Конституция күнімен және білім күнімен құттықтаймыз!

Құттықтаймыз! /
Құрметті Айтаберліктер сіздерді 30 тамыз Конституция-Ата заңымыздың қабылданған күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Біздің Елбасымыз «Біздің басты парызымыз Конституцияға ұқыпты қарап, өз елімізді, тарихымызды қалай құрметтесек, оны да солай құрметеуіміз қажет»-деседі.«Конституция» — латыншадан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы.Ата Заңымызға 17 жыл толуымен құттықтаймын! Баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға береке, бақыт тілеймін! Еліміздің азаттығы мәңгілік болсын!



Азат елдің ар-намысы — Ата Заң!

Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.

Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей өсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!
(Авторы: Айбатыр Сейтақ)



Сондай-ақ 1 қыркүйек білім күнімен баршаңызды құттықтаймын! Баршаңызға ұшқыр білім тілеймін! Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Білім қоңырауы

Күз келіп сары бояумен
Тастапты жонын қыр сырлап.
Естілді маған, ояу ем,
Қоңырау үні сыңғырлап.

Құстардай қайта оралар
Жарасып сазды бал әні.
Мектепке беттеп балалар
Асыға басып барады.

Құшағы толып гүлдерге,
Қуаныш нұры шалқиды,
Құлақты түрсең үндерге,
Шертілген лебіз сан қилы.

Сағынған ұя-мектепті,
Балалар түгел шадыман.
Үйретер үлгі тек текті
Шықпайды ұстаз маңынан.

Думан ғып мектеп маңайды…
Бір-бірін айтпай түсініп,
Мейірімен күле қарайды,
Ұстазға гүлін ұсынып.

Алаңды шаттық кернеген,
Білінбес кейіс бірінде.
Арманға құлаш сермеген
Ұландар құштар білімге.

Күн де ашып шайдай қабағын,
Тыныстап тұрды жарқын жүз.
Бастады білім сабағын,
Қоңырау қағып Алтын күз.
(Авторы: Естеу Нүсіпбеков)

P/S: Ерте жазып қойсам кешірім сұраймын! Шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймын! Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!

19 пікір

Ais_97
рахмет өзіңіз де ізгі табыстарға жете беріңіз!
dimash
Жақсы жазба екен, жарайсың!
AKA
Тамаша өлеңдер таңдапсың, ұнады! Копипастқа жақсы екенсің, сол да қуантты. Сабақ басталды, Аллаһ бәрімізге сана, білімге құштарлық пен күш-қуат берсін!
Ais_97
рахмет Ақнұр!
pari
Құтты болсын! Конституция күні ертең емес пе еді? Мен күшті қылып пост жазып қойып едім қап…
Ал, оқушылар барлықтарыңызды Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сабақтарыңды 4-5-ке оқыңдар! Апайларыңды ренжітпеңдер! Тек ізденіске ұмтылыңдар! Ата-аналарыңның үміттерін ақтап, қалаған мамандық иесі болыңдар! ЕНді сабақ басталғанда виртуал әлемге кіру азаяды…
Ais_97
Тілегіңе рахмет, дұрыс айттың!
Togzhan
Тілегің жақсы-ақ екен)
ЕНді сабақ басталғанда виртуал әлемге кіру азаяды…

Керісінше ме деп қалдым:)
Ak123
күшті қылып
Togzhan
Ал, құтты болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Болашағынан үміт күттіретін білімді жастар көбее берсін))
Ais_97
рахмет, айтқаның келсін!
тәйт, ең ұзағы нес)) тез-тез басталып, тезімен бітсе екен))
ой, мынау одан өткен сорақы ғой, а))) рахмет ниетіңізге, оқимыз әлі((
banzaika1990
тез-тез басталып, тезімен бітсе екен
— деп жүріп бәрін бітіріп тастап істерге қара таппай жүрген жоқпыз ба, одан да мектептегі бір тоқсан бір жылға созылғаны жақсы сияқты ма дим
осыны бірнеше жылдан кейін де айтатынымыз анық-ау))
banzaika1990
мектеп өмірі қайтіп келмейтіндіктен бірнеше жыл емес бірнеше мың жыл айтармыз-ау бұйыртса)))))))
дұрыс, және қазіргі кез де қайта келмейтінін ескерсек, өткенге — салауат деп, армансыз жатып алған жақсы))
Менің Ата Заң туралы өлеңімді жариялағандарыңызға көп рақмет! Алайда, көшіріп жазғанда бір қате кетіп қалыпты. 6-шумақтың екінші жолында "әсер" деген сөз "өсер" деп қате жазылыпты. Соны «Тікелей әсер еткен ғұмырына» деп дұрыс жазылуын және дұрыс оқылуын өтінемін. Құрметпен, Айбатыр Сейтақ, АСТАНА. 8-775-628-1000;
ulzhankzz
құтты болсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.