Туылған күніңмен, Сақалым!

Құттықтаймыз! /



Мен алғаш көрген Сақал осындай еді… 2011 жылғы блогқұрылтайда алғаш танысып едік. Шынында, блогқұрылтайға дейін виртуалда таныс едік, анығын айтсам, танитын едім сырттай. "Қарасақал" — әдемі ник! Жазбаларын, пікірлерін оқып, қайдағы… көз алдымызға үлкен қара сақалды кісі елестейтін. Шәйнек кезім.

Осы 2011-жылғы құрылтай блогосфераға жұтып әкетті бәрімізді. Енді, міне, құйынында біргеміз. Әрқашан! Жақсылықта да, жамандықта да, қуанышта да, қкінішті кездерде де…



Қарасақалмен алғаш түскен фотик. Ұялып, майысып дейсің ғой… Қазір бір-бірімізге асылып түсетін шығармыз. Не деген честь! Қарасақалмен фотоға түсу… осылай танысып едік. Ара тұра маңдайымыз жазған «Ситиде» кездесіп тұратын ек… Кездер-ай… Демеуші достарың, қолдайтын достарың көөөп болсын!



Мынау 2012 жылғы блогқұрылтайда түскен фото. Өзі Малайзияда жүрсе де, жүрегі бізбен :) Қайда жүрсек те, қашан да бірге болайық.






Мынау жазда Қозы екеуі Алматыға келген кезде. Ужы басталды дейсің ғой... Өзгерген Сақал… стилі… Қанша өзгерсең де, жақсы жақа өзгерші, досым. Осы мейірімді қалпыңда қалшы…



Жазда Шымкентке барған кезім. Жиналып, біраааааз қыдырып ек. Бүгін бізде қос қуаныш, қос той: бірі — досым, сырласым, Сақалым — Қарасақалдың және кравасЧег, ақылды, болашақ хекер, інім — РауанЧегтің туған күндері!



Жәндерім сол, туған күндерің құтты болсын! Дендерің сау, өмірлерің ұзақ болсын! Алла барлық тілектеріңді қабыл етсін әрқашан. Мақсаттарыңа, армандарыңа жете беріңдер. Армандарың адастырмасын бастысы! Арамызда күліп — ойнап, еркелеп, қуанышты жаңалықтарыңмен сүйсіндіріп жүре беріңдер! Достарың, ниеттес, тілектес достарың көп болсын. Ауырмаңдар, мұғаймаңдар! Позитивті көңіл-күй жасасын! Қиыншылықтың бәрі, проблемалардың бәрі сендерден алыс жүрсін. Жандарыңа жақын, ішкі әлемі сұлу қызды жолықтырып, әдемі отбасы болуларыңа тілектеспін. Сыйластығымызға сызат түспесін. Сендерді жақсы көрем!





Ал, енді өз қолыммен торт жегізейін :)

17 пікір

Korkem
qyrmyzy
ана фейерлерді жағуға ұанша уақыт кеткенін білесің ғой:)
m170785
бір дүркіретіп жасау керек қой
dimash
Туылған күніңмен, Садық братан.
Әлемдегі барлық жақсы тілектерді тілеймін!
zhomart
Аман болыңыздар, тағы құттықтағанның айыбы болмас, Садық, Рауан жүздеріңзден нұр шашып жүріңіздер!
didi0393
tugan kuninmen kuttuktauga,jaksy tilekter tileuden jalykpaimyz) ewe raz s dnuhoi tebya Sadko))) bakytty bol.ALLAnyn nury jausyn!
bireuler sekildi Wala tuylmapsyn aiteuir,epti))))
didi0393
Rauan tugan kuninmen! Agalaryn sekildi jetistikterge jete ber)))
Delfina

Садық үшін тортқа 3 күн бұрын заказ бергем, міне алып келді. Келіңдер))

Ал мынау Ақтөбеден сыйлық, кешкісін асықпай ашып қарарсың)
sultan_yerkebulan
Туылған күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
eerkinuly
Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.мен сендерге дал осындай махаббат тілеймін, Алланың нұры жаусын,
AKA
Құдоооооооооооооооой, бере салған өзі © Автоответчикпен сөйлесуге мәжбүр болдық енД. Садық туралы ештеңе айта алмаймын, себебі сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өмірімде осылай жүрегі мен санасы таза жұмыс істейтін, жақсылығын сөзбен де айтып жеткізе алмайтын екі-ақ адамды кездестіргем. Бірі өзіңсің! Көз тимесін, көзмоншақтан тағып жүрш :))
Kan
Сақалды деп еркелеткеніңізге қарағанда керемет дос екендеріңізді аңғардым.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.