшін +1
Yasin


Ayat92
Құрметті досым Ерлан туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулык, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысайтын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір озіне ғашық болсын. Сүйгеніне сүрынбей жет, сүрініп қалсан еңбектеп жет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.