Туған күніңмен Месси

Құттықтаймыз! /
Бүгінгі таңдағы планетамыздың ең үздік ойыншысы Лионель Месси 25 жасқа толып отыр.

ТУҒАН КҮНІҢМЕН МЕССИ !!!


Мәлімет

Лионель Андрес Месси (ис. Lionel Andrés Messi; 24 маусымда 1987, Росарио) — Аргентиналық футболшы және «Барселона» командасының шабуылшысы. Месси — 2008 жылы Олимпияда чемпионы, 2005 жылы жастар арасында әлем чемпионы (турнирдің ең үздік ойыншысы мен сұрмергені). «Барселона» құрамында 5 рет Испания чемпионы болды (2004/05, 2005/06, 2008/09, 2009/10, 2010/11). 2007, 2009 және 2010 жж. жылдары Испания чемпионатының ең үздік ойыншы атағын алды. 2005, 2007 және 2009 жылдары Аргентинаның үздік ойыншысы. Чемпиондар Лигасын 3 мәрте женген (2005/06, 2008/09, 2010/11). 2009 жылы Испания чемпионатының сұрмергені, 2008/09, 2009/10, 2010/11 жылы Чемпиондар Лигасының сұрмергені. 2009, 2010 және 2011 жылдары әлемнің үздік футболшысы атағына иегер. 2009 жылы Месси Еуропаның үздігі атанды. 21 желтоқсан, 2009 жылы Месси «Бриллиант добының» иегері атанды. 2012 жылы 7 наурызда өткен Барселона — Байер Леверкузен Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының жауапты ойнында 5 гол соғып, турнирдің плей-офф кезеңінде бір ойншымен соғылған доптар саны бойынша жаңа рекорд қойды.Және 3 алтын доп иегері


Өмірбаян

Месси 1987 жылы 24 маусымда Росариода дүниеге келген. Әкесі – Хорхе Месси, анасы – Силия Месси (қыз кезіндегі тегі – Кусситини). Оның атасы Анджело Месси 1883 жылы Италияның Анкона қаласынан Аргентинаға көшеді.
Оның Родриго мен Матиас атты екі ағасы жене Мария Соль атты апасы бар. Месси футболды өз әкесінің Грандоли клубында 5 жасынан ойнай бастайды. 1995 жылы Месси «Ньюэллз Олд Бойз» командасына көшеді. 11 жасында Лионельге соматотропин (өсу гармоны ) жетіспеушілігі диагнозы қойылады. «Ривер Плейт» командасы оған қызығушылық көрсеткенімен, оның емдеуіне жеткілікті қаражат таппады. «Барселонаның» спорттық директоры Карлес Рексач Мессиді 13 жасында байқаған соң жас дарын оған қатты әсер етеді. Сондықтан ол клуб басшылығынан, Мессиді және оның отбасын Испанияға көшіріп әкелуі мен сырқатын емдеуге, қаражат бөлетін келісіміне қол жеткізді. Содан бері Месси «Барселонаның» жасөспірімдер құрамында ойнай бастайды.

14 пікір

Korkem
Ибәй-әй құтты болсын!
AKA
Нұрсұлтанның алдын орап кетіпсің…
rauan
кішкентай ғой ол…
AKA
Иии, кішкентай болса да жап-жақсы бала ғой. :) Кеше ол да жазам деген, сосын ғой айтқаным.
rauan
=D… енді қапа болмайды деген ойдамын ))
Nursultan2002
Жазып қойдым. Рауан құттықтау қайда? Менде құттықтау бар!
rauan
Ол бәрі бір бұл жазбаны көрмейд та ғоо) сол үшін не қылам дедім…
AKA
Пападес! :)
Nursultan2002
Пападес деген не?
AKA
Папасының керемет баласы деген ғой :))
rauan
әйтеуір доп жұлдыздарының ішінде жібі түзуі — Лео. әлде маған ғана солай көрінеді ма екен?
жоқ… бүкіл әлем осылай ойлайды деп ойлаймын..Әрине КриРо жанкуйерлерінен басқа
MSHERIMBEK
КриРоның жанкүйерлерінен -4 соққы алыпсың)
qyrmyzy
АРБ! Месси осыны білсе ғо, шіркіннің…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.