Туылған күніңмен, Зафар!
Шын жүректен айтамын мұны саған,
Жоламасын тағдырдың мұңы саған.
Ісің сәтті, өмірің тәтті болып,
Жауа берсін Алланың нұры саған. ©



Алла жүрегіңе нұрлы сезім, көңіліңе аппақ ниет нәсіп етсін. Төңірегіңнен бақ-береке, ынтымақ пен денсаулық, жақсылық пен молшылық орын алсын!
Өмірдің әр қырынан іздер арай,
Бақыт құсы самғасын саған қарай.
Он сегіздің асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басқайсың жүзге қарай! ©




Пы/сы: Басқаларды қайдам, өзім жанымдай жақсы көремін сені!

26 пікір
ОООх, керемет қымыздар екен иә?
Он сегіз мың ғаламды табындырған он сегіз,
Үлкендерге жас күнін сағындырған он сегіз,
Бәрін — бәрін сезімге бағындырған он сегіз,
Сенің үнің құралған арын жырдан, он сегіз.
Жапырақ мінез, жел қөңіл, алып ұшпа он сегіз,
Дүниені ізгі деп, танығыш та он сегіз.
Біреуге жаз, біреуге сағыныш та он сегіз,
Жанарлардан үздіксіз жалын ұшқан он сегіз.
Жауынымен, дауылмен қуаттаған он сегіз,
Бастау алған мөп-мөлдір бұлақтардан он сегіз.
Адамзаттың ары боп тұрақталған он сегіз,
Асарына сенетін әлі-ақ қырдан он сегіз.
Биік-биік армандары қанат қылған он сегіз,
Асау мінезді өмірге жараттырған он сегіз.
Жұмылмаған жанармен таң аттырған он сегіз,
Сағынамыз өзіңді біз бүгінде, он сегіз!
Ерке мінез, наз қылық, сұлу мүсін көрсе қыз,
Талай ерлік жасаған жігіт біткен, сенсеңіз.
Маусымың мен мінезің қуанасын келсе егіз,
Тіршіліктің көктемі – он сегіз!
************
Мәңгі он сегіз