Ақ нұрынан Алланың жаралдың ба?!

Құттықтаймыз! /
Сәлеметсіңдер ме, Айтаберліктер! Қымбатты, АКА!

Жылулық бар керемет қабағыңда,
Сұлулық бар ең керек жанарыңда.
Адал анттан айнымас жан құрбым,
Ақ нұрынан Алланың жаралдың ба?!


Туылған күніңмен!!!

Мынау бүкіл Айтаберліктер))): бірінші тұрған — Абылай, сол жақта гүл ұстаған — Қырмызы ялып тұр өзі)), оң жағында мен, менің артымда жүрегі жанып тұрған Кема, менің төбемде Садық, оның қасында Ербол, оның қасында үрлеп тұрған — Майрош, қолын сермеп тұрған Беко, арғы жағында бойы серейіп вообще көрінбей қалған менің Кәмпитім бар, қалғандары көрінбей, жо-жоқ пытапаратқа сыймай қалғандар бар, сені құттықтау үстінде, АКА))))

Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа — гүл, келбетіңе — нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа — жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа — амандық, денiңе — саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың — асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың — гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!


Көңілдерге көрік берсе думан күн,
Жүректерден ағытылар жырлар мың.
Әр адамның бақыты ғой, бақытты,
Жылына бір келетұғын ТУҒАН КҮН!

Өмір бізге әр нәрсені үйретеді,
Кейде бізді жіпке салып сүйретеді.
Кейде салса асықпайтын қиындыққа,
Кейде бізді қуанышқа бөлентеді.
Достарым көп болса көп демеймін,
Барлығы арманына жетсе деймін.
Ақ, адал достарымның арасында,
Сен ойнап күліп жүрсең деймін!

дей отырып, әрдайым бізбен бірге болуыңды тілеймін, жаным!!!

46 пікір

qyrmyzy
АКА, туған күніңмен!!!
AKA
Уау, рахмет Қырмызы! :))) Ерекше алғыс өзіңе, ұйымдастырғаныңа, смс флешмобыңа да. Қатты қуанып қалдым.
qyrmyzy
сен учн го бәрі
mairosh
Ака туған күніңмен. Сары гүл тандадм әдей))))))
AKA
Рахмееет, Майра, қатты қуанттың.
beko
Оһһооо! Қайда тойлап жатыр мыналар десем, осында екенсіңдер ғой! Құтты болсын! Гүлдерді екі қолына құшақтап сидырамай тұрған смайлик.
AKA
Рахмет, Берікбол!
yerbol89
оооо тамаша! Біздің де ыстық тілегімізді қабыл ал. Үнемі жүзіңізден күлкі кетпесін. @}---\\---
AKA
Рахмет, Ербол!
Abylai
ОООО міне міне. ғажап. АКАу туылған күніңмен құттықтаймын. бақыт тілеймін. басын аман, денің сау болсын. Жоғарыда айтылған барлық тілектерге қосыламын. ))
AKA
Рахмет, Абылай!
pari
Туған күніңмен АКА!!!
AKA
Рахмет, Сағыныш!
pari
Туған күніңе сиқыр жасап, гүл сыйлайын тағы да "«адабр-кадабр уввв „“
AKA
Утююю, күЧт!
estetika91


Жаныыым сол АКА туған күніңмееееееен)))
Бақытты бол:)))
Айқын арман, биік мақсат тілеймін!!!
Мына гүлдер сияқты гүлдей жайнап жүре бер:)))
AKA
Рахмееет Назира! Ризамын өзіңе
pari
елгезек үшке дейін! Тағы да туған күніңмен!!!
Abylai
елгезек үшке дейін! ©
=D
AKA
Уаау, керемет!
AL-ASTER
AKA
Рахмет, Нұреке! Сыраның суреті тұрғасын, шетел әні деп ойласам… Күшті!
Manas
АКА туған қүніңмен.Тек Бақытты бол.Мына гул саған!
AKA
Ух ты, рахмет Манас!
Jako
Құттықтауға мен де қосыламын,ТУҒАН КҮНІҢМЕН!!!.. Халқыңның қалаулы, еліңнің елулі қызы болуыңа тілектөспін!
AKA
Әмин, рахмет аға!
dimash
мен неге жоқпын...

Бүгін СЕНІҢ туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай…

АКА, сенің туған күніңді тойлаватрм ))
Korkem
Муахахахах, көрінбей қалғансың ғой Айға қараймын деп....)))))))
dimash
жаман айттың е… ұнамай қалды(((
Korkem
ибай, врач, қашаннан бері менің әзілімді көтере алмайтын болғансың? )))
AKA
Рахмет, Димаш, тойлатқаныңа.
Togzhan
Туған күніңіз құтты болсын!!! Барша Айтаберліктердің (әсіресе Көркемнің)тамаша тілектеріне қосыламын)
AKA
Рахмет, Тоғжан!
Yasin
qyrmyzy
уау, кучтііііі ғой!
AKA
Уау, уау, уау! Керемет, үлкен рахмет Сізге!
AKA
Көп рахмет, Зафар!
AKA
Алдымен, әдеттегідей Көркемге тисіп, ұрсып алайын. Менің суретім не істеп жүриии, бәрі көріп қойды ғҰә?! Мен ұрысқақ, қатал апаймын негізі…
Тааак, мына жазбадағы тілекші достарымның барлығына алғысымды білдіремін. Виртуалды болса да, мән беріп, менімен бірге қуанышымды тойлағандарыңызға көп рахмет. Аллаһ разы болсын! Баршаңызға мен де тек игі жақсы тілектерді арнаймын. Аман болайық, бірге болайық!
AKA
Ааа, Көркемді ұмытып барады екем ғҰ… Ну Сізге деген көңілімді білесіз ғой Виртуалда жолыққан ең жақын құрбыларымның бірі — Көркем, Қырмызы екеуі тағы басқалар бар, бірігіп ұйымдастырған керемет күн, тілек, хаттар үшін үлкеееен алғыс. Жақсы көрем Сіздерді! Ұрыссам да, қуантсам да, күлдіртсем де, ашулансам да, ойнасам да, әзілдессем де түсінетін, қолдайтын өздеріңдей құрбыларымның барына шүкір Аллаһқа. Аман болыңдар, мен сендермен біргемін.
Korkem
Рахмет! мәәәз боп қалдымииии)))
AKA
Мәәә, шо та Кеманы көрмей тұрмын. Құттықтамады ғой, өлең де арнаймын деп еді өткенде…
kema
Туған күніңмен, құрметті Акажан. Кешір кешіккеніме((((
Акаға өлең)))

Әп-әдемі атыңнан айналайын Акажан
Балдай тәтті сөздеріңмен сағындырған.
Уәдеде тұрайын мен енді
Дедім жазам өлең мен саған.


Соңы боп елдің келдім мен құттықтап
Әкелдім шоқ гүлімді саған құшақтап.
Арман, үміт жетелер мені алға
Тұрсынш әрдайым жолыңда үлкен бақ(бақыт)

Кең маңдай, пұшық мұрын, үлкен көз
Төгіледі аузыңнан сымбатты сөз
Ұзын бұйра шаш, қою қара қасың
Жаратыпты сұлу жанды бір Алланың өзі

AKA
Көөөп рахмет, үлгердіңіз. Өлең үшін де разымын, қуанттыңыз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.